«ҚҰпия шежіре» – МӘдени мұРА


Шыңғыс хан діні, «Мәңгі Аспан» идеясы



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата19.09.2022
өлшемі1,41 Mb.
#149971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
524-1-1003-1-10-20180915
Жоба Султанова Сабина Т-21-01, 1лек
Шыңғыс хан діні, «Мәңгі Аспан» идеясы. 
Моңғолдардың діни санасы ұзақ уақыттан бері 
анимизм, шаманизм, политеизм, дуализм саты
-
ларын бастан өткеріп XIII ғасырға аяқ басқан. 
Моңғол ұлт, тайпаларының бірігіп қаһарлы 
мемлекет құрып, дүниежүзін шарлай соғыспен 
бағындырған тарихи оқиғаларға байланысты. 
Монғолдардың діни көзқарасы да өзінің биік 
шыңына жетіп, мəңгі аспанның монотеистік 
сенімін құрды. 
XIII ғасыр басында моңғолдарда дуалистік 
көзқарас басым болды. Аспанды да, жерді де 
алғашқы бастама ретінде мойындады. Олар 
жан, рухтың барына сенгенін олардың ауызекі 
сөзінде «жаным шығардай қорықтым» деп айтуы 
жанды денеден бөлек қарастырғанын білдіреді. 
«Құпия шежіреде» моңғолдар Шыңғысханды 
қайтыс болғанда «аспанға қайтты» дейді. Бұл 
моңғолдардың адамгершілік, сана, жан, рухтың 
бəрі аспаннан келіп, аспанға қайтады деген 
көзқарастарының дəлелі. Ал адамның денесі 
жерден жаралып, қайта жерге сіңеді. Сондықтан 
да, жерді «өлгенде жатар жерім» дейді. 
Шаманизм Монғолдардың дəстүрлі наным-
сенімдерінің бір түрі ғана. Моңғолдарда шама
-
низмнен өзге де наным-сенімдер: киелі орын, 
ағаш, тау тасқа табыну, фетишизм, магия, то
-
темизм, анимизм, ата-баба əруағына сиыну т.б. 
қосарлана дамып отырды. «Құпия шежіреде» 
аспан мен жер туралы: «Аспан мен жер келісіп, 
Темүжінді хан етті», «аспан мен жердің тағдыр 
мезгілі», «Ата-ана мен Жер-Ананың аялы 
алақаны» т.б. сөздерінен аспанды əке ретінде, 
жерді ана ретінде ұғынуынан діни танымның 
дамып белгілі бір дəрежеге жеткенін көрсетеді. 
Кейде моңғолдар «Табиғатты Құдай ретінде, 
Құдайды табиғат ретінде түсініп пантеистік 
көзқарас та танытады. 
Орыс ғалымы И.С. Вдовин шаманизм 
эволюциясындағы үш кезеңді атап көрсетеді. 
Алғашқы шамандар тек науқасты емдеумен, 
көріпкелдікпен, болашақты болжаумен, табиғат 
күштерін тыныштандырумен айналысады. 
Келесі кезеңде шамандар кейбір қауымдық 
діни əдет-ғұрыптарды орындауды узурпация-
лайды. Соңғы кезеңде барлық қауымдық 
жəне отбасылық əдет-ғұрыптар шамандардың 
жетекшілігімен өтеді (Вдовин 1965:265). 
Е.В. Ревуненкованың пікірінше, шаманизм 
дін емес, сондықтан кез келген діни жүйемен 
оңай сіңісіп кетеді. Автордың анықтауынша, ша
-
манизм – айырықша дүниетаным жүйесі, онда 
ерекше рəсім, айрықша адамдар тобы арқылы 
ғарыштың үш деңгейінде қарым-қатынас жасау 
мүмкіндігі туралы көзқарас көрініс тапқан, онда 
дүниетанымның рационалды, иррационалды 
көркем образды элементтері тоғысады (Ревунен
-
кова 1980:243). 
Алайда бұл дүниетаным қоғам өмірінің 
барлық жақтарын, соның ішінде діни саласын 
да қамтиды жəне ол адамның табиғаттан тыс 
күштерге тəуелділігін көрсетеді.
Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалып-
тастырған мəдени жүйемен бірлікте, тұтастықта 
зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уə-
лиханов болды. «Шамандық дегеніміз, – дейді 
Шоқан, – əлемді, дүниені сүю, табиғатқа де
-
ген шексіз махаббат жəне өлгендердің рухын 
қастерлеу, əруағын ардақтау. ...Шамандық 
сенім табиғатқа бас иеді, шамандар аспан Ша
-
ман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, та
-
лантты, басқалардан мəртебесі жоғары: ол ақын 
да, сəуегей жəне емші, сегіз қырлы, бір сырлы 
адам болған. Олар Тəңірі мен рухтың жердегі 
қолдаушы адамдары ретінде саналған.


Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №2 (60). 2017
172
«Құпия шежіре» – мəдени мұра
Шыңғыс хан шаманизмді негізге ала оты
-
рып, Мəңгі Аспан (Тəңір) идеясын теория 
дəрежесінде қорытып, қолдана білді. Бұл тура
-
лы моңғол докторы П. Нэргүй «Моңғолдардың 
көзқарастары мен тұжырымдары» мақаласында 
осылай айтады. Шыңғыс хан жəне алтын тұқым-
дастар, ел басқарушылар, Шыңғыс əскерлері, 
бəрі де шаманизмді ұстанып, шарттарын орын
-
дап, сеніп келгендіктен XIII-XVI ғасырлар 
аралығында ешқандай дінге еріп, сіңіп кетпеді. 
Шамандық оларды ержүрек, шыншыл, əділ, 
ақкөңіл етіп тəрбиелей алды. Өзге діндерден 
гөрі шаманизм кəдімгі қарапайым өмірден өз 
ішінен туындағандықтан, оларға етене жақын 
болды. Шыңғыс хан шаманизмді ұстанды. Оның 
құрған Моңғол мемлекетінің саяси ұстанымы 
шаманизмдік табынуға емес, шаманизмнің идея-
сына бағытталған. Шаманизм – моңғолдардың, 
барлық киіз туырлықты елдердің дүниетанымы 
еді. 
Шыңғыс хан шаманизмді, шамандық 
уағыз бен танымды жақсы меңгерумен қатар, 
оның кейбір салттарын саяси мəселелерге де 
қолданды. Бастысы шаманистік дүниетанымды 
дамытып, соның негізінде саяси, «Мəңгі Аспан» 
идеясын ел саясатының ұстанымына жеткізді. 
Шыңғысхан «Мəңгі Аспанды» Жарату-
шы ретінде мойындады. Оның саяси филосо-
фиясының тамыры мəңгі аспанның монотеистік 
ұстанымы болып табылады. Бір сөзбен айтсақ, 
моңғолдар Шыңғысхан заманынан бастап 
монотеистік бағытты дамыта бастады. «Мəңгі 
Аспан» (Тəңір) – материя мен рух деп бөлінбеген 
біртұтас бастама еді. 
«Құпия шежіреден» Шыңғысханның: «Көкте 
– Аспан (Тəңір), Жерде – Қаған» 
(«Мөнх тэнгэ
-
рийн хүчин-дор, хаганы суу залийн ивээл дур
...») 
тұжырымдамасын байқауға болады. Тəңір 
(Аспан) жəне Қаған деген қос наным айқындалып 
тұр, ал олар дүниедегі жоғарғы ерік, құқықтың 
екі негізгі бөлігін құрайды. 
Тəңір (Аспан) жəне Қаған деген қос ұғым 
«Аспан – Әке, Жер-Ана» деген шаманизмнің қос 
үлгісінен туындаған болуы мүмкін болғанымен 
шын мəнінде мемлекеттің саяси тұжырымының 
мағынасын береді. Аспан (Тəңір) əлемдегі 
шексіз ерік, биліктің жалғыз Құдайы. Ол өзінің 
шапағатымен Қағанды қолдайды. Қаған тəңір 
атынан билік етіп, аспан жарлығын жер бетіне 
жүзеге асыруға міндетті. Қаған өз парасатының, 
харизмасының көмегімен аспан қалауына, 
шапағатына бөлене алады. Жоғарыда бір аспан 
тəңірі болса, жерде бір ғана қаған болуға тиіс. 
Оның ұстанымы бойынша моңғол ханы «Күн 
шығыстан күн батысқа дейінгі аспан астындағы 
барша елді басқаруға тиіс». Иə, Шыңғыс хан 
өзінің Аспан (Тəңір) көзқарасын қалыптастырып, 
нəтижесін көре алды. Ол «Күн шыққан 
тұстан күн батқан» тұсқа дейінгі Мəңгі Аспан 
астындағы барша халықты ашса алақанына, 
жұмса жұдырығына ұстай алды. Қазіргі тілмен 
айтсақ, жаһанданудың негізін қалады. Бұл тура
-
лы академик Ш. Бира өз лекциясында: «Шыңғыс 
хан əлемді өз күшімен соңына ертіп, ұлы импе
-
рия құрып, түрлі мемлекеттерді бір билік асты
-
на біріктіре алды. Осының нəтижесінде əлем 
сол кездегі ең ұтымды жаңа қарым-қатынас 
түрі Моңғолдың атты бекеті арқылы орнатты. 
Атты бекет арқылы халықтар арасында түрлі 
көзқарас, білім, хабар, сауда еркін алмасты. 
Тарихи тұрғыдан алсақ, Моңғол тəңіршілдігін 
қазіргі біздің жаһандану көзқарасымен салы
-
стыра қарауға болады» – дейді (Эрдэнэбаяр 
2006.01.16). 
Түркі-монғол халықтары əлемнің пайда бо
-
луы туралы шындық пен Шыңғысхан тегі тари
-
хын өз ұғым-түсініктерінің орталығы етіп қойды, 
мұндағы ең басты тұлға – Монғол империясының 
құрушысы. Біз, шыңғысшылдықтың ықпалында 
болған түркі-монғол халықтары үшін Шыңғыс-
ханның уақытынан басталатын тарих – бұл 
«жаңа эра» тарихы, ал Шыңғысханға дейінгі 
тарих – «жаңа эраға дейінгі» тарих болып та
-
былады. Олар үшін Шыңғысхан дəуірі уақыт 
санаудың бастапқы нүктесі, яғни эра болып та
-
былады (Barlybayeva 2006:65) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет