Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет12/16
Дата07.03.2022
өлшемі43,21 Kb.
#134428
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
PIZA ОКУ САУАТТЫЛЫГЫ мәтіндер (4) (2)

Мәтін-13
Мәтінді оқыңыз

І. Қазақ – күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы – түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағалаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік - түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ, түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлІк болғанын анықтай түседі.


II. Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азықпен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
III. Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған. Түйелер – ірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректлердің бір түрі. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі – жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның екі туысы бар: бірі – түйе, екіншісі – лама. Түйелер – шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүиелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата бсрсді.
IV. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің колға үйретілген жері – Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен, Айыр өркешті жабайы түйе Моңғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені халқымыз төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін – «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.
1. Түйе өркешінен бөлінген суды пайдаланатын сәт:
А) Күйіс қайырған уақыт
В) Шөлдеген уақыт
С) Түскі мезгіл.
Д)Аязды күндер
Е) Көшпелі тіршілік




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет