Поәдк №3 Базалық білім


Білім алушының оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау



бет39/46
Дата31.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#155924
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
Байланысты:
abaitanu keshen (1)

Білім алушының оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау

Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:


Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу.
Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 – функцияны қамтиды:
Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;
Төртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
Оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) сабақ кестесіне енгізіледі. СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОБСӨЖ-дің үлесін жоғары оқу орны дербес анықтайды.
Студенттердің өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
Студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
Студенттің өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеліп, әр аптаның соңында нәтижесі тіркеу бөлімінде белгіленеді.
ОБСӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарымен алмастыруға болмайды.
Студентті өзіндік жұмысты орындауға қажетті белсенді үлестірмелі материалдармен бітіртуші кафедра қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет