Пікірсайыс, ойын, тренинг технологиясы 15-апта осөж физиканы оқытудағы иновациялық технологиялар пікірсайыс дегеніміз не? Пікірсайыс


ТРЕНИНГ Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг



бет4/6
Дата26.05.2022
өлшемі1,25 Mb.
#145075
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15 апта ОСӨЖ Инов тех

ТРЕНИНГ
Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады.
Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.
Тренинг өткізуге қойылатын талап қандай? Бұл, ең алдымен:
  • - тренингке қатысушылардың қолайлы саны 20-25 адам;
  • - тренингке қатысушылардың көлеміне сәйкес, қатысушылардың өзара белсенді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, «тренингтік шеңбер» бойынша орналастыратын орны бар ғимараттың болуы;
  • - тренингтің кез-келген сабағының басында аталған сабақтың мақсаттарымен және тапсырмаларымен қатысушылардың танысу міндеттілігі;
  • - тренингтің бірінші сабағында «таныстыру» мен «келісім» қабылдау жаттығуларын – топтардың жұмыс істеу ережесін өткізу;
  • - достық қалыптағы сенімді атмосфера қалыптастыру және бүкіл тренинг бойында соған қолдау көрсетіп отыру;
  • - бүкіл тренинг бойында барлық қатысушыларды белсенді араласуға тарту;
  • - әрбір қатысушының сезімдері мен пікірлерін құрметтеу;
  • - тренингке қатысушыларды мадақтау;
  • тренингке қатысушылардың (оқытушылардың) алдарына қойған оқу-жаттығуларының мақсатына, өз пікірлерін таңбай қол жеткізу;
  • тренингтің әрбір кезеңінде тренерлердің уақытша шекті қадағалауын қамтамасыз ету;
  • теориялық материиалдар мен интерактивті жаттығуларды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • тренинг аяқталысымен оның қорытындысын шығарудың міндеттілігі.
  • Тренинг бір немесе бірнеше сабақтан тұрады, олардың ұзақтығы – бір сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

ТРЕНИНГТЕГІ ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ
1.Психологиялық мәселелерді зерттеу мен шешуге көмектеседі
• Психологиялық мәселелерді шешетін топтары (тренингтік топтардың түрлері)
2. Психикалық денсаулықты жақсарту.
• Психикалық денсаулық пен өмірдің сапасын арттыру топтары (тренингтік топтардың түрлері)
3. Қарым-қатынастың психологиялық негіздерін зерттеу.
• Әлеуметтік – психологиялық тренинг топтары
4.Өзін — өзі өзгерту мен мінез-құлықты коррекциялау мақсатында өзіндік санасының дамуы.
• Өзіндік санасын дамытуға арналған тренингтік топтары
5. Тұлғалық өсуі мен өзіндік дамуына ықпал ету
• Тұлғалық өсу топтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет