Пікір жазғандар


Өнімнің бəсекелістік артықшылығы



бет62/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Өнімнің бəсекелістік артықшылығы


Жобаны жүзеге асыруға қымбат құрал-жабдықтар талап етіл- мейді. Шығарылған газдарды ұстап қалу мен гипс алу сатысында ЖЭС шығатын газдарды тазалау цехында қолданылатын эмульга- торларлы ыдыстар пайдаланылуы мүмкін. Бетон алу сатысында қарапайым бетон араластырғыштар қолданылады.
Осы жоба бойынша бетон алудың бəсекелестік ерекшелігі төмендегідей:

  • көптеген компоненттердің (гипс, көмір тозаңы, құм, ізбес жəне цементтен басқа қалдықтар негезінде алынған) бағасының арзандығы;

  • су, энергия, материал шығыны аз.

Бетон сұранысы жоғары құрылыс материалдарының бірі. Сон- дықтан бетонды саудаға шығару ешқандай қиындық туғызбайды. Бұл жоба бойынша бетонның өзіндік құны нарықтағыдан 1,5-2 есе төмен.





29-сурет. ЖЭС станциясынан шыққан газдарды тазартудан алынған бетонның технологиялық сызбасы












30-сурет. ЖЭС шығарылған газдарды жоғары октанды дизель отынына
синтездеудің сызбасы

5-тапсырма.


Жұмысты өткізу мазмұны төмендегідей болады:

  • қондырғы сызбасы;

  • тəжірибелік жəне есептеу мəліметтері бойынша графикалық тəуелділіктің кестесін тұрғызу;

  • ұсынылған жоба бойынша өнімнің бəсекелестік артықшы- лығына сипаттама беру;

  • бақылау сұрақтарына жауап беру.

  1. Алматы қаласына тəн ЖЭС шығатын газдардың құрамын атаңыз.

  2. ИЗА мөлшері жоғары болатын Қазақстанның алғашқы 3

қаласын атаңыз.

  1. ЖЭС шығатын газдардың негізінде көміртек қышқылы- ның түзілуінің стехиометриялық теңдеуін жазыңыз.

  2. ЖЭС шығатын газдардың негізінде азот қышқылының түзілуінің стехиометриялық теңдеуін жазыңыз.

  3. ЖЭС шығатын газдардың негізінде күкірт қышқылының түзілуінің стехиометриялық теңдеуін жазыңыз.

  4. ЖЭС шығатын газдарды тазартудың 1-нұсқасының физика- химиялық артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз.

  5. ЖЭС шығатын газдарды тазартудың 2– нұсқасының физика- химиялық артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз.

  6. ЖЭС шығатын газдарды утилизациялаудан алынған өнімнің бəсекелестік артықшылығын санаңыз.

  7. ЖЭС шығатын газдарды ДМЭ қайта өңдеуді жүзеге асыру үшін жаңа катализатор ұсыныңыз.

  8. ЖЭС шығатын газдарды тазартудың 3-нұсқасының физика- химиялық артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет