Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет9/16
Дата07.03.2022
өлшемі43,21 Kb.
#134428
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
PIZA ОКУ САУАТТЫЛЫГЫ мәтіндер (4) (2)

Мәтін-10
Мәтінді оқыңыз

Бір күні психологиядан дәріс беретін мұғалім өзінің семинарын ерекше бастады: ол 50 долларлық купюрасын жоғары көтеріп, осы купюра кімге керек екенін сұрады. Тыңдаушылардың басым бөлігі қол көтерді. Содан соң психолог маман қол көтермеген 5-6 адамнан қол көтермеуінің мән-мағынасын сұрады. Сөйтсе олардың да купюраны алғысы келген, тек қана қол көтеруге ұялатынын анықтайды. Енді психолог қолындағы купюраларын мыжып-мыжып, әлгі сұрағын қайтадан қайталайды. Тыңдаушылардың барлығы қол көтереді. Енді психолог купюраны жерге тастап, аяғымен бір-екі рет басып, кір қылады да: «Әбден езілген, кірлеген болса да, бұл купюраны алғыларыңыз келеді ме?» деп сұрайды. Алайда залдағы тыңдаушылар өздерінің ойларынан танбайды.
Сұрақтар
1.Мәтінде қандай астарлы ой бар?
А. Психологтің данышпандығы.
В. Психологтің ессіздігі.
С. Купюра ақшасының әрқашан сұранысқа ие екендігі.
D. Шын алтын өз құнын ешқашан жоғалтпайтындығы.
2.Психолог маман нені дәлелдегісі келіп тұр?
А. Өмірде әрқилы жағдайлар болады: әділетсіздік, іштарлық. Алайда қанша қаралауға тырысқанмен, әркім өзінің шынайы бағасын алады.
В. Адамдар қандай жағдай болмасын, ешқашан ақшадан бас тарта алмайды.
3.Сен психолог маманның пікірімен келісесің бе? Келіссең де, келіспесең де өз ойыңды дәйекті жеткіз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет