Пк-301 тобының Студентің тегі, аты-жөні



бет6/7
Дата10.11.2022
өлшемі27,75 Kb.
#157454
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мадияр.docx
10ҚБ-1, Оранжевый Яркий Современный Здравоохранение Еженедельные Новости Команды Презентация, Nurmaganbetov.BioOkAd, мпко3 2, d6c9dd6db4cae12569d4f52289ea8a21, Нивилерлеу
2.2. Шарт жасасудың мәні
Сонымен шарт жасасудың мәні дегеніміз тұлғалар арасындағы келісім жазба болып саналады. Негізі шарттың түрлеріне қарай, жасалу жолдары да бөлінеді. Өйткені қандай іс-қимыл болмасын әрдайым келісім арқылы жүргізілу міндетті. Шарт жасатса немесе шартты орындаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығынды өтеуге міндетті. Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеге қандай да бір өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Шарт жасасу ісі жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігiн түсінгенше жалғаса береді. Пікір қайшылығы хаттамасы қабылданбаса не оны қараудың нәтижесі жайында хабар алынбаса, пікір қайшылығы хаттамасын жолдаған тарап шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылығын соттың қарауына жіберуге құқылы. Дәл осындай жағдайларда заң, әдетте келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен мiндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді. Егер заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады. Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап оны мәжбүр ету туралы және оған шығындарды төлеттіру туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Азаматтық құқық Кодексінің 402-бабының 1-тармағына сәйке шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер заңдардан, шарттан немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше туындамаса, шарт жасалған формада жасалады. Шартты өзгерту немесе бұзу жөніндегі ұсыныстан екінші тараптың бас тартуы алынғаннан кейін, не ұсыныста көрсетілген немесе заңдарда не шартта белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім болмаған кезде отыз күн мерзімде жауап алынбағаннан кейін ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлімдей алады. Шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап жолдаған шарт жобасына отыз күндік мерзім ішінде оған деген қайшы пікірлер хаттамасы алынса, онда бұл тарап пікір қайшылығы хаттамасын алғаннан бастап отыз күн ішінде басқа тарапқа шартты оның редакциясында қабылдағаны туралы не пікір қайшылығы хаттамасын қабылдамағаны жайында хабар береді.
Шартты жасасуды өзгерту – ерекше мазмұнды құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің нысанына тұрады. Шарттарды жасасу бүкіл қоғамның да, сондай-ақ мұндай келісімді жасауға міндетті тұлғаның да мүдделеріне сай болғанда ғана орын алады. Шартқа қойылған мөр қағаздағы формалды қол емес, бұл заңи салдары бар міндеттеме. Сондықтан қол қоятын барлық құжатқа мұқият болу қажет. Меншікке жеке сипаттармен анықталған заттарды беретін шарт ретінде бағалау мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді. Әрбір талапта жасалған әрекет заңдық негізде жауапқа тартылады. Еш қарсылықсыз жасалған келісім шартты бұзуға емесе өзгертуге нысан етпейді. Бұл процес елімізде өте көп кездеседі. Мысалға алатын болсақ, жеке немесе заңды тұлға ізінің қызметіне керекті объекті жалдағысы келсе ол міндетті түрде сол жердің меншік иесімен келісім шарт жасасу қажет. Шарттың мақсаты да осыда, халқаралық келісімділікті қорғай отырып, тұрғынға қажетті тұрақтылықты қамтамасыз ету. Егер шарт жасасу бұзылатын болып жатса, бұл процес сот шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы арқылы жүргізіледі. Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы жасасқанда маңызы зор. Азаматтық заңнаманың негізгі принципі шарт бостандығы болғанмен, азаматтық құқық кодексінде және басқа заң актілерінде тікелей көзделсе ғана шартты міндетті түрде жасасу мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы ереже бойынша шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды. Шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар белгілі бір түрдегі міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады. Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты формаларда анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай шартқа айналады. Өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар. Әдетте шарттар шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы адамдардың өзінің қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен қатар, шарттың жасалуына қатыспаған, бірақ орындалуын талап етуге құқығы бар адамдардың үшінші жақтың пайдасын көздейтін шарттар да бар. Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышкерден міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқылы үшінші жаққа борышкер орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады. Пікір қайшылығы сотта қаралғанда, шарттың тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды. Ол шешімге тараптар бағынуға міндетті. Шарт алдындағы даулар бойынша сот шешімдері мәжбүрлеп орындату жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз бар. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шартты орындауға немесе тиісінше орындауға әсер ететін мүліктік сипаттағы шаралар болып табылғандығы анықталған. Осы шарттың орындалуын қамтамасыз ету барлық шарттарға қолданылса болады.Азаматтық құқық кодексінің 476-бабына сәйкес тауар жеткізіп беру шарты үшін кемшілігі бар сапасыз тауарлар жеткзіліп, ол кемшiліктерді сатып алушы үшін қолайлы мерзімде жою мүмкін болмаса; тауар жеткізу мерзімдері неше қайтара бұзылса; тауарларды төлеу мерзімдері неше қайтара бұзылса шарт елеулі бұзылған боп саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет