Жұмыстың мақсаты. Бейорганикалық заттардың сұйық экстракциясымен танысу – бір, көп сатылы жəне қарсы ағынды экстракция.
Жұмыстың тапсырмасы. Процесті жүзеге асыратын өнер- кəсіпте кеңінен қолданылатын қондырғылармен танысу жəне ерекшеліктері мен қолдану мақсатын анықтау: гравитациялық, роторлы-белдемелі, пульсационды, жəшікті, ағынды, ортадан тепкіш экстракторлар.
Жұмыстың мазмұны.
1-тапсырма: Келесі есептеу теңдеуін қолданып бейоргани- калық заттардың жалпы жəне мақсатты компоненттерінің қарсы
ағынды экстракциясының материалдық балансына алдын ала есептеу жұмысын жүргізу жəне танысу:
GF + GS = GR + GE GFXF + GSYS = GRXR + GEYE,
мұндағы: GF + GS = GR + GE – бастапқы қоспаның, экстрагенттің, рафинаттың жəне экстрактының массалық шығыны, кг/с; XF, YS, XR, YE – ондағы мақсатты компоненттің массалық үлесі, бірлік үлес.
33-суретте қарсы ағынды экстракция процесіндегі құрамының өзгерісі көрсетілген.
33-сурет. Қарсы ағынды экстракция процесінде фазалар құрамының өзгерісі:
а – экстрагент құрамында бөлінген YS заты бар, б) таза экстрагент (YS )= 0
тапсырма: Қарсы ағынды экстракцияның қондырғысының жұмыс істеу режимімен танысу жəне KYV масса тасымалдаудың көлемдік коэффициентін анықтайтын жəне hОЕ тасымалдау бірлігін 34-суретте көрсетілген қондырғының сипаттамасы бойынша есептеу жұмыстарын жүргізу.
Экстрагент – трибутилфосфат (ТБФ) жəне фосфор қышқылы- ның сулы ерітіндісін бөлу өздігінен ағып 1,2 екпінді бактарға келіп түседі, содан кейін 3,4-ротаметр арқылы 5 роторлы-белдемелі
экстракторға келіп түседі (34-сурет). (ТБФ) экстрагенті экстрактор- дың төменгі жағынан сифонды түтік арқылы 12 қабылдағышқа жиналады, ал экстракт – фосфор қышқылының сулы ерітіндісі экстрактордың жоғары жағынан шығады.
Сұйықтың шығыны ветил арқылы реттеліп отырады.
Бастапқы қоспаның үлгісін алу жəне рафинат үлгілер арқылы жүргізіледі. 11 бак экстрагентті сақтаушы, 12-бак – бөлуге арнал- ған сұйықтар қоспасының сақтаушысы қызметін атқарады. 1,2- екпінді бактар ағынды түтіктермен қамтамасыз етілген.
Барлық бактарда деңгей көрсеткіштер болады. Экстрагент- тер жəне бөлуге арналған қоспалар 10 жəне 13 сорғыштармен тасымалданады. Бактар мен колонналарды толтыру барысын- дағы ауа атмосфераға шығарылады.
тапсырма. Есептеу нəтижелерін өңдеу жəне өткізу есебін дайындау.
Зерттеліп отырған жүйенің физикалық қасиетін анықтау:
Н3РО4 – су – ТБФ
а) Трибутилфосфаттағы судың ерігіштігін;
б) Су-ТБФ-ДНзРО4 жүйесінде фосфор қышқылының сулы фазада жəне экстрагенттегі таралу коэффициентін:
в) Экстрагент тығыздығы жəне сулы фазасын.
Достарыңызбен бөлісу: |