Pisa зерттеуінің басты мақсаты не?


PISA тестілеуінің мемлекеттік емтиханнан қандай айырмашылығы бар?



бет9/57
Дата18.04.2022
өлшемі1,86 Mb.
#139739
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
Pisa зерттеуіні басты ма саты не

PISA тестілеуінің мемлекеттік емтиханнан қандай айырмашылығы бар?
Мемлекеттік емтихан тапсырғанда білім алушының жеке үлгерімі бағаланады, ал PISA нәтижесінде білім алушыға оның жеке үлгерімі туралы ақпарат берілмейді. Тест ондай мақсатты көздемейді де. PISA зерттеуі арқылы белгілі бір елдің орта білім беру жүйесінің деңгейі бағаланады және сол жүйенің халықаралық деңгейдегі болжамды орны анықталады.
PISA тестілеуі кезінде білім алушылардың біреуден көшіріп алуы немесе басқа да айлакерлік әрекеттерге баруы мүмкін бе?
PISA – білім беруді бағалау бойынша әлемдегі үздік халықаралық зерттеу, сондықтан PISA мәліметтерінің дәл әрі шынайы болуы өте маңызды. ЭЫДҰ білім алушының көрсеткіштері қабілеттері мен үлгерімдерін дәл көрсетуі үшін, сондай-ақ көшіру фактілерін немесе өзге де айлакерлік әрекеттерді болдырмау үшін барлық деңгейде қатаң шаралар қолданады.
Айлакерлікті болдырмау үшін тестілеуге дейін, тестілеу кезінде және тестілеуден кейін қандай шаралар қолданылады?
ЭЫДҰ мен елдер арасындағы зерттеуге қатысу туралы келісім бойынша әр ел тест материалдарына байланысты белгілі техникалық стандарттарды қамтамасыз етуге міндетті. Ол үшін тестілеуге қатысты барлық материалды қауіпсіз қабылдау, өңдеу, сақтау және тесттің өзін қауіпсіз басқару туралы нақты нұсқаулықтар құрастырылған.
НӘТИЖЕЛЕР
PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелері қызығушылық танытқан кез-келген адамға қолжетімді ме?
PISA зерттеуінің алдыңғы жылдардағы нәтижелерін және зерттеу нәтижелері бойынша өзге де маңызды қорытындылардыhttps://www.oecd.org/pisa/data/ сілтемесі арқылы көруге болады (ақпарат ағылшын тілінде берілген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет