Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет8/13
Дата15.11.2022
өлшемі43,21 Kb.
#158366
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Пиза тапсырмасы бойынша м тіндер М тін -1 Абайды сыны гімені (1)

Мәтін-10
Мәтінді оқыңыз

Бір күні психологиядан дәріс беретін мұғалім өзінің семинарын ерекше бастады: ол 50 долларлық купюрасын жоғары көтеріп, осы купюра кімге керек екенін сұрады. Тыңдаушылардың басым бөлігі қол көтерді. Содан соң психолог маман қол көтермеген 5-6 адамнан қол көтермеуінің мән-мағынасын сұрады. Сөйтсе олардың да купюраны алғысы келген, тек қана қол көтеруге ұялатынын анықтайды. Енді психолог қолындағы купюраларын мыжып-мыжып, әлгі сұрағын қайтадан қайталайды. Тыңдаушылардың барлығы қол көтереді. Енді психолог купюраны жерге тастап, аяғымен бір-екі рет басып, кір қылады да: «Әбден езілген, кірлеген болса да, бұл купюраны алғыларыңыз келеді ме?» деп сұрайды. Алайда залдағы тыңдаушылар өздерінің ойларынан танбайды.
Сұрақтар
1.Мәтінде қандай астарлы ой бар?
А. Психологтің данышпандығы.
В. Психологтің ессіздігі.
С. Купюра ақшасының әрқашан сұранысқа ие екендігі.
D. Шын алтын өз құнын ешқашан жоғалтпайтындығы.
2.Психолог маман нені дәлелдегісі келіп тұр?
А. Өмірде әрқилы жағдайлар болады: әділетсіздік, іштарлық. Алайда қанша қаралауға тырысқанмен, әркім өзінің шынайы бағасын алады.
В. Адамдар қандай жағдай болмасын, ешқашан ақшадан бас тарта алмайды.
3.Сен психолог маманның пікірімен келісесің бе? Келіссең де, келіспесең де өз ойыңды дәйекті жеткіз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мәтін-11
Мәтінді оқыңыз
Құнанбайдың Абайға таққан үш түрлі мінінің бірі: «Ең әуелі - сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды. Екінші, кім көрінгенге жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің қасына ел үйірілмейді. Елді алатын қылық ол емес», – дейді.
Оған Абайдың жауабы: «Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін».
Сұрақтар
1. Құнанбай Абайға қандай мін тақты?
А. Тым көп күлетіндігіне және адам талғамайтындығына.
В. Өте қарапайым және кісі талғайтындығына
С. Тым жуас және қалтасы қалыңдармен де араласа беретіндігіне
D. Тым қарапайым және айналасындағылармен талғамай араласа беретіндігіне.


  1. «Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды» дей отырып, әке балаға қандай болуға кеңес беріп тұр.

А. Өзін өзгелерден жоғары ұстау керек
В. Өзін көп мақтау керек
С. Өзіне ешкімді тең көрмеу керек
D. Өзімшіл болу керек
3. Құнанбайдың: «Елді алатын қылық ол емес» деуінен әкенің қандай ниетін байқауға болады?
А. Абайды жаугершілік замандағы елшілікке үйрету ниеті
В. Абайды ақындыққа тәрбиелеу ниеті
С. Абайды ел билеу ісіне араластыру ниеті
D. Абайды өз алдына бөлек ауыл ету ниеті
4. Абайдың: «Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін» деген жауабына сенің көзқарасың қандай? Әке кеңесін ұстанған жөн бе әлде Абайдың көзқарасын басшылыққа алған дұрыс па? Өз көзқарасыңды білдір.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет