Техналогияға байланысты пісіріп қосуды екі түрге бөлуге болады: 1. Бөлшектердің шамалы аудандарын қыздыру арқылы балқытып қосу.
Оған электр доғасымен, электр шлакпен, электр сәулесімен, газбен, флюс қабатының астында автоматты, аргонды доғамен пісіру т.б. жатады. Ең көп тараған түрі–электр доғасымен пісіру, оның үш түрі бар: 1) флюстағы автоматты пісіру. Пісірудің бұл түрі жоғарыөнімді және экономды, жақсы сапалы шов береді. Ұзын шовтары бар конструкцияларды жасайтын үлкен сериялы және бұқаралық өндірісте қолданылады. 2) флюста жартылайавтоматты пісіру. Қысқа үзілісті шовтары бар конструкцияларда қолданылады. 3) қолмен пісіру. Доғалық пісірудің қалған түрлері рационалды болмағанда қолданылады. Пісірудің бұл түрі аз өнімді. Шовтың сапасы пісірушінің квалификациясына байланысты.
2. Пісіріп қосу техналогиясының екінші түрі–металдарды пластикалық күйге жеткізіп, қосылатын бөлшектерді күшпен қосу арқылы пісіру.
Бөлшектерді факумда түйістіріп, диффузия құбылысын пайдаланып пісіруге болады. Бұл әдіспен метелдарды ғана емес, графит пен герметикалық материалдар да пісіріледі.
Пісіру қосылыстарының конструкциялық ерекшеліктері және шовтардың түрлері:
Бөлшектерді түйістіріп қосу. Бұл барлық пісіру қосылыстарының ішіндегі ең қарапайым және сенімді түрі, оларды конструкцияға вибрациялық жүктеме әсер ететін жағдайда қолданады
2-сурет. Түйістіріп пісірудің шовтары.
Түістірілген қосылыстар бөлшектердің қалыңдығына байланысты бірнеше жолмен жүзеге асырылады.
Егер қолмен пісірілген бөлшектердің қалыңдығы 5-8 мм-ге дейін және автоматты пісірілген бөлшектердің қалыңдығы 15 мм-ге дейін болса, жиектерін өңдеудің қажеті жоқ болады. Ал қалың бөлшектердің пісіріп қосу кезінде жиектерін өңдеген жөн.
Егер шов бір жақ бетте ғана болса, бөлшектердің жиегін «V» түрлі етіп алып, ал егер шов екі жағынан да жасалса онда, олардың жиектерін «Х» түрлі етіп өңдеу керек. Бұл әдіспен қалыңдығы 40 мм-ге дейінгі бөлшектерді пісіріп қосуға болады. Іс жүзінде түйістіріліп пісірілген қосылыс шовтың аймағындағы қауіпті қиманың беріктігін табу арқылы есептеледі.
Егер қосылыс созылуға және иілуге жұмыс істесе, онда пайда болатын кернеудің шамасы, яғни созылу мен иілу кернеулері былайша анықталады:
және
Мұнда, және қосылыстағы бөлшектердің ені мен қалыңдығы; -пісіру қосылыстарындағы мүмкін болатын кернеу.