Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет344/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
285 
қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интербелсенді 
бір көзқарастың немесе бір ғана 
сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар 
сыни 
ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, 
балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа 
адамдармен тиімді қарым
-
қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және 
топтық жұмыс ұйымдастырылады,
зерттеу жұмыстары, 
рөлдік ойындар қолданылады, 
құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды. Әр 
мұғалім сабақ өткізген кезде 
оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды, сонымен қатар компьютерді, 
интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім береді. Осы арқылы 
оқушылардың қызығушылығы 
арта түседі.
Интербелсенді 
тақта 
– 
топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл 
оқытушы 
жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге 
көрінетін құнды құрал.
Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға 
мүмкіндігі зор. Ол әдеби талдаулар мен түрлі сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын 
мәселелерді шешуге көмектесе алады. Мұғалімдер өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі
тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданады. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа 
материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, 
қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті 
тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интербелсенді тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, 
оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интербелсенді тақта топтағы барлық оқушылардың 
басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, 
түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.
Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде беруге 
ұмтылмауы керек. Бұл оқушылардың өздігінен танып
-
білу дағдыларын қалыптастыра отырып, 
жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай үйренуіне ықпал 
етеді. Интербелсенді оқыту моделін пайдалану 
— 
өмірлік жағдаяттарды 
модельдеуді, рөлдік 
ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. 
Оқу процесінің қандайда бір 
қатысушысын немесе идеяны ерекшелеуді шектейді.
Заманауи технологияларға негізделген білім берудің жаңа әдіс
-
тәсілдерін қазақ әдебиеті 
сабағында пайдалану оқушыларды ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді бойына жинаған өзіне 
сенімді тұлға ретінде қалыптастыруда зор рөл атқарады. Жаңа технология өскелең ұрпақты оқыту 
мен дамыту сапасын арттыруға үлкен 
мүмкіндік береді. 
Әдістемелік еңбектерде В.Кларин 
технология сөзіне қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту
-
үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал 
педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым
-
қатынас технологиясы, оқыту 
технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары 
мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» 
– 
деген түсінік береді. 
Педагогикалық жаңа технология 
– 
дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында 
арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс
-
тәсілдер. Демек,
педагогикалық технология 
дегеніміз оқу
-
тәрбие үрдісін шығармашылықпен байланыстыра жүргізіп, тәрбиенің тиімділігін 
қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымы баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту 
технологияларын өмірге енгізуде.
Жаңа технологияны қолдану барысында алдымен оқып
-
үйрену, 
сосын меңгеру, оны өмірге ендіру және ары қарай дамыту кезеңдері болатыны белгілі. Білім беру 
жүйесіндегі жаңа технологияларды әдебиет пәнінде тиімділікпен пайдалану 
– 
уақыт талабы. Ол 
пән мұғалімінің шеберлігін ғана емес еңбекқорлығын да талап етеді. Бүгінде білім беру жүйесінде 
түбегейлі өзгерістер жүріп жатқаны белгілі. Білім мазмұнын жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, 
ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымына 
үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктеп отыр. 
Осы тұрғыда орта мектеп, арнаулы оқу 
орындары мен жоғары мектеп мұғалімдерін пәнді оқытуда ақпараттық
-
коммуникациялық 
технологияларды пайдалану жолдарын жетілдіруде. Бүгінгі күні білім беру үдерісінде 
пайдаланылып жүрген технологиялардың өзіндік философиясын зерделеп, әр пәнге лайықты 
бейімдеу, оқу материалдарының жүйелі кешенін әзірлеу, оны сараптамадан өткізу қажет
-
ақ. 
Әдістеме ғылымының өзінде педагогикалық технологиялар әр пәннің өзіндік ерекшелігіне қарай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет