FLIPPITY ПЛАТФОРМАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бузаубакова К.Д.
,
Қазбек А.Қ
.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз өңірлік
университеті «Математика мұғалімдерін даярлау»
білім беру бағдарламасы студенті, Тараз қ.
Аннотация:
Бұл мақалада Flippity платформасының мүмкіндіктері жайлы айтылады, әрі осы
платформада ойындарды жасау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятуға
болатыны түсіндіріледі. Интернет ресурсында қызықты ойындардың қалай жасалатыны, интернет
ресурстарының көмегімен қандай нәтижеге жетуге болатыны ашып көрсетіледі.
Аннотация:
В этой статье рассказывается об особенностях платформы Flippity и
объясняется, как создавать на этой платформе игры, чтобы стимулировать интерес учащихся к
уроку. Интернет
-
ресурс показывает, как делать интересные игры, каких результатов можно
добиться с помощью
интернет
-
ресурсов.
Annotation
.
This article introduces the features of the Flippity platform and explains how to create
games on the platform to stimulate students' interest in the lesson. The Internet resource shows how to
make interesting games, what results can be achieved using Internet resources.
Кілтті сөздер:
Цифрлы құзіреттілік, Flippity платформасы, ойын, әдіс, мүмкіндіктер, сайт, сілтеме, сурет,
жүктеу.
КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ:
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ:
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД
298
Цифрлы оқыту платформалары
–
бұл электронды білім беру процестерін ұйымдастыруға
және жүргізуге арналған онлайн жүйелер немесе бағдарламалық шешімдер. Олар білім
алушыларға оқу мазмұнына, тапсырмаларға, тесттерге, сондай
-
ақ оқытушылармен және басқа
студенттермен өзара әрекеттесу құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Цифрлық оқыту
платформаларын әртүрлі салаларда, соның ішінде мектепте білім беру, кәсіптік оқыту,
университеттердің онлайн курстары және т.б. үшін пайдалануға болады. Олар әдетте бейне
оқулықтар, интерактивті тапсырмалар, талқылау форумдары, нақты уақыттағы чаттар және
прогресті
бақылау жүйелері сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді ұсынады. Ойын арқылы сабақты
түсіндірудің оқушыларға пайдасы зор. Себебі, оқушыға ойын арқылы сабақты түсіну оңай, әрі
қызықты болады, әрі есінде ұзақ уақытқа дейін сақталады.
Ойын
–
бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез
-
құлқын
қалыптастырып, ой
-
өрісін өсіріп, ортаға бейімделіп, өзін еркін сезінуге үйретеді. Ойын
–
балалардың бір
-
біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық
сезімдерін тәрбиелейді. Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс
-
әрекет түрі оқу іс
-
әрекеті болып
табылады. Баланың мектеп табалдырығын аттағаннан, бұл кезең оның қатынастарының барлық
жүйесін жанамалай бастайды. [1].
Қазіргі таңда цифрлық құзіреттіліктердің жоғарғы деңгейде дамығанына байланысты
ойындар жасауға болатын бірнеше сайттар мен программалар бар. Компьютермен ойын жасауға
өте қолайлы, ыңғайлы жасайтын
Flippity
сайтымен қалай жұмыс жасауға болатынын көрсетейік.
Ең алдымен
https://www.flippity.net/
сайтын әлеуметтік желіден іздеп кіреміз.
1-
сурет
Сайтқа к
іргенде бірден алдымыздан 1
-
суреттегідей терезе ашылады. Бұл сайтта жұмыс жасаудың
ең басты артықшылығы тіркелуді қажет етпейді, тек Google аккаунтыныңыздың болғаны
жеткілікті. Бұл платформа арқылы біз 30
–
дан астам ойын түрлерін жасай аламыз. Солардың
бірнешеуіне тоқталып өтейік.
Бірінші ойын түрі
–
Флэшкарта әдісі (1
–
сурет). Бұл ойынды жасау үшін ең алдымен “Instructions”
батырмасын басамыз.
2-
сурет 3-сурет
|