Pisa халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау «Біз әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізуіміз керек»



бет7/7
Дата19.03.2022
өлшемі160 Kb.
#136065
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
ең тиімдісі ?

А. Топтағылардың барлығы жапсырмаларды қолданады.


Б.Бір адамнан басқа, топтағылардың барлығы жапсырманы қолданады. Бұл адам темекіні жапсырманың көмегінсіз тастағынсыз келеді.
С. Қатысушылар өз еркімен темекігні тастау үшін жапсырмаларды қолдану немесе қолданбауларын өздері шешеді.
Д. Кездейсоқ таңдалған топтың жартысы жапсырманы қолданады, келесі топ қолданбайды.

4 сұрақ


А.Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар.
Техника және технология саласының жетістіктері темекі щегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады.
Әр жолда «Иә» немесе «Жоқ » тапсырмаларының бірін айналдыра сызыңыз:

Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады

«Иә» немесе «Жоқ»

Темекі бағасының жоғарлауы

«Иә» немесе «Жоқ»

Никотин тәуелділігінен арылғысы келетін адамдарға көмек ретінде никотин жапсырмаларын өндіру

«Иә» немесе «Жоқ»

Әлеуметтік жерлерге темекі шегуге тиым салу

«Иә» немесе «Жоқ»

PISA тесті оқу сауаттылығы бағытында алдыңғы қатардағы халықаралық сарапшылар қажет деп таныған мектеп түлегінің алған білімін сәтті жүзеге асыруы және шынайы өмірде қолдана алу құзыреттіліктерін белгіледі. Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады.
Мәтін, жағдаят және сұрақ – оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәлімет, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында.
Осылайша «білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығы» бағытында зерттеу әдістемесі тек қана оқуды емес, сонымен қатар адамның мәтінмен қатынасының жеке аспектілерін қарастырады. Бәрінен бұрын, жеке хаттарды оқуды енгізетін өз мақсаттары үшін оқу, көркем әдебиетке қызығушылық пен әртүрлі ақпараттық мәтіндер мен нұсқауларды есепке алады.
Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PISA тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады

Демалыс күндерінің бірі. Барлығымыз серуенге шықтық. Тап-таза ауаны жұтып, құстардың түрлі-түрлі сайраған үндерін естіп, көңіліміз көтеріңкі. Балалар әр нәрсені сұрап, соларға жауап беріп келе жатқан болатыңбыз. Маржан қарағайда шор болып қатып қалған хош иісті шайырдан опырып алып иіскеп тұр. "Әке мына шайырды қарағайға кім жақты?" — дейді. "Балам, бұл шайыр ағаштың өзінен шыққан ғой. Демалуға келген, табиғатқа жаны ашымайтындардың кеселінен болган жара ма, кім білсін. Қалың шөптің арасында жоғалтып алатын болған соң, біреу ағашқа пышақ шанышқан. Пышақты суырып алғаннан кейін, әлгі жараланған жерден хош иісті шайыр ағып, жараны бітеп, емдеген. Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер, - деді әкесі.


Сұрақ 1: Ем
Әкесінің: «Қарагым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс
істемеңдер», - деген сөзді айтуының мәнісі неде?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Сұрақ 2: Ем
Бүгінде заман талабына сай пышақсыз ота жасауға бола ма?
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________

Сұрақ 3: Ем


Ретімен жазып сәйкестендір

Тапсырмаларды күнделікті сабақ жоспарына кіріктіру үшін,PISA тапсырмалары сол сабақ мақсатына бірдей болуы керек. Тапсырманы PISA тапсырмаларынан немесе мұғалім өзі дайындауына болады. Күнделікті сабақ барысында бір тапсырма орындаған оқушының функционалдық сауаттылығы артады.


Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз.
Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі - білімде.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектепте шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты – оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет