Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет275/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ: 
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ 
230 
Keywords: Digital education, art work, Photoshop, drawing, computer painting. 
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті 
– 
білім беру сапасын арттыру, яғни 
халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды 
деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті ел жастарын дайындау. . Ең бастысы 
– 
білім беру 
сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде 
жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс.
Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру 
– 
бұл мақсат емес, бұл 
– 
Қазақстанның 
абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді 
тәсілді талап етеді.
Цифрлы оқыту
-
бұл компьютерлермен бірге жүретін және технологияны тиімді қолданатын 
оқытудың кез
-
келген түрі. Ол әртүрлі тәжірибелерді, соның ішінде аралас және виртуалды 
оқытуды қамтиды. Сондықтан ғылыми
-
техникалық прогрестен қалыспай, жаңа цифрлы 
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу 
– 
әрбір мұғалімнің негізгі 
міндеті болып табылады.
Қазіргі мұғалім әлеуметтік 

мәдени кеңістіктің қажеттіліктері мен өзгерістеріне байланысты 
білім беру жүйесінің дамыған инфрақұрылымының мүмкіндіктерін қолдана отырып, кәсіби 
қызметке дайындалуда. Бұл нәтижелер болашақ мұғалімнің шығармашылық іс 
-
әрекетінің 
өнімдерінде және әртүрлі деңгейдегі көрмелерге қойылған оқушылардың шығармашылық 
жұмыстарында көрінеді. Сондықтан қазіргі заманғы оқушылардың суретке деген білімі 
жұмыстарын көрмелерге көрсетуге деген қызығушылығының артуында. Көрме шығармашылық 
және ізденіс пен талант сипатындағы белгілі бір міндеттері бар ұйымдастырылған іс
-
шара ретінде 
қарастырылады және қабілет, ғылым, өнертану бағытындағы зерттеу нысаны болып табылады. Әр 
түрлі деңгейдегі көрмелерге қатысу 

бұл қатысушылардың қабілеттерін бақылау, дайындық 
деңгейін, сурет салуға, қол өнерге деген талантын немесе шығармашылық қабілеттерін бағалау.
Бұл процестердің барлығы техникалық жаңалықтарға ұшырайды және бүгінде 
шығармашылық білім (сурет салу, сызу) берудің жаһандық цифрландырылып жатқаны туралы 
сенімді түрде айтуға болады. Қазіргі уақытта суретшілердің, оқушылардың шығармашылық 
қызметінде қолданылатын цифрлық технологиялар өте алуан түрлі. Суретті компьютерлік 
бағдарламалардың көмегімен салуға болады (Digital art 
– 
сандық кескіндеме) немесе дәстүрлі 
технологияның көмегімен жасалған суреттерді цифрландыруға болады.
Қазіргі мектеп оқушылары
өзгерді, техникалық жаңалықтарға дайын болды, ақпараттық 
тәсілдер мен шығармашылықты біріктіре алады. Компьютерді, телефонды, планшетті қолдану 
білім алушының табиғи қажеттілігі мен күнделікті тәжірибесіне айналды, онда ақпарат алу ғана 
емес, сонымен қатар өзін
-
өзі көрсету, өзін
-
өзі дамыту және өзін
-
өзі насихаттау қажеттілігін жүзеге 
асыру орын алуда.
Оқушылар үшін бұл шығармашылық қызметтің жаңа түрі, алғашқы сабақтарда компьютерде 
жасалған туындылармен танысу арқылы оқушылардың қызығушылықтарының пайда болуына 
ықпал етеді. Соның бірі, Photoshoр бүгінде компьютерлік графикадағы нүктелік кескіндермен 
жұмыс істеуге арналған бағдарламаның бірі болып табылады. Бағдарлама кескіндерді және 
олардың бөліктерін ажырату немесе біріктіру арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Сондай
-
ақ, бұл 
бағдарлама бүкіл кескіннің де, оның жеке бөліктерінің де көлеңкесін, тонусын, қанықтылығын 
реттеуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны интерактивті тақта немесе планшет (ұялы телефон) 
арқылы қолданған тиімді және оның пайдаланушы интерфейсін компьютер тышқанын 
алмастыратын қаламмен басқаруға арналған, өйткені қаламмен сурет салу компьютер тышқанына 
қарағанда әлдеқайда ыңғайлы және табиғи болып келеді. Сонымен қатар, қаламның, компьютер 
тышқанынан айырмашылығы, қысымға сезімтал, бұл бояу штрихтарын жасауға мүмкіндік береді. 
Цифрлы кескіндемеде компьютер мольберт щеткасы сияқты қолданылады. Компьютерде жақсы 
сурет салу үшін сурет салуда жинаған негізгі білім мен тәжірибенің білім базасын дұрыс қолдана 
білу керек. Түстерді қолдану туралы заңдарды білу, пішін мен құрылым туралы,, жарық сәуле мен 
көлеңке үйлесімділігі турлы заңдарын білу, сәндеу туралы білімдерді қажет етеді.
Мұның бәрі әр кезеңдегі жұмыс процесі туралы толық түсінік береді және оқушының өз 
міндеттерін орындау қарқынын таңдап, өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Компьютерде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет