Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №2 (60). 2017
170
«Құпия шежіре» – мəдени мұра
1985 жылы жапонша толық аудармасын
моңғолтанушы Озауа Шигео 6 томын жарыққа
шығарды (Ozawa 1984-1984).
Моңғол ғалымдарынан алғаш рет Цэнд гүн
біраз зерттеп, қытайша қысқаша аудармасын
моңғол тіліне аударған. Ал Ц. Дамдинсүрэн
«Моңғолдың құпия шежіресінің» көне моңғол
тіліндегі нұсқасынан қазіргі моңғол тіліне
əдеби-көркем аударма жасаған. Ал қазақ тіліне
Ц. Дамдинсүрэннің көркем аудармасы екі мəрте
(1978, 2006) аударылды.
Моңғолдың құпия тарихының шет тілдеріне
аударған аудармалардың ішіндегі ең беделділері
ғылыми-ақпараттық түрлі анықтаулардан өткен
қытайша аудармаларын айтпағанда, франция
ғалымы П. Пелиоттың француз тіліне аударған
аудармасы (1920), С.А. Козиннің орысша аудар
-
масы (1941), неміс ғалымы Хеништің немісше
аудармасы (1931), жапондық ғалымдар Ширато
-
ри жəне Ивамураның зерттемелік аудармалары
(1911-1915) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: