Пікір жазғандар



бет54/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Минералды тыңайтқыштар нарығындағы тұрақсыздық күйіне мысалдар





Аталуы

1999 ж.,
1-жарты жылдық

1998 ж.,
1-жарты жылдық

Өсу темпі, %, 1999 ж. 1-жарты жылдығынан 1998 ж. 1-жарты
жылдығына

Аммиак

65992

132856

49,7

Карбамид

85013

114300

74,4

Аммиак селитрасы

72181

85166

84,8

Аммоний сульфаты

7190

9991

72

КАС

14981

15512

96,7

Азот тыңайтқышы

245357

357825

68,6

Аммофос

99298

108759

91,3

Диаммофос

94851

48338

196,2

Азофоска

112585

103583

108,7

Басқа NP

22937

15142

151,5

NPK

112629

104323

108

Күрделі тыңайтқыштар

442300

380145

116,4

Калий хлориді

226414

200983

112,7

Барлығы

914071

938953

97,4

Осы бағыттағы барлық қадамдар атқарылып қойылған. Ғы- лымның, білімнің жəне өнеркəсіптің негізгі формасының тетра- циясын қамтамасыз ететін технологиялық парктер құрудың негізгі мəселелері қойылған. Ғылымға, заманға сай өнім шығаруға бағытталған шағын жəне орта бизнесті қолдау шешімі қабылданған.


Қазақстанда фосфат шикізатын өңдеумен дəстүрлі түрде айналысатын салада бүгінгі таңда қоршаған ортаның фосфатты тыңайтқыш өнімдеріне қайта өңдеудің қатты жəне сұйық қал- дықтармен техногенді ластануы байқалып отыр. Тараз қаласы- ның регионында жай жəне күрделі тыңайтқыштар өнеркəсібінің көп тонналы қалдықтары жинақталған (фосфогипс, шлам жəне т.б.). Бұл қалдықтарды ашық ауа бассейнінде сақтау – ауа бассейнінің ластануына алып келеді. Зиянды заттардың жер асты жəне жер беті суларының ластануына, жинақталған қоры пайдалы жер аудандарының жылуына алып келеді.
Фосфогипсті қайта өңдеу процесін зерттеу дүние жүзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты болып табылады. ББҰ Еуропалық комиссиясының химиялық өнеркəсіп бойынша комитетінің фосфогипсті қолданудың болжамы бойынша бүкіл дүние жүзінде алынған фосфогипстің 98% қоймаларға жинақта- лып немесе теңіздерге лақтырылады, тек шамамен 2% ғана қол- данылады (2000 жылғы мəлімет бойынша). Фосфогипсті қол- данудың негізгі бағыттары: ауыл шаруашылық (тыңайтқыш пен тұздар өнеркəсібі үшін), цемент өнеркəсібі (гипстік байланыс- тырғыштар жəне одан жасалатын бұйымдар өнеркəсібі үшін), күкірт қышқылы өнеркəсібі үшін жəне т.б. Оны толық қолдану мəселесі оны күкірт қышқылына немесе цементке қайта өңдеу жолымен шешілуі мүмкін. Фосфогипсті күкірт қышқылына жəне цементке қайта өңдеу процесі Мюллер-Кюн процесі деп атала- тын табиғи СaSO4 қайта өңдеу процесіне ұқсас. Ол 1916 жылы
J.C. Fabbenindust фирмасында іске асырылған.
Фосфогипстің əр түрін, соның ішінде Қаратау фосфоритін қайта өңдеу технологиясының фундаментальды зерттеу анализ- дері, бұл идеяның қызықтылығына қарамай фосфогипсті күкірт қышқылына немесе цементке толық қайта өңдеу көп капитал- дық жəне энергетикалық жағынан тиімсіз екендігін көрсетті. Фосфогипсті күкірт қышқылына жəне цементке қайта өңдеу процесі тек күкірт қышқылының басқа өндіру түрлері өте қым- бат болған жағдайда тиімді болып табылуы мүмкін.
Қазақстан топырақтарының 1/3 бөлігі химиялық мелиора- цияны қажет ететін қышқылдық топыраққа жатады. Қышқыл- дық топырақтың ауданы жылдан-жылға артып отыр. Қышқылды жəне сортаң топырақтарды химиялық мелиорациялау кең тара-
ған. Химиялық мелиорацияның мағынасы айдалған жер қабатын сутек, алюминий жəне натрий иондарын алмастыруды қамтама- сыз ететін кальциймен байытылады. Осының нəтижесінде қышқылдық жəне сортаң топырақтың қышқылдығы төмендейді, құнарлығы артып топырақтың физика-химиялық жəне су- физикалық қасиеттері артады, егілген дақылдардың өнімділігі артады. Қышқылдық топырақ туралы алынған мəліметтерден кейін топыраққа кальций мөлшеріне терең анализ жасалуы тиіс. Кальцийдің миграциялану процесін дұрыс түсіну үшін топы- рақтың құнарлығын арттыратын бұл процестерді өз уақытында реттеп отыру қажет. Қышқылды топырақтың құнарлығын арттыру үшін кальцийдің негізгі көзі сүт өнімдерінің ізбесі жəне кейбір өнеркəсіп қалдықтары болып табылады [3-5].
Ізбес материалдарының қоспасы бар отандық фосфогипс қышқылдық топырақты мелиорациялау үшін қолданылады. Бірақ Қазақстанда қышқылдық жəне сортаң топырақтардың кө- бейіп кеткендігіне қарамастан оларды фосфогипспен мелиора- циялау осы кезге дейін шешілмеген. Ол көпшілігімен ұйымдас- тырушылық, техникалық, экономикалық, экологиялық жəне əлеуметтік сипаттардың əсер ету факторларына байланысты болады.
Қазақстан ғалымдары фосфогипсті кальций құрамды мелио- рантқа регенерациялаудың технологиясын зерттеген [6-10].
Бұл ұсынылған технология бойынша фосфорды қайта өңдеу өнеркəсібінің екі ірі көптонналы қалдықтары – фосфогипс жəне фосфор құрамды ағызынды су белгілі бір деңгейде қайта өңде- леді. Мұндай өңдеудің нəтижесінде құрамында Р2О5 мөлшері 25,5-30% болатын кальцийге бай өнім алынады. Ол химиялық мелиорант ретінде қолдануға ұсынылады.
Химиялық мелиорант алудың принципиалды технологиялық сызбасы 24-суретте көрсетілген. Ұсынылған əдістің техника- экономикалық бағасын беру бірден бірнеше факторды есептеуді талап етеді.
Олардың біріншісінің өзіндік экономикалық табиғаты бар жəне ол соңғы өнімді реализациялау табыстарының қатынаста- рымен жəне өнеркəсіпті ұйымдастырудың капиталдық шығыны- мен анықталады. Кəдімгі экономикалық есептеулерде бұл топқа қарастырылып отырған өнеркəсіптің шикізатына кеткен шығын енгізіледі. Жоғарыда айтылып өткендей ұсынылып отырған
технологияның шикізаты фосфор өңдеу өнеркəсібінің екі ірі көп тонналы қалдықтары жатады: фосфогипс жəне фосфорқұрамды ағызынды су.


Фосфогипс


Ұнтақтау Ұнтақтың 1 –
шығу көзі
Ізбес сүті
Гидролактар
Ұшқыш заттардың екінші көзі
Газдар


Атмосфера

Қож


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет