Байланысты: Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)
Қолданылған әдебиеттер: 1.
1.Намазбаева Ж.И., Сарсенбаева Л.О. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың
психофизикалық дамуының ерекшеліктері. . Алматы, 2015ж.
2.
Богомолова А. И. Балалармен жұмыс жасауда логопедиялық сабақтарға арналған нұсқаулық
. М.; СПб., 2006.
3.
Қ.Қ.Өмірбекова, Г.С.Оразева, Г.Н.Төлебиева, Г.Б.Ибатова. Логопедия Алматы, 2011.
4.
Т.Б.Eпифaнцeвa.Арнайы білім беру мұғаліміне арналған анықтамалық, Фeникc,2006.
5.
Батырбекова Н.Х., Канатова А.М., Иманкулова М.С. " Білім беруді жаңғырту жағдайындағы
әлеуметтік педагогтың кәсіби құзыреттіліктері" 2021ж.
6.
Колесникова А.Н. " Қазіргі мектеп жағдайында психологиялық
-
педагогикалық көмекті
қажет ететін балалармен әлеуметтік
-
педагогикалық жұмыс" 2019ж.
ӘОЖ 373.24
БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Карабалаев К . А . М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, аға оқытушы
Тәуелсіз еліміздің
XXI
ғасырғ аөтудегі стратегиясының негізгі бөлігі
-
білім беру жүйесін
-
жақсарту. Қазіргі таңда Қазақстанда әлеуметтік
-
экономикалық мәселелерге байланысты білім беру
саласында айтарлықтай өзгерістер енгізілуде. Білім берудің мақсаты мен міндеттері тұлғаның
сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Оқыту үдерісінде әлеуметтік құзыреттіліктерді
дамытудың тиімді тетіктері мен құралдарын іздеу әлі де өзекті мәселенің бірі болып отыр.
«Біздегі басты міндет
–
білім беруді жаңа сапамен және мазмұмен толықтыру»,
–
деген
болатын Елбасымыз Ә.Н.Назарбаев
кезекті Жолдауында
[1].
Бүгінгі күні ғылым мен техниканың
даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білімнің және іскерліктің керектігін талап етеді.
Сол себепті де оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, оқушының табиғи дарындылығын
пайдалана отырып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін дамыту керек.