PISA нәтижелері қалай бағаланады? PISA-ның әр зерттеу бағыты бойынша халықаралық 1000 балл шкаласы қолданылады. Шкала тест сұрақтарының топтары бойынша деңгейлерге бөлінген. Математикалық сауаттылық бойынша ең төменгі деңгей – 1, жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық бойынша – 1b, ал оқу сауаттылығы бойынша – 1c. Барлық бағыт бойынша ең жоғарғы деңгей – 6.
PISA зерттеуіне қатысушы елдердің бағалары PISA-ның қорытынды есебінде қалай көрініс табады? PISA зерттеуі елдің 15 жастағы білім алушыларынан құралған таңдамалы жиынтығының ғана білімін бағалайды, оны сол елдегі білім алушылардың жалпы білім деңгейін болжау үшін қолданады. Сол себепті әр елге орташа ұпай негізінде нақты орын тағайындау мүмкін емес. PISA тестілеуінің нәтижесінде белгілі бір елдің алатын орнының мүмкін аралығы көрсетіледі (мысалы, 1-орын емес, 1-3-орындар аралығы).