Пікір жазғандар



бет58/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

ЖЭС шығатын газдарды толыққанды екіншілей өнім ретінде пайдаланудың экотехнологиясы


Кіріспе
Бүгінгі таңда бүкіл дүние жүзінде табиғи ресурстарды қол- дануға үлкен назар аударылып келе жатыр. Мұндай мысал біздің елімізде айқын байқалады. Таибиғи ресурстарды рационалсыз қолдану нəтижесінде Қазақстан жерін табиғи жəне тұрмыстық қалдықтардың қоймасына айналдырып бара жатыр. Қазақстанда ресурстарды екіншілік қолдану процестеріне назар аударылмай келе жатыр. Ұқсас өнімдер шығаратын шетел кəсіпорындарымен салыстырғанда Қазақстан кəсіпорындарының шығаратын қалдық- тарының мөлшері бірнеше аса артық болып отыр. Бұл əсіресе инфрақұрылысы айтарлықтай жоғары дамыған Алматы қаласында айқын байқалады.
Алматы қаласының қалыптасқан жағдайы бойынша экология- лық қауіп тудыратын ЖЭС болып табылады. Олар жыл сайын атмосфераға келесі мөлшердегі полютанттарды бөліп шығарады:
SO2 – 4500 т/жыл NO2 – 3700 т/жыл NO – 600 т/жыл CO – 800 т/жыл

Көмірлі шаң-тозаң – 3500 т/жыл (құрамында 30%-дан 70%


дейін SiO2 бар)
Осыған байланысты 2008 жылғы қараша айындағы мəлімет бойынша Алматы қаласының атмосфералық ауасы еліміздегі ең қатты ластанған аймақ болып есептеледі.
Алматы қаласының қоршаған ортасын полютанттардан (ласта-
ғыштардан) қорғау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Қоршаған ортаға тасталынатын қалдықтардың санын азайту.

  2. Ластағыштарды екіншілік өнім ретінде қайта өңдеу.

Бұл мəселені шешу қалдықтар мен оларды қайта өңдеу өнім- дері басқа өнеркəсіптің шикізаты болып табылатындай тазартудың технологиялық сызбасын жасаумен байланысты болады.
ЖЭС шығатын газдардың улылық дəрежесінің жоғарылығы сондай, оған жұмсалатын шығын да өте ауқымды болады.
ЖЭС шығатын газдарды утилизациялауға арналған көптеген ғылыми əдебиеттерде шығарылған газдардағы қауіпті заттарды ұстап қалу өте қымбат эмульгаторлармен жүзеге асырылатын- дығы қарастырылады. Олар ЖЭС шығатын газдарды улылығы төмендеу қатты өнімдерге айналдырады. Мұндай күрделі эколо- гиялық мəселені шешу ЖЭС шығатын газды толыққанды екін- шілік өнімге айналдыруды көздейді. Бұл жеке қаланың да, жеке мемлекеттің де өзекті мəселесі болуы тиіс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет