Пит Дадли (Ұлыбритания) Lesson Study uk



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата04.11.2023
өлшемі2,27 Mb.
#189706
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
1-ресурс

Түсініктемелер
«Әдетте мұғалімдердің қолдары мүлдем 
босамайтындықтан, олар өздері енгізетін нәрселердің 
нәтижесін
 
басқалардың қолданатынын көргісі келеді, 
сондықтан бұл жағдайда қысқа ғана мәтіндер мен 
бейнематериалдар көп көмек бере алады».


19
9. 
Lesson Study-ге
 
арналған уақытты жоспарлау және 
оны мектеп бағдарламасына енгізу
 
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Егер Сіз зерттеумен айналысатын мұғалімдер мен мектептегі 
басқа әріптестеріңізге бұл әдістің нәтижелерін тәжірибеге енгізуге 
мүмкіндік жасасаңыз, 
Lesson study
баға мен сапа тең дәрежеде 
ескерілген ұтымды тәсіл болмақ.
Кейбір мектеп директорлары кәсіби білім алуға арнайы уақыт 
бөлген, ол уақытта 
Lesson Study
топтары өз сабақтарын жоспарлап, 
талдайтын болған.
Мамандарды оқытуда уақытты, кезең кестелерін, үзілістерді және 
басқа да тәсілдерді орынды қолдана білсе, сабақ қорытындыларын 
талқылауды жоспарлауға және оны өткізуге материалдық 
қаражатты талап ете бермейтін уақыт табуға болады.
Оқу бөлімінің меңгерушілері 
Lesson Study-ді 
қызметкерлеріне 
кәсіби білім беру тәсілі ретінде өз мектептерінің оқыту мен оқу 
жүйесіне енгізе алады. Бұл мұғалімдер мен басқа мамандарға 
кәсіби білім алу құқығын беріп, қазіргі кезде кең таралған 
және оқу тәжірибесіне айтарлықтай ықпал ететін модельдерді 
көздейтіндіктен, үздіксіз кәсіби дамуларына мүмкіндік туғызады 
(4-бетті қараңыз).
Мысалдардың бірі - 
Lesson Study
мен оның тиімділігін басқару 
арасында өнімді байланыс орнату, соның арқасында 
Lesson 
Study-ге
қатысу мен оның нәтижелерін әріптестеріне таныстыру 
тиімділікті басқару құралдарының бірі ретінде қарастырылатын 
болған. Зерттеуге тартылған қызметкерлердің айтуынша
Lesson 
Study-ге
қатысу оқыту тұрғысынан алғанда оншалықты тиімді 
емес салада тәуекелсіз жұмыс істеуге қарағанда, олардың өздерін 
сенімсіз сезінетін мәселелерді шешудегі дағдыларының анағұрлым 
жетілуіне көбірек ықпал ететінін сезінген.
Lesson Study
тиімділік мониторингінен бөлек жүзеге асырылуы 
керек. 
Кейбір 
Lesson Study
топтары өздері дайындап жатқан әдістерін 
басқа мұғалімдерге ашық 
Lesson Study-де
көрсетеді. Мұндай 
жағдайда оқушылар сабақтан соң қалып, жақын маңдағы 
университеттерден шақырылған адамдар үшін сабақ көрсетіліп
кейіннен барлығы ол сабақты қызу талқылайды. Мұндай үлгі 
Жапонияда кең тараған. 
Түсініктемелер
«…Есікті жауып алып, өз сабағын бере беретін мұғалімдер кенеттен: 
«Тұра тұрыңдар, бұл мен үшін, сондай-ақ сабақтағы балалар үшін 
пайдалы ғой. Мен істеп отырған нәрсе менің сыныбымның ғана 
емес, бүкіл мектептің нәтижесін көрсетпей ме!?» деп ойлануы
 
мені 
расында да таң қалдырды әрі қуантты».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет