Мәтін-11 Мәтінді оқыңыз Құнанбайдың Абайға таққан үш түрлі мінінің бірі: «Ең әуелі - сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды. Екінші, кім көрінгенге жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің қасына ел үйірілмейді. Елді алатын қылық ол емес», – дейді.
Оған Абайдың жауабы: «Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін».
Сұрақтар
1. Құнанбай Абайға қандай мін тақты?
А. Тым көп күлетіндігіне және адам талғамайтындығына.
В. Өте қарапайым және кісі талғайтындығына
С. Тым жуас және қалтасы қалыңдармен де араласа беретіндігіне
D. Тым қарапайым және айналасындағылармен талғамай араласа беретіндігіне.
«Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды» дей отырып, әке балаға қандай болуға кеңес беріп тұр.
А. Өзін өзгелерден жоғары ұстау керек
В. Өзін көп мақтау керек
С. Өзіне ешкімді тең көрмеу керек
D. Өзімшіл болу керек
3. Құнанбайдың: «Елді алатын қылық ол емес» деуінен әкенің қандай ниетін байқауға болады?
А. Абайды жаугершілік замандағы елшілікке үйрету ниеті
В. Абайды ақындыққа тәрбиелеу ниеті
С. Абайды ел билеу ісіне араластыру ниеті
D. Абайды өз алдына бөлек ауыл ету ниеті
4. Абайдың: «Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін» деген жауабына сенің көзқарасың қандай? Әке кеңесін ұстанған жөн бе әлде Абайдың көзқарасын басшылыққа алған дұрыс па? Өз көзқарасыңды білдір.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________