Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет2/13
Дата15.11.2022
өлшемі43,21 Kb.
#158366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Пиза тапсырмасы бойынша м тіндер М тін -1 Абайды сыны гімені (1)

Мәтін -2
Ұрланған ат


1. Мәтінді оқыңыз. Түсініңіз.

Бір шаруаның әдемі аты бар еді. Ол өзінің атын жақсы көретін. Көп уақытын атымен бірге өткізуші еді. Атының басын сипайтын. Оның жүрісіне, тұрысына сүйсіне қарап тұратын.


Бір күні бір ұры қораға кіріп, атты ұрлайды. Шаруа атының ұрланғанына қатты қайғырады, содан кейін басқа ат сатып алу үшін қалаға келеді. Базарда аралап жүріп, өзінің атын көреді. Аттың ер тоқымы ауыстырылып, сатуға шығарылған еді. Шаруа аттың тізгінінен ұстап, қатты дауыстап:
- Бұл ат – менің атым, үш күн бұрын ұрланды,- дейді. Сатушы салқынқанды дауыспен:
- Қателесіп тұрсың, мырза. Бұл ат менікі. Бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатырмын,- дейді. Ақылды шаруа осы кезде атының екі көзін алақандарымен жауып:
- Егер ат сенікі болса, кәне, қай көзінің көрмейтінін айтшы,- дейді.
– Бұны білмейтін несі бар. Сол көзі көрмейді,- деді сатушы.
- Өкінішке қарай, білмедіңіз, - дейді шаруа. Сатушы жаңылысқан сияқты:
- Жоқ, мен оң көзі көрмейді деп айтпақшы болғанмын. Қаншама жыл өсірген атымды білмеуші ме едім? - дейді. Шаруа атының көздерін ашып:
- Сен өтірікшісің. Оның үстіне ұрысың. Ей, халайық, қараңдар! Аттың екі көзі де сау, - дейді айғайлап. Осы кезде шаруаның төңірегіне адамдар жинала бастайды. Шаруаның ақылды ісіне барлығы қайран қалды. Шаруа сүйікті атымен табысып, ал ұры қамалады. Шаруа өз атын алып үйіне қайтады.



  1. Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсетіңіз.



/ ..., ..., .... , ..., ..., ..., ..., ... /



  1. Шаруа базарда аралап жүріп, өзінің атын көреді.

  2. Шаруаның ақылды ісіне барлығы қайран қалды.

  3. Бір күні бір ұры қораға кіріп, атты ұрлайды.

  4. Сатушы қателеседі.

  5. Бір шаруаның әдемі аты бар еді.

  6. Шаруа сатушыдан аттың қай көзі көрмейтінін сұрайды.

  7. Шаруа атының ұрланғанына қатты қайғырады.

  8. Аттың ер тоқымы ауыстырылып, сатуға шығарылған еді.

  9. Сатушы сол көзі көрмейтінін айтады.

2. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс (+) және дұрыс емес (-) сөйлемдерді белгілеңіз.








Сөйлемдер

Дұрыс

Дұрыс емес

1

Бір шаруаның екі әдемі аты бар еді.







2

Ол өзінің атын жақсы көретін.







3

Бір күні бір ұры қораға кіріп, атты ұрлайды.







4

Шаруа атының ұрланғанына қатты қуанады.







5

Базарда аралап жүріп, өзінің атын көреді.







6

Шаруа өз атын танымай қалады.







7

Аттың ер тоқымы ауыстырылып, сатуға шығарылған еді.







8

Сатушыдан аттың қай көзі көрмейтінін сұрайды.







9

Сатушы аттың екі көзі де көрмейтінін айтады.







10

Шаруаның ақылды ісіне барлығы қайран қалды.







11

Шаруа өз атын алып үйіне қайтады.







3. Қалай ойлайсыз осы оқиға бойынша қандай мәтел айтуға болады? Жауабыңызды осы әңгімемен байланыстырыңыз. Ақылды адам қор болады ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет