Ключевые слова: подросток,возраст, поведения, девиация, агрессия, аутоагрессия,
бихевиоризм, гештальтпсихология,делинквентное поведение, криминальное поведение,суицид. «Девиантты мінез
-
құлық» терминін психологияда көбіне жастық категориямен, яғни
жеткіншектік кезеңмен байланыстырады. Бұның себебі жасөспірімдік кезең әлеуметтік
-
мәдени
өзгерістерге және әлеуметтік жағдайлардың дамуына жоғары сензитивтілікпен ерекшеленеді. Дәл
осы жаста баланың мінез
-
құлық девиациясы отбасы, мектеп ұжымы шекарасынан шығып, қиын
мәселені туындатып, қоғамға, өзіне қауіп төндіре бастайды. Девиантты мінез
-
құлықтың пайда
болуы мен салдары оның тұлға ретінде дамуына қатты әсер етуі мүмкін.
Жалпы, баланың қиын тәрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді
сақтамауын ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді)
деп атайды [1]. Соған орай көптеген әдебиеттерде «қиын бала» түсінігінің орнына «девиантты»
терминінің қолданылуы жиі кездеседі. Жалпы, «қиын мінез
-
құлық», «девиантты мінез
-
құлық»,
«ауытқыған мінез
-
құлық» түсініктері синонимдер болып табылады. Қиын бала туралы ұғымда
қай терминді алсақ та қателеспейміз. Негізінен, ғылыми бірлестікте девиантты мінез
-
құлықтың пайда болу себептері туралы
пікрлестік жоқ. XX ғасырдың басында девиацияның себептері туралы биололгиялық және
психологиялық тұжырымдар кең тарады. Италияндық дәрігер Ч.Ломброзо адамның асоциалды
мінез
-
құлқы мен биологиялық ерекшеліктерінің арасында тікелей байланыс бар деп есептеген. Ол
атап көреткен «туа біткен қылмыскер» типі астыңғы жақ сүйегі шығыңқы, бір жерінің ауырғанына
сезімталдығы төмен және т.б. азып бара жатқан индивидті көрсетеді. Американдық психолог
У.Х.Шелтон адамның дене бітімі оның мінез
-
құлқын анықтайды деп есептеген. Оңалту
орталығында 200 ұл балаға жүргізілген зерттеуге сүйеніп, Шелтон девиацияға атлеттік дене бітімі
бар адамдар анағұрлым бейім деген қорытынды жасайды. Кейіннен психологиядық тұжырымды
қолдаушылар девиацияны психикалық ерекшеліктермен (психиканың тұрақсыздығымен,
эмоционалды ерікті саланың дамымауымен) байланыстырады.
Жеткіншектің даму кезеңдеріне назар аударған ғалым Ж.Ж.Руссо болды. Ол өзінің «Эмиль»
атты романында осы кезеңнің адам өміріндегі психологиялық маңызын атап көрсеткен.
Жеткіншектік шақты «екінші рет дүниеге келу» ретінде сипаттап, аталмыш кезеңнің мына
ерекшелігін
-
өзіндік сана
–
сезімнің өсуін атап көрсетті. Бірақ жасөспірімдік кезең идеясының
ғылыми тұжырымдамасын С.Холл 1904 жылы жарық көрген «Есею: оның психологиясы,
сонымен қатар физиологиясымен, анторпологиямен, әлеуметтанумен, жныстық қатынаспен,
дінмен және білім берумен байланысы» атты еңбегінде берген.