Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет14/16
Дата07.03.2022
өлшемі43,21 Kb.
#134428
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
PIZA ОКУ САУАТТЫЛЫГЫ мәтіндер (4) (2)

Мәтін-14
Мәтінді оқыңыз

Ганс Кристиан Андерсен – дат жазушысы. Әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы.


Андерсеннің әкесі кедей етікші, ал шешесі кір жуушы болған. 1816 жылы әкесі қайтыс болып, жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Алғашында oл тоқымашының, одан соң тігіншінің көмекшісі болып, кейіннен темекі фабрикасында жұмыс істеді.
14 жасында Андерсен Копенгаген қаласына аттанады. Анасы оны аз уақытта қайта оралар деген үмітпен жібереді. Үйін тастап, кетіп бара жатқан жас Ганстан анасы не үшін кетіп бара жатқандығын сұрағанда, ол еш ойланбастан: «Атақты болу үшін!» деп жауап береді. Ол өз мақсатына жетті. Адал еңбек, маңдай терімен танымал болды, өзін мойындатты. Бір кездері қалаға қалтасында бар болғаны 13-ақ монетамен келген жас Ганс өзінің болашағы үшін күресте ештеңеден тайынған жоқ. Ганс Кристиан ұзын бойлы, аяқ-қолдары да, мойны да жіңішке әрі ұзын, мұрны да ұзын жігіт еді. Ол өзінің ертегілеріндегі «Сүйкімсіз Балапанның» өмірлік аналогі еді. Оның көріксіздігіне, сыртқы келбетінің сұрықсыздығына қарамастан, жағымды даусына және оның қатты жалынғандығына сарайдағылар аянышпен қарап, король театрына жұмысқа қабылдайды. Мұнда ол тек қана екінші дәрежелі рольдерді ойнайды. Бірте-бірте ол рольдері де азайып, оған қоса қартайғандықтан, даусының өзгеруіне байланысты мүлде жұмыстан шығарып жібереді.
Жазушының фантазиясы мен халық ішінде сақталған аңыздарды еске түсіруі оған керемет ертегілік сюжет жасауға мүмкіндік берді. Дат жазушысының барлық туындыларында әділдіктің әділетсіздікті, мейірімділікің жауыздықты жеңетіндігіне терең сенім бар. Ганс ертегілерінде әртүрлі қызықты оқиғалар болып отырады. Ертегілері әлемдік даңкқа ие болу оңай болған жоқ. 1829 жылы жарияланған «Холмен каналынан Амагердің шығысына дейін жаяу саяхат» атты фантастикалық әнгімелер жинағы Андерсенге үлкен атақ әкеледі. Осы уақыттан бастап, ол көптеген әдеби туындыларын жаза бастайды. Соның ішінде даңқын шығарған «Ертегілер» атты жинағы жарық көреді. Жазушының талантын дәлелдеген «Суреттері бар суретсіз кітап» атты жинағының жарық көруі оны бүкіл Еуропаға танымал етті.
Андерсен халық ертегілерінің образдарын пайдаланған жоқ, бұрын мүлде беймәлім жаңа образдар ойлап тапты. Андерсен ертегілерінде бәрі бар: темір жол, ұшатын шар, тіпті газетке дейін басылып шығады. Ертегілерде заттарға жан бітіп, ойыншықтар белсенді әрекет жасайды. ¥ршық допты бағып жүрсе, тарақ етікке күйеуге шығады немесе қайтпас қайсар қалайы солдат көптеген адам сенгісіз оқиғаларды басынан кешіреді. Автор адам бойындағы жаман әдеттерді, әлсіздіктерді заттарға телиді. Мәселен, тебен инесі өзін жіңішке сезінгендігі сонша–соңында жіңішке тігін инесі екендігіне сеніп қалады. Тебен иненің өзін-өзі дәріптеуі тіпті күлкі туғызады. Ертегіші бір ханшайымның ерекше ақылдылығын суреттегенде: «Оның акылдылығы сонша–әлемдегі барлық газетті оқып шықты, бірақ оқығанының барлығын ұмытып қалды», - деп жазады. Осы мазмұндағы сатиралық ертегілер Аңдерсенде көптеп кездеседі («Корольдің жаңа көйлегі» т.б.). Андерсен ертегілері қазақ тіліне де аударылды. Оның алғашқы аудармашысы Сасан Нұрғалимов болды. Ол танымал ертегісінің ел арасына кең тараған oн бес ертегісін көркем тілмен аударып, Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасынан 1951 жылы жеке кітап түрінде жариялады. Бұл кітап — бүгінге дейін жас балалардың, қызыға оқитын кітаптарының бірі.

1. «Сүйкімсіз Балапан» ертегісінің балама кейіпкері:


А) Г.Андерсен
В) Король
С) Тауықтың балапаны
Д) Ертегі ханшайымы
Е) Тебен ине
2. Қалай ойлайсың, Г.Андерсен атақты ертегіші болмағанда, кім болуы мүмкін еді? Өз нұсқаларыңды жаз:
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Андерсен өміріндегі дұрыс тұжырымдарды жазып шық.
1.
2.
3.
4.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет