Сапа философиясының қалыптасуы
Сапа философиясы – сапа концепсиясын қалыптастыру байланыстарының себеп салдарын және тенденциясын, негізгі процесттерді түсінудегі ғылыми тәсілдердің жиынтығы.
Сапа философиясының негізінде, кәсіпорын қызметінің негізі жатыр. Кәсіпорын негізінде, ішкі және сыртқы мақсаттар бар.
Ішкі мақсаттар – кәсіпкер орнататын мақсаттар.
өз пайдасын ұлғайту;
пайда табу;
амбицияны қанағаттандыру;
Кәсіпкерліктің сыртқы мақсаты – қоғам орнататын мақсаттар.
Ішкі және сыртқы мақсаттар өмір сапасын жақсартумен байланысты.
«Тұтыну қоғамы» концепсиясы негізін, ХХғ басында кәсіпкерліктің философиясы саласынан бастады. Осы концепсияға сәйкес, кәсіпкерлік мақсаты – тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру. Бұл концепсия 60ж. қалыптаса бастады. АҚШ-та президент Джон Фицджеральд Кеннеди, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға негізделген мемлекеттік бағдарламаны қабылдады. Тұтынуушылардың құқықтарын қорғау туралы алғаш заң қабылданды.
«Тұтыну қоғамы» концепсиясының басты жетістіктері:
- қызмет пен тауарлардың халықаралық нарығының қалыптасуына алып келген, сауда бостаңдығы принципін өмірде іске асыру;
- бәсекелестікіт күшейту;
- сапалы тауарлар мен өнімдерге тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту.
- сапаға төлеу және өндірушілермен қызмет етуге дайын тұтынушылардың, сапа сезімінің жоғары деңгейі.
90ж. белгілі болды, тұтынушылардың қадағаланбайтын сұраныс өсімі, қоршаған ортаның қасиеттерінің едәуір бұзылуына алып келуі, және едәуір экологиялық проблемаларды шақыруы мүмкін. Ғаламшар қорлары «тұтыну қоғамына» негізделген. Бірақ көптеген мемлекеттер, осы жолмен әлі де жүруде. Соңғыға байланысты, қазіргі кезеңде жаңа кәсіпорын философиясының қалыптасуы жүргізілуде.
Сапаны қаматамасыз ету әдістерінің эволюциясы
Сапа тарихында бес қиылысатын фазалар бар:
Өндіру фазасы
Сапаны бақылау фазасы
Сапаны басқару фазасы
Сапа менеджменттінің фазасы
Орта сапасының фазасы.
Бұл фазалар, кәсіпорынның ішкі және сыртқы мақсаттары арасындағы қарама-қайшылық, диалектикалық қысымдар астыңда қалыптасады.
Өндіру фазасы. Америка инженері Генри Эмерсон «өнімділіктің оң екі принципі» негізін қалады.
Дәл қойылған идеалдар мен мақсаттар;
Парасатты мағына;
Білікті консультация;
Тәртіп;
Қызметкерлерге байланысты әділеттілік;
Есеп (тез, толық, тұрақыты, сенімді);
Диспечерлендіру;
Кесте және норма;
Шартты жұмысты нормаға түсіру;
10) Операциялады мөлшерлеу;
11) Жазбаша стандарты нұсқаулар.
12) Өнімділік үшін сыйақы.
Барлық принциптер әрекетестікте жұмыс істейді.
Форд принципі – Конвейер алдыңда кіру және брактау тексерісі. Өндірістің көліктік құрылымының қазіргі концепсиясы Форд арқасында дүниеге келді.
Тейлор жүйесінің негігі принципі: тұтынушылар стандартқа сәйкес, яғни тек қана жарамды өнімдерді алуы керек. Негізгі күшті жарамсыз тауарлардың тұтынушылардан алып тастауына жұмсау қажет.
Сапаны бақылау фазасы. Бұл фаза, таңдамалы бақылау кестелерінің, тексеру карталарының, статистикалық әдістердің пайда болуын сипаттайды. Бұл статистикалық әдістер, ақырыңда Жапония елінде белсенді қолдана бастады. Мотивация күрделенді. Қызметшілерді оқыту күрделенді. Сапаның аудит жүйесі пайда болды.
Осы кезеңдегі сапа концепсиясының ядросы:
«Басты мақсат сақталуда - тұтынушылар стандартқа сәйкес, яғни тек қана жарамды өнімдерді алуы керек». Нәтиже ретінде - өнім сапасы жақсарды.
Сапаны басқару фазасы. Эдвард Деминг теориясы. Эдвард Демингт сапа бағдарламасын 14 принципке негіздеген:
1) Тауарлар мен қызметтерді тұрақты жетілдіру міндеттері. Түпкі мақсат: бәсекелестік.
2) Жаңа сапа философиясын меңгеру қажеттілігі.
3) Бұқаралық бақылауға тәуелділікті жою.
4) Жиынтық шығындарды барынша азайту керек. Жеткізушілермен ұзақ мерзімді қатынас, өзара сенім, адалдық негізінде жұмыс істеу.
5) Өндіру және қызмет көрсету жүйесін үнемі жетілдіру.
6) Жұмыс орындарында кадрларды дайындау жүйесін құру.
7) Тиімді басқару жүйесін құру. Басқарушы бақылаушы емес, көшбасшы болуы қажет.
8) Қорқынышты жою. Қорғалудың, тыныштықтың, батылдықтың, атмосферасын құру.
9) Бөлімшешелер арасындағы барьерлерді жою. Пайда болған мәселелерді көре білу.
10) Қызметкерлерге тапсырма және лозунг, құқықтардан бас тарту. Фирма табысы 94% - менеджерлерге, 6% қызметшілерге тәуелді.
11) Өндірісте ережелерден (квота) айырылу.
12) Адамның сана-сезімін төмендететін, барьерлерді жою.
13) Өздігінен жетілу және біліктілікті көтеру бағдарламасын енгізу.
14) Жаңадан жасау бағдарламасына, жаппай ортақтық атмосферасын қалыптастыру.
Эдвард Деминг осы принциптерге қоса, америка компанияларының бес «асқыған аурыларын» көрсетті.
1) Талап етусіз жоспарлау. Тоқсан сайынғы жоспарға. аса көп көңіл бөле беруге қажет емес. Өндірісті оптимизациялау және ұзақ мерзімді жоспарлар туралы ойлау қажет.
2) Қысқа мерзімді нәтижелерге екпін. Тоқсан сайынға табыс, мақсаттың тұрақтылығын, ұжымдық жұмысты бұзады.
3) Әкімшілік қорлардың шектен тыс жұмыс істеуі. Ауыспалылықтың болмауы тәртіпсіздікке және белгісіздіктің өсуіне алып келеді.
4) Қызметшілер аттестациясы. Аттестацияланған жұмыс істеуші жүйеде пайда болуы, айырмашылықтарға әкелуі мүмкін.
5) Сандық негізге байланысты басқару.
Сапа менеджмент фазасы және орта сапасының фазасы. Сапаны регламенттеуші халықаралық стандарттардың пайда болуы. Сапаны регламенттеуші халықаралық стандарттар 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2 – Сапаны регламентеуші халықаралық менеджмент стандарттары
Менеджмент жүйесінің халықаралық кодировкасы
|
Халықаралық менеджмент жүйесінің аты
|
ISO 9001
|
Сапа менеджмент жүйесі
|
ISO 14001
|
Экологиялық менеджмент жүйесі
|
OHSAS 18001
|
Еңбекті қорғау және кәсіби қауіпсіздік менеджмент жүйесі
|
ISO 50001
|
Энергетикалық менеджмент жүйесі
|
ISO 22000 (FSSC)
|
Азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі менеджмент жүйесі
|
ISO 27001
|
Ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесі
|
ISO 20000
|
IT-сервис менеджмент жүйесі
|
IRIS
|
Теміржол өнеркәсібінің, кәсіпорын бизнес менеджмент жүйесі
|
AS 9100
|
Авиағарыш өнеркәсібінің сапа менеджмент жүйесі
|
API Spec.Q1
|
Мұнай және газ өнеркәсібінде сапаны қамтамасыз ету
|
IQNet SR10 (SA 8000)
|
Әлеуметтік жауапкершілік менеджмент жүйесі
|
BSCI
|
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің, халықаралық бастауы
|
BS 25999
|
Бизнеспен үздіксіз басқару
|
ISO 28000
|
Логистика қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері
|
ISO 13485
|
Медициналық өнімдерді өндіретін сапа менеджмент жүйесі
|
Қазақстан Республикасында сапа философиясының қалыптасуы
Қазақстан экономикасының қазіргі даму этапында, кіші және орта бизнес кәсіпорында, сапа жүйесін енгізу қиынға соғады. Оған себеп, кәсіпкерлер басқаруды дамытуға және өнім сапасын жақсартуға үлкен қаражат бөлмісі келмейтіндігінен, себебі, нарықтағы алатын орны оларды қанағаттандырады.
Қазіргі кезде, сапа жүйесін енгізуші кәсіпорындарға, мемлекет келесі бағытта көмек көрсетеді:
- халықаралық нарыққа шығу мақсатымен, сапа жүйесін енгізуді насихаттау;
- сертификацияны өткен кәсіпорындарға, салықтық жеңілдіктер;
- қазіргі сапа жүйесін тәжірибелеуші фирмаларға, тексерулерді өткізу кезіңде ерекше ықылас көрсету.
Соңғы 6 жылда, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 1,5 есеге, өндірістік өнеркәсіп – 60%, инвестиция – 70% өсті. Елде экспорттық потенциалдың өсу деңгейі, отандық тауар өндірушілерді қолдау жүргізілуде. Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) құрамына Қазақстанның енуі бойынша, белсенді жұмыстар жүргізілуде. (МС) ИСО 9001 Халықаралық стандарттарға сәйкес, сапа менеджмент жүйесінің ұйымдарда және кәсіпорындарыа енгізу бойынша, елде мақсатты жұмыс жүргізілуде.
Сапа менеджменттінің сертификацияланған жүйесінің кәсіпорында болуын, халықаралық тапсырыс берушілер, нысаналы шарт ретінде қойды. Қазақстанда металлургия, газ және мұнай өндіру салаларында үлкен инвестициялық жобаларды жүргізуші шетелдік инвесторлар қазір көп. Олар халықаралық сапа стандарттары негізінде жұмыс істейді және мердігерлік компаниялардан лайықты сапаны қажет етеді.
Ұсынылған әдебиеттер: 1 - 3.
2 тақырып. Кәсіпорында сапаны басқарудың жүйелік тәсілі
1 Кәсіпорындағы сапа жүйесінің құрылымы ретінде үдерістік тәсіл;
2 Өндірістік кәсіпорындағы үдеріс түрлері;
3 Үдеріс оптимизациясы және тұрақты даму;
Кәсіпорындағы сапа жүйесінің құрылымы ретінде үдерістік тәсіл
Сапа жүйесі принциптерін негізін құрушылардың бірі – үдерістік тәсіл принципі болып табылады. Тауар өндіру, қызметтер, оған байланысты үдерістердің өзара байланысқан жүйесі ретінде, ал әр үдеріс - өз тұтынушылары мен жеткізушілері бар және үдерісті өзгертуші, мақсатқа бағытталған операциялардың жиынтығы ретінде қарастырылады. (2 сурет)
Осы принципті жүзеге асыруға, иерархиялық өнеркәсіптік құрылымның негізін құрайтын, басқаруға үйлестірілген түбегейлі принцип әсер етеді.
2 сурет – Кәсіпорын қызметтің құрудағы үдерістік тәсіл
Үдерістік тәсіл жобалайды:
- бар үдерістерді анықтау және сәйкестендіру;
- бар үдерістерді қайта жобалау (реформалау немесе реинжиниринг) немесе жаңа жобалау, анализ;
- үдеріске дәл жауаптылықты орнату (элементтерге және функцияларға емес);
- ішкі және сыртқы жеткізушілерді және тұтынушыларды анықтаушыүдерістердің қаржылық ұйымдасуын қамтамасыз ету;
- үдеріс параметрлерінің анализін және мониторнингін, жүйелерді өлшеу құрылымын, үдерістерді орындау тиімдігінің критерийлерін анықтау;
- үдерістік процестті басқарудағы артықшылық, үдерістердің әрекеттестігі және комбинациясы;
Үдерістік тәсілде, сапаны бақылау, жоспарланған сапа көрсеткішін, оның шың мағынасымен салыстыру арқылы жүргізледі, егер сапаны бақылауға болса, онда оны басқаруға да болады.
Үдерістік тәсіл (ISO 9001:2008; ISO 14001; OHSAS 18001 және т.б.) халықаралық менеджмент стандарттарының негізіне алынған:
әртүрлі жұмыс, үдерістер көмегімен орындалады;
әрбір ұйым құнды қосу, жұмысты орындау үшін әрекет етеді;
- ұйым, өз үдерістер желісін және интерфейсін анықтау және орнату қажет және оларды басқару қажет.
Құру реттілігі және сапа менеджмент жүйесін оңтайландыру, келесі кезеңдерге әкеледі:
- үдерістік тәсіл негізінде, болашақ менеджментті жасау;
- «үдерістік ойлау» (оқыту және ақпараттану) енгізу;
- кәсіпорында әрекет етуші, үдерістер анализі;
- «бірігу» ұғымы және үдерістерді жіктеу;
- үдерістерді класификациялау және топтастыру;
- үдерістерді бағалау және класификациясын анықтау;
- бүкіл жүйеге құжаттардың құрылымы;
- үдерістерді оңтайландыру.
Соңғы кезең өте жауапты және соңғы шешім қабылдаумен байланысты. Кәсіпорындағы үдерісті үздіксіз жақсарту, ұзақ мерзімді табысты қамтамасыз етеді, жүйелерді өңдеу сапасының авторитетің ұстайды, кәсіпорын ішінде тиімділіктің жағдайын туғызады.
Өндірістік кәсіпорындағы үдерістердің түрлері
Өндірістік кәсіпорында, негізігі үдерістер, ұйымдастырушылық-экономикалық механизм ретінде орналастырылуы мүмкін, 3 суретте көрсетілген.
Өндірістік кәсіпорын кешеніңде, келесі үдерістерді белгілеуге болады:
1) экономикалық-инвестициялық үдеріс
- нарықты дамытуды жоспарлау және болжау;
- кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттарын басқару және олардың өмірлік циклы;
- кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаны басқару;
- негізгі қорларды және өндірістік әлеуетті басқару;
- кәсіпорынның айнымалы құралдарын басқару;
- кадрларды басқару (жұмыс ресурстары);
- инновациялық үдерісті басқару;
- маркетинг үдерісін басқару.
2) Өндірістік үдеріс:
- кәсіпорында еңбекті ұйымдастыруды басқару;
- өндірістік үдерістердің кезеңдерін басқару;
- өндірістік үдерістің технологиясын басқару;
- өндірістік үдерістің технологиясын басқару.
И – қай түрдегі болмасын инвестиция
|
С1 – кәсіпорынның қаржылық шығындары
|
ИТ –инвестицияның тауалық түрі
|
С2 – амортизациялық аударым
|
НК – негізгі капитал
|
С3 – еңбекті төлеуге кеткен шығындар
|
АК – айнымалы капитал
|
С4 – басқада шығындар (кезең шығындары)
|
ИК – инновацияларға капиталдық салым
|
СТ – салықсалынатын табыс
|
ЕР – еңбек ресурсы
|
ТТ – таза табыс
|
Ө – өндірістік үдеріс
|
С – бюджетке төленетін салықтар
|
Т – тауар (дайын өнім)
|
ЖҚ – жинау қорлары
|
А – ақшалай қаражат
|
ЖҚ1– ұлғаймалы ұдайы өндіріс қорлары
|
С – кәсіпорын шығындары
|
ЖҚ2 –дивидент қорлары
|
|
ЖҚ3 – әлеуметтік дамыту қорлары
|
3) Өткізу үдерісі:
- дайын өнімді бөлу жүйесін басқару;
- келісімді қарым-қатынас жүйесін басқару;
- тұтынушыларды қолдау жүйесін басқару.
4) Қаржылық үдеріс:
- ақшалай қаражатты шоғырландыру жүйесін басқару;
- ақшалай қаражатты бөлу жүйесін басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |