Тьютор – Ph.D Мамырбаева К. Қ., ғылыми-оқытушылық өтілі – 21 жыл
Пән металлургия өндірісіндегі пирометаллургиялық процестер, пирометаллургиялық жабдықтар және негізгі технологиялар бойынша студенттердің білімін нығайтуға бағытталған.
Пән металлургия өндірісіндегі пирометаллургиялық процестер, пирометаллургиялық жабдықтар және негізгі технологиялар бойынша студенттердің білімін нығайтуға бағытталған.
Курстың құрамына дәрістік және тәжірибелік сабақтар кіреді, дербес тапсырмалар мен металлургиялық өңдеулер кезінде жүретін әр түрлі процестер және құбылыстарды талдау әдістерімен жүргізілетін дискуссиялар қарастырылған.
Пәннің пререквизиттері: Металлургиялық процестер теориясы, Металлургиялық жылутехника.
Пәннің пререквизиттері: Металлургиялық процестер теориясы, Металлургиялық жылутехника.
Пәннің постреквизиттері: Қиын өңделетін металлургиялық шикізаттарды өңдеу, курстық және диплом жұмыстары, жобалары.
Пәннің мақсаты: студенттерге негізгі пирометаллургиялық процестердің, яғни күйдіру, кенді және екіншілікті шикізаттарды балқыту және металдарды тазарту процестерінің технологиялық ерекшеліктері мен аппаратуралық жабдықтары туралы жүйелі білім беру; металдық, оксидті және сульфидті жүйелердің құрылысы мен қасиеттері туралы, тотықты және сульфидті минералды шикізаттарды, тұз балқымаларын өңдеудегі әр түрлі процестер туралы студенттердің білімін тереңдету, студенттерді пирометаллургия мен оны жүзеге асыруға арналған жабдықтардың қазіргі кездегі күйімен және даму бағыттарымен таныстыру, әртүрлі технологияларды сараптамалап бағалау үшін негізді қалыптастыру.
Осы пәнді оқу барысында алынған білім диплом жұмыстарын орындауда және металлургиялық кәсіпорындарда, зерттеу және жобалау ұйымдарында өз бетінше, қызмет жасау барысында қажет болады
Пәнді оқу барысында студенттер:
негізгі пирометаллургиялық процестер туралы білімді;
іске асырылып жатқан және жобаланатын процестерді талдауды;
процесті таңдап алуды негіздеуді;
кендік және техногендік шикізатты өңдеу технологиясын дамыту бағыты мен нақты бір көрсеткіштер мен процестерді болжау мүмкіндігін;
металлургиялық технологиялық есептеулерді орындауды, процестерді таңдап алу дағдыларын
меңгеруге міндетті.
Пәннің құрамына отандық және шетелдік кәсіпорындарының пирометаллургиялық процестері мен жабдықтарының заманауи күйіне талдаулар кіреді, кендерден металдарды бөліп алуда және нано өлшемдегі материалдарды алуды қоса алғанда, қосылған құны жоғары материалдарды алуда пирометаллургияның даму бағыттары қарастырылған.

Пәнді оқу барысында біз елімізде және шетелдерде қолданылатын пирометаллургиялық процестер мен агрегаттарды, металлургиялық процестердің даму бағыттары мен әдістерін талдап, салыстырамыз.
Пәнді оқу барысында Қазақстан мен шетелдердің – Ресей, АҚШ, Жапония, Канада, Австралия және т.б. металлургиялық кәсіпорындарының жұмыстары мен технологиясын бейнелейтін бірқатар техникалық фильмдер мен салйдтарды көресіздер.
Ерекше процесс – «Ванюков процесі» және агрегат – «Ванюков пеші» бірінші рет Балқаш мыс балқыту зауытында салынды және осы күнге дейін қолданылып келеді. Бұл тек мыс концентраттарын ғана емес, қорғасын, никель, сонымен қатар темір кендерін өңдеуге арналған бірегей агрегат.

Конверторларда мыс және қорғасын концентраттарын балқытуға арналған автогенді процесс.
Конверторларда мыс және қорғасын концентраттарын балқытуға арналған автогенді процесс.
Процесс «Қазмырыш» ААҚ қолданылады.
Студент үлкен жетістіктерге жету үшін сабақтардың барлық түрлеріне қатысуға, дәріс конспектісін жасауға, өзіндік тапсырмаларды өз бетінше орындауға, аудиториялық сабақтарда белсенділік көрсетуге міндетті.

Ағымды бақылау студентті күнделікті жұмыс жасауға ынталандыруға арналған.
Студенттің ағымдық рейтингі келесі баллдардан құралады:
сабақтардағы белсенділігі және толық жауаптары үшін;
жеке тапсырмаларды орындағаны үшін;
дәріс конспектілерін сапалы жүргізгені үшін;
оқу сабақтарына қатысқаны үшін.
Аралық бақылау пәннің бөлімдерін зерделеу бойынша студенттердің өздік жұмысының қорытындысын шығаруға арналған. Студенттің ағымдық рейтингі келесі нәтижелерден құралады: топтық және жеке консультацияларға қатысу; жазбаша жұмыстарды орындау; өздік жұмыстары; тесттік тапсырмаларды орындау.
Оқу курсының аяқталуымен, емтихан ретінде қорытынды бақылау жүргізіледі. Қорытынды бақылауға жіберілу рейтингі бақылаудың ағымдық және аралық түрлерінен жиналған балдар қосындысынан құралады.
.
Ph.D докторы К.Қ. Мамырбаеваның ғылыми бағыты – қиын байытылатын мыс, полиметалды кендік шикізаттар мен қалдықтарды, шаңдарды пиро- және гидрометаллургиялық өңдеу.
Диплом жұмыстары кендік және техногенді шикізаттарды өңдеу технологиясын әзірлеуге және негіздеуге бағытталған.