КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 287
Бүгінгі таңда көп ұлтты Қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін жеткіншек
жас ұрпақтарды мемлекеттік рәміздер мен «Мәдени мұра» нысандарында, жалпы ұлттық
құндылықтарды құрметтеп, қастерлеуге бағдарланған патриоттық тәрбе беру өзекті мәселеге
айналуда. Еліміздің «Білім туралы» Заңының 8
-
ші бабында білім беру жүйесінің басым
міндеттерінің қатарында «азаматтық пен елжандыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» туралы да айтылған [1, 15б.].
Міне, осы ұстанымдардың негіздеріне сүйене отырып біз оқушыларды өлкетану іс
-
әрекеттері арқылы
қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді мақсат етіп отырмыз.
Жалпы өлкетану тарихын оқыту
–
адамға белгілі бір мақсатта әсер ету ерекшелігі ең
алдымен, адамгершілік сезімдерін дамытады және тәрбиелейді, адамның барлық психологиясын
белсендіреді, қоғамдық мәні бар құндылықтарға бағыттайды.
Елімізде туған өлке тарихын оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Бұл
жағдай ел дамуының тарихи және қазіргі заманғы аспектілеріне байланысты. Білім берудегі бұл
бағыт оқушыларға өз елінің өткені мен бүгіні туралы білуге мүмкіндік беріп қана қоймай,
олардың бойында отансүйгіштік, Қазақстанның мәдени мұрасы мен көпұлтты тарихын құрметтеу
сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Ол үшін жаңа бағдарламаларды қарастырып, сабаққа
кіріктіру қажет. Мәселен:
1. Мектеп бағдарламасына интеграция жасау Өлкетану тарихтың маңызды бөлігі. Ол тарихи оқиғаларды, мәдени және ұлттық
дәстүрлерді, маңызды тұлғаларды, сондай
-
ақ ел өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік
дамуын зерттеуді қамтиды. Бұл пән оқушылардың өз елінің тарихын жан
-
жақты қабылдауын және
ондағы орнын түсінуін қалыптастыруға бағытталған.
Туған өлке тарихын мектеп бағдарламасына біріктіру
-
оқытуды интерактивті, танымды етіп
қана қоймай, әртүрлі формалар мен әдістер арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұны іс
жүзінде қалай жүзеге асыруға болатындығын бірнеше мысал арқылы қарастырайық.