Жұмыстың мақсаты. Құрылыс материалдарын алуда бай- ланыстырғыш компоненттер ретінде шыны қалдықтарын қол- данудың технологиясымен таныстыру (бетон, шыны асфальт, пластмасса, плиталық пеношыны, шыныкерамзит, қорғағыш декоративті жапқыштар жəне т.б.)
Жұмыстың міндеті – қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін ең алдымен мына мəселелерді шешіп алу тиіс:
жоюды талап ететін шыны қалдықтарын екіншілік мате- риал ретінде қолданудың принциптерін талдау;
шыны қалдықтарын жинауға, тасымалдауға жəне сұрып- тауға кететін шығындарды анықтау;
тауарлық жəне құрылыстық шыны қалдықтарының саны мен бағасын (бір тоннаға) анықтау;
жұқа шыны қалдықтарын жеткізуші тұлғаларды анықтау жəне шыны қалдықтарын сыртқа шығару туралы келісімшарт жасау;
бетон алуда байланыстырғыш материалдарға шикізат ретінде қолданатын шыны қалдықтарының физика-химиялық қасиеттерін зерттеу;
толықтырғыш ретінде силикатты аморфты байланыстыр- ғыш (шыны қалдықтары) негізіндегі бетон алудың принципиал- ды технологиялық схемасын жасау.
Жұмыстың мазмұны
тапсырма. Шыны қалдықтарын жинақтау, тасымалдау жəне сұрыптауға кететін шығындарды анықтау мен шыны қал- дықтарын жеткізушілермен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу; тауар ретінде шыны қалдықтары қолданылатын тауар нарығын құруға қажетті шығындарды есептеу.
тапсырма. 23-суретте келтірілген технологиялық сызба бойынша шыны қалдықтарын ұнтақтаудың технологиясын зерт- теу.
сурет. Шыны ұнтақты толтырғыштарды алудың технологиялық сызбасы:
1 – шыны қалдықтары; 2 – классификатор; 3 – ұсақ ұнтақтау процесінің ұсатқышы; 4 – ленталық тасымалдағыш; 5 – шарлы диірмен; 6 – центрден тепкіш сепаратор; 7 – шөмішті элеватор; 8 – аэрожелоб; 9 – фракциялық шыны ұнтақтау бункері
Шыны қалдықтарынан қажетті дисперстіліктегі толтырғыш алу ең алдымен диірменнің типіне жəне ұнтақталу ұзақтығына, сондай-ақ, ұнтақталған бөлшектердің түріне тəуелді болады.
Шыны қалдықтарының ұнтақталуының ұнтақталу ұзақтығына математикалық тəуелділігі мына теңдеумен сипатталынады:
у = – 3,5237 + 12, 1768 х -2, 6564 х2.
Ереже бойынша сылақтық құрғақ қоспалар негізгі үш қабат- тан тұрады:
бүрку;
топырақ (дайындау қабаты);
бүркеу (тегістейтін қабат).
Шыны қалдықтары негізіндегі аталған қоспалардың құрамы
кестеде келтірілген.
7-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |