Пікір жазғандар



бет53/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Су – қоршаған ортаны қорғау шараларына кеткен шығын- дарды ескерген халық шаруашылығының толық шығыны;
Rу – қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізуде жеткен жетістіктердің нəтижесі;
Rх – қоршаған ортаны қорғау шарасы қарастырылмаған жағдайда алынған нəтиже.
Белгілі қиындықтарға байланысты қоршаған ортаны қорғауға кететін шығындар əлі де шешілмеген жəне оны есептеу əдісі де жоқ. Ұсынылып отырған технологияның нəтижелігіне тікелей экономикалық бағалау беру кезінде қосымша қиындық факторын туғызатын минералды тыңайтқыштар нарығының спецификасы болып келеді. Бұл бүкіл əлемде де жəне кеңес одағындағы мемлекеттерде де солай болған.
Сондықтан, ондай технологияны ендіру жұмыстарын жүр- гізу айтарлықтай капиталдық шығындармен қатар жүреді. Бұл шығындар тек ұзақ уақыт аралығында ғана өтелуі мүмкін.
Минералды тыңайтқыштар өнеркəсібінің капиталдық шығы- нының өте үлкен екендігін айта кеткен жөн. Мысалы, аммиак жəне карбамид өнеркəсібінің заманауи кешені 300-500 млн дол- ларды құрайды. Бұл минералды тыңайтқыштар нарығындағы күйді ұзақ мерзімге болжаудың жұмыстарын талап етеді. Мине- ралды тыңайтқыштардың баға динамикалық анализі, минералды тыңайтқыштар бағасының халықаралық нарықта тұрақты емес екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, тыңайтқыштардың əр түріне конъюнктураның төмен немесе жоғары периоды уақыт бойынша бір-бірімен сəйкес келмеуі мүмкін. Бұл жағдай Ресей- дің минералды тыңайтқыштарды өндірушілерінің алған мəлі- меттерінде анық көрсетілген (1998-1999 жж.) (10-кесте).
Егер калий жəне фосфат тыңайтқыштарының экспортқа шығуы 12,7-16,4% өссе, сəйкесінше азот тыңайтқыштары мен аммиак- тың реализациялануы 31,4% төмендеген. 1999 жылдың бірінші жарты жылдығында минералды тыңайтқыштарды экспорттау- дан түскен табыстың қосындысы 914 млн долларды құраса, келесі жылы сол периодта 2,6% төмендеген.
Қазақстан Республикасындағы минералды тыңайтқыштар өнеркəсібінің халықаралық нарықтағы тұрақсыздық факторы
бұдан да жоғары дəрежеде өрнектелген. Шынында да Қазақстан нарығы Ресей нарығымен өте тығыз байланысқан. Бұл кез кел- ген белгілі əдістердің болжау мүмкіндіктерін одан ары төмен- детеді. Ресейдің ішкі нарығындағы минералды тыңайтқыштардың болжанылмауы бірқатар объективті жəне субъективті фактор- лармен анықталады. Бұл саладағы ҚР ғылыми-техникалық саясаты алдыңғы 5-7 жылға бағдарлануы тиіс. Бұл мерзім өнеркəсіптің алдыңғы қатарлы технологиясын енгізуді қамтама- сыз ететін экономикалық механизмдердің қалыптасуына мүм- кіндік береді.


10-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет