Мәтін -5
Үш мерген
Үш мерген құс атуға шығып, күні бойы жүріп, жалғыз шүрегей атып алады. Елге қайтпай екінші күні тағы құс атпақ болып, көлдің басына қонады. Құстың етін жеп болғаннан кейін үш мерген бастарынан өткен оқиға туралы айта бастайды. Бірінші мерген өзінің еш уақытта бос қайтпайтынын мақтан етеді. Ал екінші мерген бір шақырым жерден құс ататын қасиеті барын айтып мақтанады. Ал үшінші мерген екеуінің сөзін мұқият тыңдап, үндемейді. Таңертең үш мерген қайтадан құс атуға шығады. Алдарынан қақпанға түскен қасқырды кездестіреді. Үш мерген қасқырды «мен бірінші көрдім», «жоқ, мен бірінші көрдім, мен аламын» деп өзара таласады. Сонда үшінші мерген: «Екеуің де мергенсіңдер. Қолдарыңнан бәрі келеді. Қазір құсты кім бірінші атып алса, қасқырды сол адам алсын», - дейді.
Бұл шешімге достары келіседі. Екі мерген қанша тырысса да, оқтары құсқа дәл тимейді. Ал үшінші жігіт құралайды көзге атқан нағыз мергеннің өзі екен. Атқан оғынан ұшқан құс, қашқан аң құтылмайтын мергеннің оғы құсты бірден атып түсіреді. Қасындағы екі мерген таң қалып: «Сен неге осындай өнеріңнің бар екенін бізден жасырдың. Сен нағыз мерген екенсің ғой!» - дейді. Сонда үшінші мерген: «Арық сөйлеп, семіз шық» деген халқымыздың сөзі бар ғой. Егер мен сендерге мақтанып алып, қолымнан келмей жатса, ұят қой. Сол себепті мен сендердің әңгімелеріңе араласпадым», - депті. Екі мерген көп мақтанғандарына қатты ұялады.
Үшінші мерген қандай жігіт деп ойлайсыз?
А) мақтаншақ
Ә) сабырлы, ақылды
Б) арам ойлы
«Арық сөйлеп, семіз шық» деген мақалдың екі мергенге қандай қатысы бар? Әңгімеден дәлелдерді көрсетіңіздер.
Үшінші мергенмен екінші рет аңга шыққанда олар өзідерін қалай ұстайды деп ойлайсыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |