Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет334/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
278 
Холлды жеткіншектік жас психологиясының «атасы» деп әділ атаған, себебі ол аталған 
құбылысты түсіндіретін тұжырымды ғана ұсынып қоймады, сонымен қатар, әдетте жасөспірімдік 
кезеңмен байланыстыратын мәселелер шеңберін анықтады. Неміс романтизмі философиясының 
ізімен Холл жасөспірімдік кезеңнің мазмұнын сананың дағдарысы («құйын мен басымдылық») 
деп көрсетті, бұл дағдарыстан өткеннен кейін адам «жеке тұлғалқ сезіміне» ие болады деген пікір 
айтады. Холл өз үлгісін адамзат тарихындағы романтизм дәуіріне сәйкес тұжырымдайды, яғни 
жасөспірімдік
кезең 
– 
балалық шақ пен ересектік күйдің арасындағы аралық кезең.
Жеткіншектік жастың теориялық үлгісі батыс психологиясының басты бағыттарының 
бәрінде көрсетілген. З.Фрейд пен А.Фрейдтің (психологиялық сараптама), К.Левиннің 
(гештальтпсихология) және Р.Бенедиктің (бихевиоризм) теорияларының бір
-
бірінен 
айырмашылқтары болғанымен, бұл теориялардың барлығы онтогенетикалық дамудың жалпы 
үлгісінен бастау алатындығы оларды біріктіреді. Жеткіншектік кезеңнің мазмұндық жағынан 
өзгеше батыс теориялары дәл осы жерде, жалғыз тармақта психикалық даму үдерісін болмысынан 
бейімдегіш ретінде түсінуде тоғысады, себебі эволюциялық үлгіде даму ағзаның ортаға (қоғамға) 
бейімделуінің шартты қажеттілігі ретінде қарастырылады
[1]. 
Алайда «әлеуметтік ортаның» 
факторларына бихевиоризмге, гештальтпсихологияға, психологиялық сараптамаға және 
басқаларға батыс теориялары әр түрлі түсінік береді.
Қазіргі уақытта мінез
-
құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттелініп жаңа сипатқа ие 
болуда және әлеуметтік
-
психологиялық және педагогикалық (М.А.Алемаскин, А.С.Белкин, 
Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, Г.П.Медведев, М.Ф.Мягков, Д.И.Фельдштейн және т.б.); клиникалық 
(Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, О.В.Кербиков, В.В.Ковалев, М.З.Певзнер, Г.Е.Сухарев және т.б.); 
криминологиялық (М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, Г.М.Миньковский және т.б.) аспектіде 
қарастырылуда.
Қазақстандағы девиантты балалар мәселесі В.Г.Баженов, В.П.Баженова еңбектерінде 
сипатталса, Ж.Қайырова, Р.Қойлыбаева, Г.Қалиева, Қ.Серікбаев, А.Аңламасова т.б. мақалалары 
түрлі педагогикалық
-
психологиялық журналдарда жариялануда.
Сонымен қатар, өзіміздің Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымыздың 
профессорлары, оқытушылыры, магистранттары осы мәселеге байланысты көптеген ғылыми 
мақалалар, еңбектер жазған. Атап айтсақ: Т.Қ.Бөлеев, Д.А.Сабекова, А.Ш.Стыбаева, 
Ж.А.Өскенбаева т.б. көптеген педагогтарымызды айтуға болады. Сонымен осы заманға дейінгі 
ғалымдардың енбектеріндегі ой
-
пікірлері мен тұжырымдамаларын талдай келе, біз мынадай 
қорытында жасай аламыз: девиантты мінез
-
құлық 

әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес 
келмейтін мінез
-
құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез
-
құлықтың бір түрі. Кейде бір әдебиеттерде 
«антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиация бірнеше типтен тұрады:
-
Девиантты
-
Делинквентті
-
Криминалды мінез
-
құлық
1.Девиантты мінез
-
құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет 
бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез
-
құлық, 
суицид т.б. жатады.
2. Девиацияның екінші түрі 
– 
делинквентті мінез
-
құлық. Ол заң бұзушылықпен 
ерекшеленеді. Оның мынадай типтері бар:
-
Агрессивті 
– 
зорлаушылық мінез
-
құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, 
күйдіріп
-
жандыру сияқты жағымсыз іс
-
әрекеттерден көрініс береді.
-
Ашкөздік мінез
-
құлық: ұсақ ұрлықтар, қорқытып
-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы
материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез
-
құлық.
-
Наша сату және тарату.
3. Криминалды мінез
-
құлық 
– 
заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы 
жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады [2,3]. 
Зерттеу объектісі ретінде девиантты мінез
-
құлықты ғылыми білімдердің түрлі сфералары 
зерттейді: психология, (тұлға психологиясы, әлеуметтік психология), медицина, юриспруденция, 
мәдениеттану, әлеуметтану, педагогика. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет