Байланысты: Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)
Annotation In the field of education, efforts are being made to improve the quality of education, intensify and
modernize the educational process using information technology. Depending on the qualification level of
professional training, the contribution of practical training to the development of thinking skills is
different. The contribution of practical training to the development of thinking skills in general education
is special.
Кілттік сөздер: үдеріс, ақпарат, интенсификациялау, модернизациялау, процес, критерий
,
схема, стандарт, технология, портфолио, динамика.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің
бірі
–
оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану
болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына
ақпараттық кеңістікті құру енгізіліп, көкейкесті мәселенің бірі ретінде күн тәртібінен түспей
отырғандығы мәлім.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі
күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үдерісін интенсификациялау мен
модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кәсіби даярлықтың біліктілік деңгейіне байланысты практикалық даярлыктың ойлау
біліктілігіне қосатын үлесі әртүрлі. Жалпы білім беруде ойлау біліктілігіне практикалық
даярлықтың қосатын үлесі ерекше болып келеді. Қоғамның алдына қойып отырған өскелең
әлеуметтік талаптарды қанағаттандыра алатындай жас жеткіншіктерді оқыту мен тәрбиелеу
сапасын жақсартудағы негізгі тұтқа болып табылатын муғалімдердің кәсіптік дайындығына
байланысты. Болашақ технология пәні мұғалімдерін дайындау сапасын көтеру педагогикалық
университеттерде жүргізілетін физика
-
математикалық, педагогика
-
психологиялық, қоғамдық
-