Мәтін -3
Жұмбақты жұмбақпен шешу.
Қазыбек би қасына бір жолдасын ертіп, Төле биге сәлем бере барады.
Әңгіменің бір кезінде аға биден жұмбақтап сұрайды:
- Алысыңыз қандай?-деп сұрайды.
- Алысым жақын болды ,- деп жауап береді Төле би.
- Тәттіңіз қандай болды?
- Тәттім шырын болды.
- Несиеңіз қандай ?
- Несием, шүкір, өсіп жатыр.
Бұл жұмбақтың шешуін Қазыбек бидің қасына еріп барған жолдастары да, келгенде олардан естіген өз әкесі де түсінбейді.
Жұмбақтың шешуін Қазыбек бидің өзі былай түсіндіреді:
- «Алысыңыз қандай?» деген - «Көзіңіз қалай көреді?» деген, «Тәттіңіз қандай?» деген - «Ұйқыңыз қалай?» деген, «Несиеңіз қандай?» деген - «Балаларыңыз қалай қарауда?» деген едім.
Төле би менің сұрақтарыма:
«Көзім нашар көретін болды. Ұйқым келмейді. Балаларым өсіп жатыр», - деп жауап берді дейді.
Сұрақ. Қазыбек би нені сұрады? Сәйкестендіріңіз.
Алысыңыз қандай?
|
|
А .Ұйқыңыз қалай?
|
Тәттіңіз қандай?
|
|
Ә. Көзіңіз қалай көреді?
|
Несиеңіз қандай ?
|
|
Б. Балаларыңыз қалай ?
|
2-сұрақ. Төле бидің жауабын Қазыбек би қалай түсінеді?
Алысым жақын болды
|
|
А. Балаларым өсіп жатыр.
|
Тәттім шырын болды.
|
|
Ә. Ұйқым келмейді.
|
Несием өсіп жатыр.
|
|
Б. Көзім нашар көреді.
|
3-сұрақ. Әңгімедегі «Алысыңыз қандай?», «Тәттіңіз қандай?», «Несиеңіз қандай?» деген сұрақтарды сіз қалай түсінер едіңіз? Сіздің ойыңызша, бұл сұрақтардың астарында Қазыбек би не туралы сұрамақ болған еді?
Достарыңызбен бөлісу: |