Курстық жұмыстың мақсаты: Шарттың жасалу мақсатымен таныс болу, жүйені негізге ала отырып, тиісті баптарды қарастыру және нәтижелі іскерлік жұмысты толықтыру. Шарт жасасудың айрықша жүйесін талқылау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Керекті мақұлымдарды жиелей отырып, үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен бөліп қарау. Азаматтық құқық кодексінің 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен кезде шартты пайдайлану. Және шарт жасасу міндеті жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген
міндеттерден жүргізу ережелерінен құралады.
І бөлім. ШАРТ ЖАСАСУ 1.1. Шарт жасасу қағидалары Қазақстан Республикасының шарттарын жасасу жоспарлары бір жылға жасалатын ағымдағы және үш жылға жасалатын перспективалық болып бөлінеді. Шарт жасасудан негiзсiз жалтаратын тарап екiншi тарапқа шарт жасасудан бас тарту туғызған залалдың орнын толтыруға тиiс. Шарт жасасу екі тұлғаның арасында жүргізілетін процес болып саналады. Шарт негізі, құқықтық нормаларға сай жасалынады. Егер екі тұлға шартты бұзуға немесе өзгертуге ұсыныс жасаса, екінші тараптың заңдық шартының мерзіміне қарай өзгертуге болады. Мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады. Қазақстан Республикасының шар жасасу ағымдары және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Шарт азаматтық құқық ережелері саласынан әртүрлі мәнде қолданылады. Шарт жасасу шарттық міндеттемені рәсімделген құжат болып табылады. Шарттардың басым бөлігі екі жақты мәміле болып табылады. Бұл шарт жасасу мәмілесі екі жақты немесе көп жақты болып табылады. Азамматтық шарттардың маңызды түрлері:
1. Сатып алу шарты
2. Шарты өзгерту
3. Шарт жасасу негізі
Қазақстан Республикасының шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын халықаралық шарттарды жасасу тұжырымдамаларының негізінде Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі әзірлейді. Шарт еркіндігі шарт жасаудың басты әрі ерекше қағидасы. Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады. Себебі шарттың міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болу керек. Бір немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу келісім шарт деп аталады. Көпжақты шарттар тараптармен жасалатын нысан. Шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады. Азаматтық құқықтық шарттар азаматтардың қоғамдық қатынасқа түсу барысында ерекше орына алады. Шарт жасасу азаматтардың құқықтарын қорғауға міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерімен рәсімделеді. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы, өкілеттіктері және қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережеде айқындалады. Қазіргі кезеңдегі қоғамның дамуын азаматтық-құқықтық қатынастардың қарқынды өсуімен сипаттауға болады, бұл Қазақстан Республикасындағы әкімшілік әміршіл басқару жүйесінен алшақтап, нарықтық қатынастардың дамуының дәлелі. Тиісті құқықтық реттеудің жоқтығы нарық субъектілерінің заңнамалық сала шеңберінде ынталы әрекет ету мүмкіндіктерін айтарлықтай шектеді және қаржылық және өндірістік капиталдың «көлеңкелі бизнес» саласына түсуіне әкелетін себептердің бірі болды. Шарт құқығы азаматтық құқық жүйесіндегі ең көлемді тараулардың бірі болып табылады. Шарт мәселелері тауар-ақша қатынастарының пайда болуымен бірге пайда болды және Рим құқығында егжей-тегжейлі құқықтық реттеуді алды. Соған қарамастан, бұл мәселелер қазіргі уақытта, әсіресе кеңестік империяның қирандыларынан пайда болған жаңа мемлекеттерде өзекті және өткір күйінде қалып отыр. Осы мәселелердің бірі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу аясы болып табылады. Заң әдебиетінде әртараптандырылған шарттар мәселесі көтеріледі. Бұл мәселеге біз де арнайы еңбек арнадық. Мәселе көбінесе шарт түсінігі азаматтық құқық шеңберінен шығатындай етіп қойылады, азаматтық құқықтан басқа еңбек шарты, отбасы құқығы, жер, қаржылық және т.б. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңның 94-бабында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда салық режимін белгілеу белгіленген. Бұл ретте мемлекет тең құқықты субъект ретінде әрекет етеді, жер қойнауын пайдаланушымен бюджетке төленетін төлемдердің саны мен мөлшері туралы шарт жасалады. Сенгісіз, бірақ бұл факт. Бізде салықтық қатынастарда азаматтық-құқықтық шарт бар. Бірақ бұл заңнамалық актіде бекітілген және жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды тек келісімшарт арқылы реттеуге арналған жалпы құқықтық құрылымнан туындайтын ережеден жалғыз ерекшелік. Мұнда бәрі өте қарапайым. Кепілге немесе лизингке байланысты туындаған екі құқықтық қатынасты нақты ажырату қажет: біреуі ішкі – міндетті – жалға беруші мен жалға алушы арасында, екіншісі сыртқы – жалға алушы мен барлық үшінші тұлғалар арасындағы нақты, жалға алушының өзі жалға алған затқа өзінің нақты құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамауға міндетті.