Қосымшаəдебиет Гельперин Н.И., Пебалк В.И., Косанян А.Е. Структура потоков и эффективность колонных аппаратов в химической промышленности. – М.: Химия, 1987. – С. 264.
Дытнерский Ю.И. Обратный осмос и ультрафильтрация. – М.: Химия, 1987. – С.352.
НиколаевН.И.Диффузия в мембранах. – М.: Химия, 1980. – С.232.
Дубяга В.П., Перепечкин Л.П., Каталевский Е.Е. Полимерные мемб- раны. – М.: Химия, 1981. – С. 234.
Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической техно- логии. Москва: Изд. Химия, 1983. – С. 719.
ОмаровТ.Т.,ТанашеваМ.М.Химия и технология соединений бора. –
Алматы: Қазақ университеті, 2002. – С. 127.
Лукин В.Д., Курочкина М.И. Очистка вентиляционных выбросов в химической промышленности. – Л.: Химия, 1981. – С. 232.
ГельперинН.И.Основые процессы и аппараты химичекой технологии.
– М.: Химия, 1981. – С. 812.
Смирнов Н.Н., Волжинский А.И. Химические реакторы в примерах и задачах. Химия, 1986. – С. 242.
Романков П.Г., Носков А.А. Сборник расчетных диаграмм по курсу процессов и аппаратов химической технологии. – М.: Высшая школа, 1989. – С. 387.
№ 3 жұмыс
Ұнтақталған шыны негізіндегі құрғақ құрылыс материалдарыныңэкотехнологиялықөнеркəсібі
Кіріспе Қоршаған ортаға кері əсер ету жəне адамның тұрмыстық қалдықтарды көптеп шығаруы оларды шаруашылық заттар ретінде қайта қолдануда қосымша шикізат көзі болып табылады. Əлемдік тəжірибенің көрсетуі бойынша Еуропа қалаларының тұрмыстық қалдықтары екіншілік шикізат ретінде тазартылып нарыққа дайын өнім ретінде шығарады. Тұрмыстық қалдықтардан алынған екіншілік шикізат экологиялық таза өнім ретінде үлкен
сұранысқа ие.
Бірақ Қазақстанның халық тығыз қоныстанған Алматы сияқты қаласында осы күнге дейін тұрмыс қалдықтарын экологиялық қауіпсіз сақтау мен қайта өңдеудің экологиялық бағдарламалары жоқ. Мұндай бағдарламаның негізгі принципі тұрмыс қалдық- тарының нарығын құру болып табылады.
Шыны ұнтақтары ең ірі қатты тұрмыс қалдықтары болып табылады. Шыны ұнтақтары ешқашан табиғи жолмен бұзыл- майды. Сонымен қатар басқа қатты тұрмыс қалдықтарынан айырмашылығы оның қоршаған ортаға əсер ету мерзімі шекті емес. Шыны ұнтақтарындағы зиянды заттарды шаймалауға бай- ланысты ол қоршаған ортаға жəне тірі ағзаларға қауіпті əсер етеді. Сондықтан шыны ұнтақтары экожүйенің күйіне, əсіресе халық тығыз қоныстанған қалалар мен қатты тұрмыстық қал- дықтар полигондарына кері əсер етеді. Шынының материал ретінде тұрақтылығына байланысты оларды полигондарға орна- ластыру бағасы айтарлықтай төмен болады.
Əлемдік тəжірибе сонымен қатар шыны қалдықтарын сақ- тайтын қоймалардың төлем ақысы жоғарылаған сайын оларды əртүрлі материалдарға, көбінесе құрылыс материалдарына қайта өңдеудің технологиясын құруға итермелейтіндігін көрсетеді. Екіншілік нарықтағы шикізат материалы ретіндегі шыны қалдық- тарының құны бірнеше құраушылардан тұрады. Оған материалды жинау, тасымалдау жəне сұрыптауға кететін шығындар кіреді. Сондықтан тауар ретіндегі екіншілік шыны ұнтақтарының өздік құнының қалыптасуына қуат көзі, екіншілік шикізатты жинау принциптері (жеке немесе бірге), біріншілік шыны қалдықтарының жеке көзі (шыны зауыты), халықтың экологиялық мəдениетінің деңгейі жəне т.б. секілді көптеген екіншілік факторлар айтарлық- тай əсер етеді. Осыған байланысты екіншілік шыны қалдықтары- ның тоннасының бағасы əр елде жəне тіпті бір елдің əр регион- дарында айырмашылықтары үлкен болады.
Екіншілік шыны қалдықтарының бағасының соңғы қалыпта- суына, сондай-ақ материалдың сұрыпталуы мен дисперстілігі əсер етеді. Жалпы практикалық тұрғыдан алғанда құрылған ба- ғалардан тек сұрыпталған шыны қалдықтары нарықта маңызы бар деп есептелінеді. Ал ұсақ фракциялардың, атап айтқанда сұрыпталуы қиын шыны қалдықтары қосымша өнім ретінде бағасының төмендігіне байланысты сұранысқа ие емес.
Бүгінгі таңда Алматы қаласы үшін шыны қалдықтарының бағалығы туралы, яғни саны (күніне, жылына неше тонна) мен сапасы (тұрмыстық шыны) туралы мəлімттер жоқ. Сондықтан Алматы қаласы үшін шыны қалдықтарынан екіншілік материал ретінде тауарлар нарығын құру бүгінгі күннің өзекті мəселесі болып табылады.