ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ:
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ
227
саяси т.б. пәндерді оқыту тиімділігін арттыруға байланысты екендігі түсінікті. Ғылым мен
техникалық прогрестің даму қарқынына ілесіп отыру үшін, болашақ технология пәні мұғалімінің
жоғары оқу орындарында алған білім негіздерінің қоры, оның кәсіптік жарамдылық деңгейін
толық анықтай алмайды. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі оның логикалық ойлау қабілетінің дәрежесі
мен әдістемелік дайындығының сапасына тікелей байланысты.
Оқу үдерісінде компьютерді пайдаланып оқып
-
үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге
-
оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде
әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін
анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт
тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар
білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті құрал көзі болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие,
сапалы кәсіби бағытта білім алуына жағдай жасайды, ал
екінші бағыт
тұрғысында, ақпараттық
технологиялар оқу
-
тәрбие үдерісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып
табылады.
Бүгінгі таңда, мектептің кәсіби бағытта білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында
өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса
компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей
жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз,
оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.
Сондықтан, білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін
ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастырудың
түрлерін жетілдіру қажет. Мұның өзі мынадай оқу
-
тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
-
оқу
үдерісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша
жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
-
нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді.
Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға
мүмкіндік алады;
-
материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
Ғылыми педагогикалық
-
психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып
-
үйрену
мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үдерісіне енгізу үшін кешенді
ақпараттық
білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық
технологиялар құрайды. Енді кәсіби бағытта оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін
ашады.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүргізіліп жатқан оқыту үдерісі оқушының
жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға
үйретіп, нәтижесінде
–
өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын
және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық
технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Сонымен, ақпараттық технология саласы бойынша ұйымдастырылған оқыту
үдерісінің
негiзгi мақсаты
-
бiлiм беруде оқушылардың кәсiби шеберлiгiн ақпараттық мәдениеттi
қалыптастырумен байланыстыруға бағытталған.
Оқу үдерісін оңтайландыру деп мұғалімдердің берілген уақыт ішінде оқушыларды оқыту
мен тәрбиелеу мәселелерін шешуде барынша мүмкін болатын тиімділікті қамтамасыз
ететін осы
процесті құрудың ең жақсы нұсқасын мақсатты түрде таңдауы түсініледі. Уақыт бірлігіндегі білім
беру ақпаратының ең көп мөлшерін игеру оқытудың оңтайлылығының критерийі бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |