2.3. Шарт жасасу, кепілдік шарт
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету соттың міндеті. Бұл әдістемелік шартты толық орындауға азаматтық құқық кодексі толықтай мүмкіндік береді. Сол әдістердің кең таралған, әрі танымал қолайлы түрі кепіл. Кепілге үй жалдау немесе алу, қандайда бір объектіні кепілге қою, кепілге зат қалдыру немесе алу. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепіл институтына арналған, заңды шарттардың нашарлығы әсерінен, елімізде көптеген заңсыздықтар орын алып жатыр. Мұның бір себебі кепіл құқығынан туындайтын даулы мәселелердің аздығы. Осыған байланысты кепіл құқығын реттейтін нормативтік құжаттардың өзінде иеліктер байқалады. Азаматтық Кодекстің 311 бабының 2-ші тармағында, кепіл туралы шарттарда тыйым салынбаса, қайтадан кепілге салуға жол беріледі деп көзделген. Шарттың қожайыны өзінің мүлкін яғни тұрғын үй қатынастары туралы заңның 102-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушы жалдау шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы. Біз бұл пікірді толық қолдаймыз, неге десеңіз шынында да кепілге салынған мүлікті кепіл берушінің басқа міндеттемесі бойынша қайтадан кепілге салуға кепіл туралы шартпен тыйым салынса, онда кепіл беруші кепілге салынған мүлікті қайталап кепілге салуға құқысы жоқ. Затты кепілге беруші болып меншік иесі не меншік иесінің келісімімен оған шаруашылық басқару құқығы бар тұлға немесе заң құжаттарымен қарастырылған басқа тұлға да бола алады. Кодекстің 400-бабына сәйкес шартка дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар: шарт жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда пікір қайшылығын сот қарауына беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады. Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері заң актілерінде және шартта көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін. Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада елеулі деп танылатын нақты бұзушылықтар белгіленген. Шарттан біржақты бас тартуға жол берілетін жағдайлар басқа заң актілерінде де көзделген. Кепілдікке зат алу. Бөтеннің мүлкін уақытша кепілге алу барынында сол тұлғаның мүлкі зақымдалса немесе қожайынына уақытылы қайтарылмаса, екінші тараптағы азамат Қазақстан Республикасының қылмыстық құық бұзушылық оның ішінде мүлікті қолдану және шарт жасасу баптары бойынша жауап береді. Қылмыстық құық бұзушылықтың 187 баптың бірінші, екінші және үшінші тармақтарына сәйкес 1200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмысқа немесе бес жылдық мерзімге бас бостандығынан айырылуға жазаланады.
Қорытынды
Қорыта келсем, шар жасасу бір немесе бірнеше жеке және заңды тұлғаның арасында болатын іс әрекет. Бұл құқықтық нормада шарт жасасу заңды түрде жүргізілу міндетті. Яғни тұлғалар арасында жасалынған шарт сауатты әрі келісімді түрде жүргізіледі. Бұл тақырып бойынша өзімдік ой шарттың түрлерін қарастыру барысында жеке тұлғалар арасындағы шарттық істің мәні мен мемлекеттер арасындағы шарт жасасу әрекеттерінің мәнін ұғындым. Ең басты құқықтық қайшылықтардың туындамауын қадағалау. Қылмыстық құқық бойынша және азаматтық құқық кодексі бойынша жасалынатын іс әрекеттер әрдайым соттың шешімімен аяқталады. Егерде шартты бұзу немесе өзгерт шаралары жүргізілу қажет болған жағдайда, екі тараптың қатысуымен және ең бастысы келісімдерімен қайта қаралады. Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады. Азаматтық құқық шартында топтастыру әртүрлі құқықта жүргізіледі. Міндетемелер туралы мәселені қарастыр барысында жүргізілген топтастыру белгілі болғандай тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету істері шарттарда кездесуі мүмкін. Шартқа орымас бұрын алдын ала ережелер мен үлгілерге мән беру қажет. Құқықтық нормаға сәйкес жасалғанына көз жеткізгенне кейін, келісім жасау әрдайық қолайлы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995жыл 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық кодексінің ерекше
бөлім. 1999 жыл
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 жыл
4. Қылмыстық құқық кодексі 2007 жыл
5. Қ.И.Оспанов, құқық негіздері. Алматы «Жетіжарғы» 2006 жыл.
6. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық кодексінің ерекше
бөлімі. Алматы. 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |