Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім
беретін қазақ гимназия мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тусупбекова Шынаргуль Корашовна
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Күз»
Сынып : 4 «Б» сынып
Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай Құнанбаев «Күз атты мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік пікірлерін айта білу қабілетіне, көркем сөйлеу тілдерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Айнала қоршаған орта деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Ресурстар: суреттер, флипчарт, фломастер ,маркер ,интербелсенді тақта.
Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау , топтастыру, СТО
Оқыту нәтижесі: Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтеді. «Күз» өлеңінің идеясын табу.
Сілтеме: 4- сыныптың әдебиеттік оқу оқулығы.Авторлары: З.Муфтибекова, К.Алтаева.
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
Модуль
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
I.Ұйымдастыру кезеңі
|
2 мин
ОЖТ
|
Сынып оқушыларын шеңберге тұрғызады.Қазір мына гүлді бір-бірімізге ұсына отырып, мақтау айтып,жақсы тілек жолдаймыз.
Оқушыларды жыл мезгілінің суреттерінің қиындыларын құрастыру арқылы екі топқа бөліп отырғызады.
|
Мысалы мен:
Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Жүзіңнен күлкі кетпесін.Достарың көп болсын.
Оқушылар екі топқа бөлініп отырады.
|
II.Қызығушылығты ояту
|
5 мин
АКТ
ЖЕСО
ОЖТ
Білу
Түсіну
|
«Күз» мезгілі туралы бейнеролик көрсету.
Тапсырмалар:
1.Бұл қай мезгіл
2.Табиғатта қандай өзгерістер болды.
3.Адамдардың ,жануарлардың қандай іс-әрекеттер жасап жатыр?
4.Адамдардың көңіл-күйлері қандай?
5.Бізде қазір қандай жыл мезгілі?
6.Ауа-райында ұқсастық бар ма?
Кім қандай ойда отыр.
|
Бейнероликті мұқият қарау.
Оқушылар жеке ,жұбымен ,тобымен бейнеролик туралы ойларымен бөліседі.
|
III.Жаңа білімді игерту
|
15 мин
АКТ
Қолдану
Талдау
ТжДБО
ОБжК
|
Сендер күз мезгілін осылайша суреттейді екесіңдер? Ал енді Абай атамыз қалай суреттейді екен.
Топтастыру арқылы Абай Құнанбаев туралы білетіндерін еске түсіру.
Мәнерлеп оқыту, минутын өткізу.
Өздік жұмыс беру
|
Өлеңді күзгі табиғатты көз алдына елестете отырып оқыту.
1.Өлеңді қара сөзге айналдырып,әңгіме құрастыру.
2.Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
Өлеңнің тақырыбы:
Кейіпкерлер:
Өлеңнің құрылысы:
А/ Буын саны:
Ә/ Бунақ саны:
Б/ Тарсмақ саны:
В/ Шумақ саны:
Г/Ұқас түрі:
Көркемдік ерекшелігі
|
IY.Сергіту сәті
|
3 мин
|
|
Ырғақты музыкамен би
|
Y.Шығармашылық тапсырма
|
5 мин
Жинақтау
СТО
|
1 топ. Күз мезгіліне сурет салу.
2 топ: Күз мезгіліне байланысты шағын мәтін құрастыру.
|
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды.Жұмыстарын қорғайды.
|
YI.Үйге тапсырма
|
|
Абай Құнанбаевтың «Күз» атты өлеңін жаттау. Абайдың табиғатқа байланысты өлеңдерін мәнерлеп оқу
|
|
YII.Рефлексия
|
5 мин
|
Не білдім?
Не білгім келеді?
Нені түсіне алмадым?
|
Оқушылар стикер толтырады.
|
YIII. Бағалау
|
5 мин
Бағалау
О.ү.б.О.Б
|
|
Оқушылар өзі ,жұбын ,тобын бағалайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |