4 – дәріс:АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК ТАҚЫРЫБЫ 1. Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны
2.Абайдың ағартушылық қызметі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңдерінің мазмұнын ашу.
Әдебиеттер: 1.З . Ахметов « Абайдың ақындық әлемі » Алматы: Ана тілі 1995 ж .
2. Абай энциклопедиясы. – Алматы. Атамұра , 1995 ж .
Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі 1886 ж . жазылған. 4 тармақты 25 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың жастарға арналған достық, татулық, жар сүю мәселесін қозғайтын насихат өлеңі. Ақын бірден «жігіттер» деп, есейіп, қатарға қосылып, бозбалалыққа, құрбыларымен араласуға, жар сүюге, үй болуға жетіп қалған жастарға сөзін қаратып айтып, соларға татымды дос табу, жар таңдау, үй болу жайын толғайды. Өлең еркін әңгіме-сұхбат түрінде құрылып, көбінесе жас жігіттерге айтылатын ақыл-кеңес іспетті болып келеді. Сондықтан өлеңді оқығанда өмірден көргені мен түйгені көп ақылгөй адамның біркелкі өңкей құрбы-құрдас жас жігіттердің ортасында кеңес құрып, шын ықыласымен ақтарыла сөйлеп отырған қалпын көргендей боламыз. Насихаттылық сипаты жағынан өлең халық поэзиясындағы ертеден қалыпьасқан дәстүрге жақын десек те, ой-пікірлерінің өткірлігі, сонылығы және еш жасандылықсыз тартымды, жатық етіп айтылуы бірден назар аударады.
« Керек іс бозбалаға талаптылық ,
Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық ... » - деп, жастардың алдына үлкен өмірлік мақсат қоюы қажет екенін ақын айрықша атап көрсетеді. Терін сатып адал еңбең етпей, басқа оңай жолмен мал табам деу ер жігіттің бойына лайық емес деген ойында әсерлі жеткізіп, татулық, достық деген пікір түйеді.
«Сазданбасын қабақпен имендіріп» , «Мәліш сауда сықылды күлкі сатып» , «Өзі зордың болады ығы да зор» деп алынған. 1909 жылғы жинақта 10-шумақтың 1-жолы «Көп жүрмес жеңісқойлық тез-ақ тозар» болса, басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары бойынша «Көп жүрмес жеңісқойлық әлі-ақ тозар» деп берілген. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 13-шумақтың 2-жолы «Ер ұялар іс қылмас, болса зерек» делінсе, кейінгі жинақтарда 1909 жылғы басылымға сәйкес «Ер ұялар іс қылмас қатын зерек» деп алынған. Өлеңнің Мүрсейіт қолжазбалары негізінде барлық басылымдарға енген 25-шумақтың соңғы екі жолы «Пысықтықтың белгісі ыртың-жыртың, жоқ еді бес бересі, алты аласы» деп көрсетілсе, басылымдарда «Пысықтықтың белгісі – арыз беру, Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы» болып жазылған.
Абай Қүнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше швғыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург унтверситетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинскиий; Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады. Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады. Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдетттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиетттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортпның рөлін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде; «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деді. Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогткалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмарлығы. Екіншісі- білсем екен деу – жан құмарлығы ( жетінші сөз ) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым... ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды. Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құьылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның- табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырды.
Ақынның халқын ғылым, өнер жолына үндеуі мен демократтық көзқарасты қабылдауы, өмір шындығын терең танып, қоғамдық қайшылықтарды өткір сатира тілімен аяусыз шенуінің бір тамыры осы мұраларда жатыр. Олар Абай бойындағы ақындық талантты оятты, оның жетіліп, дамуына жәрдемдесті. Оған дейін ойын-сауықтарда әзіл-қалжың ретінде шағын шумақтарды суырып салып айтқаны болмаса, ол ақын болуды мақсат етпеген. Оның өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы 1882 жылдан басталады. 80-жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға бір жола бет бұрады. Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын- толысқан ой-сананың жемісі.