«ҚҰпия шежіре» – МӘдени мұРА



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата19.09.2022
өлшемі1,41 Mb.
#149971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
524-1-1003-1-10-20180915

Ключевые слова: 
«Сокровенное сказание», Чингизхан, монголы, тюрки, племя

 Кіріспе
Адамзат мəдениетінің дамуындағы сырға 
толы асыл қазынасы – шежіре. Арабша шаджа
-
рат – бұтақ, тармақ дегенді білдіреді. Шежіренің 
дүниеге келуі сол ұлттың мəдениетінің көркейіп, 
кемелденгенінің көрсеткіші. Ру, тайпалардың та
-
рихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан 
ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. Ра
-
шид əд-Дин, Ұлықбек, Әбілғазы, Бейбарыс, ибн 
Халдун, т.б. көптеген ортағасырлық авторлардың 
еңбектерінде белгілі бір тұлғалардың, ру-
тайпалардың, халықтардың шығу тегі таратылып, 
бірнеше ұрпақтар алмастығы өрбітіліп отырды. 
Түркі халықтарында шежірені шежіреші қарттар 
ауызша да таратып отырған. Олай болса, тарихтың 
өзі əрбір халықтың өткен өмірі туралы ауызша 
жəне жазбаша сақталған эпикалық шежірелерінен 
туындады. Мəселен, гректердің «Илиада» мен 
«Одиссеясы», француздардың «Роланд жыры», 
грузиндердің «Жолбарыс терісін жамылған ба
-
тыры» (ХІІ ғ.), орыстардың «Игорь жорығы ту
-
ралы жыры» т.б. жазба ескерткіштері бар. Бүгін 
де адамзат тарихындағы осындай деректемелік 
мəні бар шежірелердің алдыңғы қатарына Азияда 
тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, атағы күллі 
əлемге əйгілі қаған Шыңғыс туралы жазылған 
«Моңғолдың құпия шежіресі» еніп отыр. 
«ХІІІ-ХІХ ғасыр аралығында, өз заманының 
аса ірі əскери жəне мемлекет қайраткері 


Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №2 (60). 2017
166
«Құпия шежіре» – мəдени мұра
Шыңғыс қағанның өмірбаяны мен билігі ту
-
ралы өзге елдерді айтпағанда, тек моңғол 
жерінде «Моңғолдың құпия шежіресінен» өзге 
көптеген шежірелер жазылды. Атап айтсақ, Ал
-
тан товч» (Алтын түйіндеме, шежіре), «Алтын 
дəптер», «Көк дəптер», «Шар туджи», «Хадын 
Үндэсний хураангуй Алтан товч» («Хандардың 
қысқаша алтын шежіресі»), «Арван Буянт но
-
мын Цагаан түүх» (Ақ сөйлеген тарих»), «Чин
-
гис эзний Алтан ургийн түүх Гангийн урсгал» 
(«Әмір Шыңғыстың алтын ұрпағының тарихы 
«Құрыш ағысы»), «Дай Юан улсын Болор эрх» 
(Ұлы Юань мемлекетінің маржандары), «Алтан 
эрих» (Алтын сүзу), «Болор толь» («Жарқын 
жазу»), «Боржығын тайпасының тарихы» т.б. 
Бұл шежірелердің ішінде «Моңғолдың құпия 
шежіресі» ретінде жеткен жазба мұраның орны 
ерекше. 
Орта Азия мемлекеттерінің тарихы тура
-
лы жазылған əлемге əйгілі құнды еңбектер орта 
ғасырлардан бастау алып, Орталық Азияда 
өрістеген ауызекі тарихнама мен ауызекі дəстүрлі 
əдебиетте көрініс табады. Атап айтсақ, Рашид 
ад диннің «Жамиғат ат тауарихы» (1311 ж.), 
Бабырдың «Бабырнамасы» (1530 ж.), Әбілғазы 
ханның «Түрік шежіресі» (1665 ж.). Әбілғазы 
осы «Түрік шежіресін» жазуды бастаған шақта, 
Шыңғысхан туралы «Жамиғат ат тауарих
-
тан» басқа он жеті шығарманың болғанын 
айтады (30 бет). Бұл ескертпеден сол кездің 
өзінде Шыңғыс хан туралы біршама еңбектер 
жазылғанын байқауымызға болады. Осы 
дəстүрдің көрінісі ретінде қазақстандық тарихшы 
В.П. Юдин Өтеміс қажының «Шыңғыснамасын» 
атауға болады (Юдин 1992:15).
Моңғол ордаларында ата-тегінің тарихи 
шежіресін жазу Шыңғыс ханнан бастау ала
-
ды. 1240 жылы жазып бітірген «Құпия тарих» 
осының куəсі. 1236 жылы Өгедей қаған Елю Чу-
Цайдің кеңесі бойынша Фан Янның басқаруында 
орда жанынан ағарту-зерттеу ісін басқаратын 
орталық ашады. 1261 жылдан бастап орталық 
тарихшылары Моңғол тарихына тікелей бай
-
ланысты Лиау жəне Алтын (Чин) мемлекетінің 
тарихын жазу ісін бастаған. Құбылай қаған 
билігіндегі Юань əулеті тұсында тарих зерттеу 
ісі жолға қойылып, 1271 жылы қаған ордасы жа
-
нынан «Ұлы Әміршінің толық тарихын жазу» ісі 
қолға алынған (Қинаятұлы 2008в:14). 
«Құпия шежіреде» Шыңғыс қағанның арғы 
тегі тəңір шуағынан жаралған 
Батачы хан
, зайы
-
бы 
Қоғай Марал
жəне бұл екеуінен тараған үрім-
бұтағы, оның балалық шағы, ер жетуі, моңғол 
тайпаларының басын қосып, «Біріккен Моңғол 
мемлекетін» құруын, моңғол-түркі тілдес тай
-
палармен (мэргэдтер, тайшауыттар, татарлар, 
керейіттер, наймандар, жадарандар, «орман 
халықтары» жəне т.б.) қоса, Солтүстік Қытайдағы 
чжурчжэньдік Алтан-ханға тəуелді жерлер мен 
тайпаларды, таңғұттар еліндегі Илуху Бұрхан-
ханның қол астындағыларды, Түркістандағы хо
-
резмшахтар иелігін, қаңлыларды, қыпшақтарды, 
бажигидтерді (башқұрттарды), орыстарды, ма
-
жарларды (венгрлерді) жəне т.б. Шыңғысхан 
əскерлерінің жаулап алғаны, Шыңғысханның 
өмірінің соңы, тақты мұрагер ұлы Өгедейдің 
жалғастыруы туралы қысқаша жырмен де, қара 
сөзбен де баяндалады. 
«Құпия шежіре» баяндаған оқиғалар, шығыс 
пен батыстағы мұхиттар жағалауларына дейінгі 
таулар мен жазықтықтарда, шөлдер мен шұрайлы 
өлкелерде өрістейді. Оның шеңберіне сол кезде 
Еуразияның негізгі бөлігін, Қиыр Шығыс пен 
Оңтүстік-Шығыс Азияны, Үндістанды, Орталық 
Азияны, Кавказды, Оңтүстік Сібірді, Русьті, 
Шығыс жəне Орталық Еуропаны мекендеген 
халықтар қамтылған еді.
Қазақта «бірлік түбі – тірлік», «ырыс алды – 
ынтымақ», «төртеу түгел болса төбедегі келеді, 
алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген атам 
заманнан қалған аталы сөз бар. Осы бірліктің 
қадір-қасиеті «Құпия шежіренің» ең басты идея-
сы деуге болады. Шежіреде Алун гуа ананың 
ақыл-парасаты бірінші кезекте қойылады. Мы
-
салы, 19-бапта өзінен туған бес ұлының берекесі 
кеткенін байқаған Алун гуа шешей олардың 
қолдарына бір-бір талдан шыбық ұстатып, «сын
-
дыр» дейді. Олар бір демде шыбықты опырып 
тастайды. Сонан соң, тағы да бес шыбық алып 
біріктіріп буады да, «ал енді сындырыңдар» 
дейді. Бірақ, оны ұлдарының қай-қайсысының 
да сындыруға əлі жетпейді. Сонда анасы: «Егер, 
сендер жеке-жеке кетсеңдер, мына жалғыз 
шыбық сияқты бөгде біреулер тез сындырады. 
Егер, бірлік-ынтымақта болсаңдар мына буған 
шыбық сияқты берік боласыңдар. Сендерге 
ешкімнің əлі жетпейді» дейді. Арада талай заман 
өткеннен кейін, Өэлүн-үжин (Шыңғыс қағанның 
шешесі) «Алун əжейдің бес ұлы сияқты» [1, 
76-бап] деп жоғарыдағы оқиғаны тəмсіл қып, 
балаларын бірлікке шақырады. Алун əжей 
айтқан бірлік туралы сөзі шығарманың онан 
кейінгі 23-37-баптарында бөлінгенді бөрі жеп, 
бірліктің түбі тірлік екені тіпті нақтылана түседі. 
Бірлігің болса, бүтін елге билік жүргізесің де
-
ген сана 39-бапта Алун əжейдің бес ұлы бірігіп 
ұранқайдың бір ауылын бағындыруы арқылы 
беріледі. Сөйтіп, аз болса да буриат, баяд, 


ISSN 1563-0307 Journal. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №2 (60). 2017
167
Шамахай С.
ұранқай, боржичин аталылардың бірігіп жа
-
туы болашақта құрылар ұлы мемлекеттің негізі 
Шыңғыстың 13-түп атасынан басталған деп 
көруге болатын сынды. Демек, Шыңғыс хан 
өміріндегі əйгілі жетістіктерінің негізінде осы 
бір дүниетанымдық ұстаным жатыр. 
Шыңғыс хан (Т
эмүжин
) ХІІІ ғасырда моңғол 
мемлекетін аз уақыттың ішінде зор империяға 
айналдыра білді. Ол жайлы парсының əйгілі та
-
рихшысы Жувейни: «Шындығында да, егерде 
асқан кемеңгер қолбасшы есептелетін Ескендір 
Зұлқарнайын 
(Александр 
Макодонский) 
Шыңғысхан заманында өмір сүрген болса, онда 
ол стратегия мен тактикада да Шыңғысханның 
шəкірті болған болар еді, ал неше түрлі айла-
тəсілмен қала-қамалдарды алуға тура келсе, ол 
еш ойланбастан Шыңғысханның соңынан ерер 
еді» – деген екен (Djuveyni 2004:6). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет