PISA зерттеуі неге үш жыл сайын өткізіледі? Үшжылдық мерзімде қатысушы елдер орта білім беру жүйесін реформалаудың бағыттарын анықтауға, жүйеге өзгеріс енгізуге және ықтимал кедергілерді анықтауға мүмкіндік алады.
Қазақстан PISA зерттеуіне қай уақыттан бері қатысып келеді? Қазақстан PISA зерттеуіне алғаш рет 2009 жылы қатысты.
PISA нәтижелері білім алушының білім беру ұйымындағы оқу жетістіктеріне әсер ете ме? Жоқ. Біріншіден, PISA – халықаралық зерттеу және білім алушының сол тоқсандағы не оқу жылындағы немесе белгілі бір пән бойынша білімін тексеруді көздемейді. Екіншіден, PISA әр қатысушы нәтижесінің құпиялылығын қамтамасыз етуге кепілдік береді, сондықтан педагогтер ол нәтижені білім алушыға баға қою үшін қолдана алмайды.