PISA зерттеуінде тестілеу нәтижелеріндегі өзгерістер қалай бағаланады? PISA зерттеуінде қолданылатын шкала жылдан жылға өзгеріссіз қалады. Көрсеткіштердің қаншалықты төмендегенін, өзгермегенін немесе жоғарылағанын анықтау мақсатында PISA екі бағалау жылының (мысалы, 2015 пен 2018) көрсеткішін немесе үш не одан көп бағалау жылындағы (6 не одан көп жыл аралығы) ортақ тенденцияларды салыстырады.
PISA нәтижелері білім беру сапасының жақсаруына қалай әсер ете алады? ЭЫДҰ жоғары көрсеткіштерге ие болған немесе көрсеткіштерін айтарлықтай жақсарта алған елдердің ұстанатын саясаты мен тәжірибесін зерттеп, нәтижелерін бөліседі. ЭЫДҰ осындай озық тәжірибелерді білім беру жүйесіне енгізуге ниет білдірген елдерге барынша қолдау көрсетеді.