КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ:
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ:
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД
258
шығармашылық ойлау дейміз.
Ізденімпаз мұғалім баланың білімін алуға деген қажеттілігін туғызу керек. Жаттанды дүниені
қайталай бергеннен гөрі, шынайы ойланатын шығармашылыққа итермелейтін сабақтар өткізілуі
шарт. Осындай оқыту ғана бала интелектісінің көзін ашып шығармашылығын дамытады. Сабақ
үнемі жарысқа,сайысқа құрылса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артары даусыз. Сурет
бойынша әңгіме құрату, әңгімеге ат қойғызу, белгілі тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру,
сөзжұмбақ шешу сынды бірқатар жұмыстар оқушылардың білімдерін жетілдіріп ғана қоймай,
оларды ұшқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелері анық.
Шығармашылық тапсырмалардың барлығы бір мақсатта жүзеге асырылады: ол
оқушылардың шығармашылық жұмысы негізінде қоршаған дүниедегі құбылыстарды қабылдау
дағдысын қалыптастыруға көмектесу болып табылады.
Мектепте әрбір сабақ өзіндік ерекшеліктерімен өлшенеді. Оқушыларға әрбір сабақты сапалы,
әрі саналы меңгерту үшін оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізудің мәні зор. Материалды
толық меңгертіп, пәрменді тәрбие беру мұғалімнің ынта
-
ықыласына тіпті қабілетіне байланысты.
Қазіргі кезде сабақты оқушыларға тек оқулық көлемінде ғана білім беріп, бірізділікпен оқытылып
келе жатқаны бәрімізге аян. Осыдан келіп, оқушылардың пәнге деген ықыласы қызығушылығы
төменгі
дәрежесін көрсетеді. Оқушының белсенділігіне көңіл бөлінбейтіндігін, педагогикалық
жағдаяттар туғызылмайтындығын; негізгі құрал
-
оқулық болып, оқушылардың өз еркімен білімді
меңгеруге кедергі келтірген осындай мәселелерден оқушылардың көпшілігі көп қиыншылықтарды
басынан өткеруде
[4,101].
Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгерту үшін әр қилы әдіс
-
тәсілдерді қолдана отырып, осы
пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.
Мектептегі басты тұлға
-
мұғалім. Мүғалімдер жұмысының қажырлы еңбегіне,
шығармашылық белсенділігіне мектеп реформасы игі әсерін тигізеді. Өз кәсіби сүйетін,
шәкірттерін жақсы көретін
-
абыройы үшін күресу білетін әрбір ұстазды құрметтеген, ұлағатты
ойдың, өнегелі істің, бағытты тұрмыстың ұйтқысы деп сыйлаған, үлкен де, кіші де құрметті.
Мұғалімнің білімі өз ісіне сүйіспеншілігі, шығармашылық ізденімпаздығы көрінетін кезеңі
—
сабақ үрдісі. Сабақ оқу
-
тәрбие үрдісінің ең басты, маңызды мәселе. Сабақтың тиімділігін
арттыруда маңызды факторлары
-
теориялық материалды терең түсіндіре білу, оны практикалық
-
іс жүзінде іске асыру болып табылады. Әр оқушымен жеке жұмыс оқушылардың өз бетінше
ізденуі арқылы жүзеге асады. «Білім
–
негізі
–
сабақта» демекші, әрбір сабақ үлкен дайындықпен,
жан
-
жақты жұмыс түрлерімен ұштасып жатады. Әсіресе, әр сыныптағы тақырыптардың
мазмұнына қарай, жас ерекшеліктеріне байланысты дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу
оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттырады. Көбіне, мұғалімдер әрбір
тапсырманы оқушыларға дайын күйінде беруге тырысады да, тапсырманың мазмұнын
оқушылардың ойлауына, оны өздігінен талдап түсінуіне аз көңіл бөледі. Оқушылар өздігінен көп
жұмыс жүргізулер керек. Шығармашылықпен жұмыс істеудің, маңызы, мәні өте зор.
Пайдаланатын тапсырмалар әртүрлі болады.
Мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру өте күрделі процесс. Ол
біріншіден, мұғалімнің іс
-
тәжірибесі, шеберлігі мен біліміне қатысты болады.
Шебер мұғалім өз ісінің маманы деген сөз, сондықтан еңбектері жақсы нәтижеге жету үшін
әр бір мұғалім білімін шыңдап, біліктілігін арттырып, шеберлікке жетуі тиіс. Қазіргі
реформалардың талаптарына сай нақты тәрбиелік іс
-
әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға
икемді шығармашыл, педагог
-
зерттеуші, ойшыл мұғалімді қажет етеді. Мұғалім оқушыларды
білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық,
шығармашылық қабілетін дамытады. Мұғалім ең алдымен бала жанының тамыршысы болуы тиіс.
Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бала жанының
қобызшысы болып, оның жүрегіне жол тапқан ұстаз ғана «адамның диханы» бола алады. Сусыз
тастақ жерге дихан болу қандай қиын болса, «адамдық дихан» болу үлкен ізденіспен біліктілік
арқылы ғана болмақ.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға,
білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен
-
күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы
бойында білім нұры тасып, сыныптан
-
сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы
ортамен байланысы дамып, шығармашылығы, дүниетанымы арта түсері анық.
Достарыңызбен бөлісу: |