ПОӘК 042-06. 01. 20. 20/03-2011 30. 09. 2011 ж №2 басылым


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет8/15
Дата12.03.2018
өлшемі4,68 Mb.
#39197
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Көміртегі,қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

  2. Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

  3. Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

  4. Қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.

  5. Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

  6. Германий топшасының элементтерінің а)негіздік қасиеттері жоғары; б)қышқылдық қасиеттері жоғары гидроксидтерін жазыңдар.

  7. Суда ерімейтін PbCl2 және Pb(OH)2 не себептен концентрлі тұз қышқылы мен сілті ерітіндісінің артық мөлшерінде ериді?


Ұсынылған әдебиеттер:

1.Омаров Т.Т.,Танашева М.Р. Бейорганикалық химия (таңдамалы тараулар) Алматы,2008ж,-543 б 2.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, «Білім» 2004 ж,-316 б. 3. Ділманов Б.М.,Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Аматы,2009ж, -194 б. 4. Яшкарова М.Г.,Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х. Бейорганикалық хмиядан зертханалық жұмыстар.Семей,2007,-79б. 5. Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. т.б. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004 ж,-164 б. 6. Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия.Студенттердің өздік жұмыстарына арналған оқу-әдістемелік құрал.Алматы,2007 ж, -39 б. 7. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Студенттің өздігінен орындауына арналған әдістемелік құрал.Семей, 2007, -39 б. 8.Д.Шрайвер.,П.Эткинс. Неорганическая химия.1,2 том.Москва«Мир» 2009г 9. Р.А.Лидин.,В.А.Молочко.,Л.Л.Андреева. Химические свойства неорганических веществ. Москва,2000 г.-479 с.



Дәріс 14. Органикалық химия. Қаныққан көмірсутектер

Мазмұны:


1. Органикалық химия пәні,құрылыс теориясы.

2. Органикалық заттар,жіктелуі,номенклатурасы.

3. Органикалық химиядағы реакциялар.

4. Қаныққан көмірсутектер.



1.Органикалық химия көміртегі қосылыстарын зерттейді.Органикалық химия өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы технологиялық процестердің негізгі болып табылады. Атап айтқанда: отын өндірісі, бояғыш заттар өнеркәсібі, витаминдер, химиялық талшықтар, пластмасса, дәрі-дәрмек, қопарылғыш заттар және т.б. Ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыштар: арам шөпке қарсы заттар (гербицидтер), саңырауқұлақтар мен зиянкестерге қарсы заттар (инсектофугицидтер) және т.б. Органикалық химияның дамуына үлкен үлес қосқан орыс ғалымы А.М.Бутлеров болды. Ол 1861 жылы химиялық құрылыс теориясын ашты. Теорияның негізгі қағидалары: 1.Органикалық қосылыстардың молекуласын құрайтын атомдар белгілі бір реттілікпен байланысады, бір-бірімен байланысуға бір немесе бірнеше валенттілік жұмсалады. 2.Органикалық заттардың қасиеттері молекуласының құрылысына, яғни атомдардың қосылу реттілігіне және байланыс сипатына тәуелді болады. Сонымен органикалық заттардың қасиетін зерттеу арқылы оның молекула құрылысын анықтап және белгілі формуламен көрсетуге болады.3.Атомның немесе атомдар топтарының химиялық қасиетіне молекуладағы басқа атомдар мен топтар әсер етеді, әсіресе өзара байланысқан атомдардың әсері үлкен болады.

Химиялық құрылыс теориясы изомерия құбылысын түсіндіруге мүмкіншілік береді. Изомерлер деп құрамы және молекулалық массалары бірдей, бірақ құрылысы мен қасиеттері әр түрлі заттарды айтады. Органикалық қосылыстардың негізгі етіп көмірсутекті алады да, қалған қосылыстарды, олардың туындылары ретінде қарайды. Көміртек тізбегінің құрылысына қарай органикалық қосылыстар ашық тізбекті (алифаттық) және циклді (тұйық) қосылыстарға бөлінеді.

Ашық тізбекті қосылыстар екіге бөлінеді: қаныққан көмірсутектер (формуласы СnH2n+2) және қанықпаған көмірсутектер (формуласы СnH2n бұлардың құрамында қос үш байланыс та болады).Тұйық тізбекті қосылыс-тар екіге бөлінеді: карбоциклді және гетероциклді. Карбоциклді қосылыс-тардың тұйық тізбегі тек көміртегі атомынан тұрады және өз алында али-циклді және ароматты болып екіге бөлінедіГетероциклді қосылыстардың тұйық тізбекті көміртегі мен сутегі атомдарымен қоса басқа да атомдардан құралады. Гетероциклді қосылыстар түзуге көбінесе азот, күкірт, оттегі атомдары қатысады.

2.Органикалық қосылыстардың реакциялары. Химиялық байланыстар-дың түрлері. Химиялық табиғаты бойынша бойынша бөлінеді.Молекулалар арасындағы байланыстар электроваленттік және коваленттік болып екіге бөлінеді. Электрваленттік байланыс қарама- қарсы зарядталған бөлшек-тердің арасында пайда болады. Мұнда үш түрлі әрекеттесу болады: иондық байланыс, ион мен диполь, диполь мен диполь арасындағы байланыс. Иондық байланыс деп катион мен анион арасындағы тартылу күшінің әсерінен пайда болатын байланысты атайды. Иондық қосылыстардың балқу температурасы жоғары және олар қатты заттар болып келеді. Коваленттік байланыс. Екі не одан да көп атомдардың арасында жұп электрондар болса, байланыс пайда болады. Демек, екі атом орбитальдар-ының бүркесуі арқылы түзілетін байланысты коваленттік байланыс деп атайды. Сутектік байланыс коваленттік байланысқан сутек атомымен екінші молекуланың бос электроны арқылы түзіледі. Бұл байланыстың энергиясы аз, 3- 10 ккал/ моль, сондықтан мұндай байланыстар тез үзіледі, бірақ заттың физикалық қасиеттеріне әсері болады. Органикалық қосылыстардың реакциялары төрт топқа бөлінеді:

1.Орын басу реакциялары. Мұнда атом немесе атомдар топтарының орнын басқа атомдар басады.

Мысалы: С2Н5СI + OH- → C2H5OH + CI-

хлорэтан гидроксид ионы этанол хлорид ионы

2.Қосылу реакциялары. Екі молекула қосылып, бір молекула түзеді.

Мысалы: СН2 = СН2 + Вг2 → ВгСН2СН2Вг

Этилен бром 1,2- дибромэтан
3.Бөліну (элимирлену) реакциясы. Молекула екі немесе одан да көп басқа

молекула түзеді. Мысалы: С2Н5ОН → СН2 = СН2 + Н2О

Этанол этилен су
4.Қайта топтасу. Бір молекула екінші молекулаға айналады.
Мысалы: СН3- СН- СН = СН2 → СН3- СН = СН- СН2СI

CI



3- хлорбутен-1 1- хлорбутен – 2

Көптеген органикалық реакциялар екі молекуланың арасында, молекула мен ионның арасында немесе молекула мен радикалдың арасында жүреді. Қандай бөлшектің арасында жүретіндігіне байланысты оларды иондық, радикалдық механизм деп атайды, оны R- деп белгілейді. Ионның қатынасында жүрген реакцияны иондық механизм деп атайды. Шабуыл жасайтын реагенттің табиғатына байланысты иондық реакция электрофильді және нуклеофильді болып бөлінеді. Реакцияға қатысатын реагент өзінің электрон жұбын байланыс түзеуге басқа молекулаға берсе, онда нуклеофильді (электродонорлы) реагент деп атайды. Нуклеофильдің қатысында жүретін реакцияларды нуклеофильдік реакциялар деп атайды. Nu деп белгілейді. Мысалы: Rδ+ → Хδ- + : Nu → R - Nu + : Х- нуклеофильдік орын басу реакциясы. Нуклеофильдер: Н- : ; NH-2 ; : ОН- ; : ОR

Егер молекула басқа молекуланың жұп электронын қосып алса, оны электро-фильді (электронакцепторлы) реагент деп атайды. Электрофильдің қатысында жүретін реакцияларды электрофильдік реакциялар деп атайды, Е деп белгілейді.Мысалы: R – У – Е+ → R – Е + У+ электрофильдік орын басу реакциясы. Электрофильдер: Н+ ; Н3О+; NO2+; NO.

Қаныққан көмірсутектер (алкандар). Көміртегі мен сутегіден тұратын және өзара жай байланыспен қосылған қосылыстарды қаныққан көмірсутектер деп атайды. Жалпы формуласы- СnH2n+2. Ең қарапайым өкілі- СН4- метан. Барлық көмірсутектердің метанмен ұқсас екенін көрсету үшін, олардың барлығының аттарына «ан» деген жалғау жалғанады. Қаныққан көмірсутектердің бір сутегісін алғанда, қалған қалдықты радикалдар деп атайды. Радикалдарды атау үшін, көмірсутектердің «ан» жалғауын «ил» жалғауына өзгертеді. Мысалы:

СН4 – метан- СН3- метил

С2Н6- этан- С2Н5-этил

С3Н8- пропан- С3Н7- пропил т.б.

Көмірсутектерді жүйелік (ИЮПАК) номенклатура бойынша атау үшін, алдымен ең ұзын тізбекті тауып алады да, тізбекке ең жақын тармақ (радикал) тұрған шетінен бастап нөмірлейді.. Затты атағанда алдымен санмен радикалдар тұрған жерін көрсетеді де аттарын атап, содан кейін ең ұзын тізбек атын атайды. Қаныққан көмірсутектердегі С- С және С- Н байланыстары σ- байланыс болып табылады. Мұндай байланыстар берік және аз поляризацияланған, сондықтан қаныққан көмірсутектердің реакцияласу қабілеттілігі төмен. Олар қосылу реакциясына қатыспайды, тек қана орын басу реакциясына түседі

а) нитрлеу реакциясы СН4 + НОNO2 → H2O + CH3NO2 – нитрометан

ә) галогендеу СН4 + СI2 → HCI + CH3CI – хлорлы метил

CH3CI + CI2 → HCI + CH2CI2 – хлорлы метилен

СН2CI2 + CI2 → HCI + CHCI3 - хлороформ

CHCI3 + CI2 → HCI + CCI4 – төртхлорлы көміртек

Қаныққан көмірсутектер катализатор қатысында жоғары температурада және қысымда тотығу реакциясына қатысып альдегидтер, спирттер, кетондар, карбон қышқылдарын түзеді.

[o] CH3- (СН2)n - СН2ОН

Мысалы: СН3 – (СН2)n – CH3

катализатор СН3- (СН2)n – СООН

Қаныққан көмірсутектерді өндірісте қанықпаған көмірсутектерінен немесе қаныққан көмірсутектің галоген туындыларын катализатор (платина, палладий) қатынасында тотықсыздандыру арқылы, А. Вюрц реакциясы бойынша (галоген туындыларын металл натриймен әрекеттестіру) немесе жоғары молекулалы қаныққан көмірсутектерді жоғары температурада, қысымда крекингілеу (ыдырау) арқылы алады:

2R – Вr – 2Na → R – R + 2NaВr

3R – Вr + 3R – Вr + 6Na → R – R + R – R + R – R + 6NaВr

Мұндағы: R мен R - әр түрлі алкилдік радикалдар.

Зертханада көбінесе қаныққан көмірсутектеріне сәйкес келетін карбон қышқылдарының тұздарына күдіргіш сілті (натронды ізбес) қосып, қыздыру арқылы алады: СН3СООNa + NaOH → Na2CO3 + CH4

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Органикалық заттардың шығу көздері қандай?



  1. А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидаларын атаңыздар.

4. Изомерлер дегеніміз не? 5.Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі? 6.Құрамы: а) С6Н8 ә) С6Н14 болып келетін қосылыстардың барлық изомерлерінің структуралық формуласын жазыңыздар?

7. Құрамы С3Н8 болып. келетін заттардың структуралық формуласын жазыңыздар.Метандағы көміртегі мен сутегінің массалық үлесін анықтаңыздар

8. Химиялық байланыстың қандай түрлері бар?

9.Коваленттік байланыс дегеніміз не?

10.Иондық байланыс дегеніміз не?

11.Органикалық қосылыстарға тән реакцияларды атаңыздар.

12.Нуклеофильдік, электрофильдік реагенттер дегеніміз не?

13.СН3СI + CI2 → CH2CI2 + HCI. Реакциясының барлық сатыларының теңдеуін жаз.

14.Бромсутек молекуласын мысалға алып, коваленттік байланысты түсіндіріңіздер.

15.Электрофильді механизммен әрекеттесетін органикалық қосылыстарға мысал .

16. Алкандардың жалпы формуласы.

17. Алкандарға тән реакциялар.



Ұсынылған әдебиеттер

1.В.Ф.Травель. Органическая химия. М.: ИКЦ «Академкнига»,1,2 книга Москва«Мир» 2008

2. В.Л.Белобородов, С.Э.Зурабян, А.П.Лузин, Н.А.Тюкавкина. Органическая химия. М.: Дрофа, 2008. Кн.1: Основной курс.-638 с.

3. В.Л.Белобородов, С.Э.Зурабян, А.П.Лузин, Н.А.Тюкавкина. Органическая химия. М.: Дрофа, 2009. Кн.2: Специальный курс.-592 с. «Мир»2009 г

4. Е. М. Шайхүтдінов. «Органикалық химия»; Алматы Химия»; 2001. 5. Сейтқалиев Қ. Органикалық химия. Алматы,-208 б.

6. Смолина Т.А., Васильева Н.В., Куплетская Н.Б. Практические работы по органической химии. М.: Просвещение, 1976, 304 с.



Дәріс 15. Қанықпаған көмірсутектер. Диендер.Полимер материалдар.

Мазмұны:


1.Алкендер,құрылысы,номенклатурасы,изомериясы,химиялық,қасиеттері.

2.Алкадиендер, құрылысы, номенклатурасы, химиялық қасиеттері . 3.Полимерлер ,құрылысы, жіктелуі, қоланылуы.



Алкендер деп, молекуласында көміртектің атомдар саны қаныққан көмірсутектермен бірдей, бірақ сутегі атомдарының саны аз, σ – байланысынан басқа бір π- байланысы бар қосылыстарды атайды. Жалпы формуласы - СnH2n. Ең қарапайым өкілі- этилен (этен) С2Н4. Этилен молекуласындағы көміртек атомдары қос байланыспен байланысқан. Қос көмір С - С байланысы алкендердің құрылысының ерекше белгісі болып саналады. Жүйелік номенклатура бойынша алкендерді атау үшін сәйкес қаныққан көмірсутек атауындағы «ан» жұрнағын «ен» жұрнағына алмастырады. Қос байланыстың орнын көмірсутек атауының алдында, қос байланыс басталған көміртегі атомының нөмірімен көрсетеді. Мысалы: СН2 = СН – СН2 – СН3

Қанықпаған көмірсутектерінің изомериясы көміртегі тізбектерінің құрылысына ғана емес, онымен қатар қос байланыстың орнына да байланысты. Бұдан басқа, қанықпаған көмірсутектер қатарында кеңістік (геометриялық) изомериясы, яғни цис- және транс- изомерлері бар,ол қос (=) болғандықтан.



Химиялық қасиеттері. Метанмен салыстырғанда, алкен қатарындағы көмірсутектер өте активті қосылыстар. Олар тотығу және қосылу реакцияларына өте жеңіл түседі. Себебі этиленнің қос байланысының орнына қосылу, тотығу, полимерлену реакциялары жеңіл жүреді.

1. Галогенді қосып алу.Галогендер алкендерге радикалдық немесе иондық механизм бойынша қосылады.

С = С + Х2 – С – С – Х Мұндағы: Х = СI, Вг



2. Галогенсутекті қосып алу (Марковников ережесі).Алкендер күші қышқылдарымен: НСI, НВг, Н2SO4 әрекеттеседі. Қосылу реакциясы қос байланыс бойынша жүреді.

С = С + Н – Х → С – Х Мұндағы: Х = СI, I- , Вг-, ОSO3H-

H H

Симметриялы емес алкендер жағдайында қышқылды қосып алудың екі бағыты болуы мүмкін. Мысалы тұз қышқылымен пропен әрекеттескенде, екі түрлі өнім түзілуі мүмкін.



CH3 – CH – CH3 2- хлорпропан

СН3 – СН = СН2 + НСI → CI



CH3 – CH2 – CH2CI 1-хлорпропан

Қышқылдар симметриялы емес алкендерге қосылғанда қышқылдың сутегі атомы сутек атомдарының саны ең көп көміртекке қосылады. Бұл заңдылықты ашқан В.В. Марковников болғандықтан, ол Марковников ережесі деп аталады. 2.Суды қосып алу.Алкендер катализатор қатынасында сумен әрекеттесіп, спирттер түзіледі. СН2 = СН2 + Н2О → СН3 – СН2ОН



3.Тотығу реакциясы. Алкендер оңай тотығады. Тотықтырғыштың табиғатына және реакция жағдайларына байланысты π- байланыстың немесе π- мен σ- байланысының үзілуі нәтижесінде түрлі өнімдердің түзілуі мүмкін: екі атомды спирттер (гликольдер), эпоксидтер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары.

3СН2 = СН2 + 2КМnO4 + 4H2O → 3CH2 – CH2 + 2MnO2 + 2KOH

│ │

ОН ОН


Бұл реакцияны Е.Е. Вагнер (1888 ж) реакция деп атайды.

4.Полимерлену реакциясы.Қазіргі заман техникасы үшін қанықпаған көмірсутектер реакцияларының ішіндегі ең маңыздылығының бірі- полимерлену реакциясы. Алкендер бір- бірімен өзара қосылып, ұзын тізбек, яғни полимерлер түзуге қабілетті. Мысалы:

СН2 = СН2 + СН2 = СН2 → - (- СН2 – СН2-)n



Диен көмірсутектері. Молекуласында екі қос байланысы бар көмірсутектерді диен көмірсутектері дейді. Жалпы формуласы СnH2n-2 Диен көмірсутектерді жүйелік номенклатура бойынша атау үшін «диен» деген жалғау қосып, қос байланыстың орны көрсетіледі.

Мысалы: СН2 = СН – СН = СН2 бутадиен- 1,3

Диендер қос байланыстың орналасуына қарай үшке бөлінеді.

1. Егер екі байланыс бір көміртегі атомында орналасса, кумулирленген диен немесе аллендер деп аталады. Мысалы: СН2 = СН = СН2 пропадиен

2.Егер екі қос байланыс бір жай байланыспен бөлінсе, онда қосарланған диендер деп аталады.

Мысалы: СН2 = СН – СН = СН2 бутадиен- 1,3

3.Егер екі қос байланыс бір жай байланыспен бөлінсе, онда олар оқшауланған диендер деп аталады.

Мысалы: СН2 = СН – СН2 – СН = СН2 пентадиен- 1,4

Диендердің ішіндегі аса маңыздысы қосарланған түрі, олар өте тез полимерленеді, сондықтан синтетикалық каучук алуға пайдаланады.

Химиялық қасиеттері. Диендердің химиялық қасиеттері қос байланыстардың орналасуына байланысты.Оқшауланған қос байланыстардың бір-біріне әсері аз болады, яғни әрқайсысы молекуладағы жалғыз қос байланыс тәрізді әрекеттеседі. Сол себепті қосарланбаған диендердің химиялық қасиеттері қарапайым алкендердің химиялық қасиеттерімен бірдей. Диен көмірсутектеріне қосылу, тотығу, полимерлену реакциялары тән.


  1. Қосылу реакциясы:

СН2= СН- СН = СН2 + Вr2 → СН2 – СН = СН – СН2

│ │


Вr Вr

  1. Полимерлену реакциясы:

│ │

n C = C – C = C → (- С – С = С – С-)n



│ │

Жоғарғы молекулалы қосылыстар немесе полимерлер деп молекулалары жүздеген немесе мыңдаған көміртегі атомдарынан, соған сәйкес молекулалық массалары мыңдаған, тіпті миллиондаған массаның атомдық бірлігіне тең болатын және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды атайды. Полимерлердің атомдары бір- бірімен химиялық байланыс арқылы қосылады. Полимерлер табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Полимерлер табиғатта кеңінен таралған. Өсімдік және жануарлар ағзаларының құрамына жоғары молекулалы қосылыстар: целлюлоза, ақуыз, крахмал, нуклеин қышқылдары кіреді. Синтетикалық полимерлерге мономерлерден жасанды жолмен алынатын полиаминдер, полиэтилен, полистирол, синтетикалық талшықтар және т.б. жатады.

Ең қарапайым органикалық полимер- полиэтилен, ол этиленнің полимерлену нәтижесінде түзіледі.

Н2С= СН2 + Н2С= СН2 → СН3- СН2- СН =СН2

этилен бутилен

Бастапқы зат этилен - мономер деп, ал түзілген бутилен - димер деп аталады. Егер мономердің n молекуласы қосылса, полимер түзіледі («поли»- көп деген сөз).

2С = СН2 → [-CH2- CH2-]n

Мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған үлкен молекула- макромолекула деп аталады. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді, оны Р әріпімен белгілейді.Полимерлену дәрежесі (Р) жоғары молекулалық қосылыстың молекулалық массасымен (Мn) мынандай қатынаста: Р= Мn/ m болады. Мұнда, m – буынның молекулалық массасы.

Химиялық табиғатына байланысты полимерлер органикалық, бейорганикалық және элемент органикалық болып бөлінеді. Органикалық полимерге мысалы:полиэтилен, полипропилен,полиизобутилен,полистерол т.б. жатады.

Полиэтилен пСН2= СН2 ... → ( - СН2 – С Н2 – СН2 – СН2 – ... ) п

Этилен полиэтилен



Пропилен пСН2 = СН ...→( - СН2 – СН – СН2 – СН – СН2 – СН - ... )

СН3 СН3 СН3 СН3

Пропилен полипропилен

Пропилен температураға,майлылыққа тұрақты материал.



Полиизобутилен – изобутиленді полимерлеп алады.

СН3 СН3 СН3 СН3 СН3

СН2= С + СН2=С +... → ( - СН2 – С – СН2 – С – СН2 – С - ... ) п

СН3 СН3 СН3 СН3 СН3

Төменгі молекулалы массалы изобутилен ( 3000-5000 ) тұтқыр,май тәрізді сұйықтық, суыққа төзімді майлағыштарға (смазка ) қосу үшін қосу үшін қолданылады.Жоғары молекулалы полиизобутилен каучукты алмастырғыш ретінде қолданылады.

Полистерол – стеролдың полимерленуінен түзіледі.

С6Н5 С6Н5 С6Н5 С6Н5

стирол полистерол

Полистеролдың екі түрі бар: техникалық полистерол,молекулалық массасы 70000 – 200000, тығыздығы 1,05 -1,07 г/см3. Бензол,толуолда ериді.Су,қышқыл,сілті, спирт ерітінділеріне тұрақты. Изотактылы полистерол – тұрақты құрылысты,тығыздығы 1,1 г/см3, шыны тәрізді материал

пСН2= СН ... → ( - СН2 – С – СН2 – С – СН2 – С - ... ) п қосылыстар қолданылады.

Полимеризация процесі кезінде мономерлерде қос байланыстар үзіліп немесе циклдер ашылып, топтар арасында химиялық байланыстардың пайда болуынан макромолекулалар түзіледі. Өндірілетін барлық полимердің ¾ бөлігі полимеризация әдісі арқылы алынады.



Поликонденсация деп қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы

қосылыстардан жоғары молекулалы қосылыстардың түзілу реакциясын айтады. Поликонденсация әдісі бойынша полимер алу үшін әртүрлі химиялық реакциялар қолданылады. Олар: этерификациялау, аминдеу, ароматикалық орынбасу және т.б.Поликонденсация екі функционалдық топтардың әрекеттесуінен жүреді. Жалпы түрдегі теңдеуі:

n(a- A- a) + n(b- B –b) → a- [-AB-]n – b + (2n-1) ab

Мұндағы: а- А- а, b- B –b бастапқы мономерлер, а және b ункционалдық топтар, аb-бөлінетін қосымша зат.Поликонденсация реакциясына балқымада, ерітіндіде немесе екі фазаның бөліну шекарасында жүргізіледі. Барлық шығарылатын полимердің ─ бөлігі поликонденсация әдісімен алынады. Поликонденсация реакциясында тізбек біртіндеп өседі: алғашында бастапқы мономерлер бір- бірімен, содан кейін түзілген қосылыстар жеке- жеке сол мономерлердің молекулаларымен әрекеттесіп, нәтижесінде жоғары молекулалы қосылыс түзіледі.Мысалы: фенол- формальдегид шайларының негізінде алынатын пластмассалар, сатылы поликонденсация реакциясы арқылы синтезделінеді.

Элемент органикалық полимерлерге мысалы кремний органикалық полимерлер жатады: полисиланды қосылыстар – негізгі тізбек тек кремний атомынан тұратын қосылыстар.

R R R R


... Si – Si – Si – Si - …

R R R R


Полисилоксанды қосылыстар,негізгі тізбегі:

R R R R

... Si – О - Si – О - Si – О - Si - …

R R R R


Поликарбосиланды, тізбекте әрбір кремний атомының арасында көмітрек тізбегі орналасады:

... Si – ( - С - )п - Si –( - С - )п - Si –( - С - )п Si - …



Поликарбосилоксанды, негізгі тізбек силоксанды топтар,олар өзара көміртек атоммен бөлінген:

... Si – О - ( - С - )п – О - Si – О - ( - С - )п – О - Si – …

Полимерлердің төмен молекулалық қосылыстармен салыстырғанда бірқатар ерекше қасиеттері бар. Атап айтқанда, полимерлер ұшқыш зат емес, ерудің алдында ісінеді, макромолекула ерітінділерінің тұтқырлығы өте жоғары, полимерлер иілгіш күйде бола алады. Макромолекула тізбектерінің құры-лымына байланысты полимерлер: сызықты, тармақталған, торланған (үш өлшемді) болады. Егер әрбір элементер буынды А деп белгілесек, онда сызықты құрылымды макромолекуланың түрі мыңандай: ... А- А-А- А ... болады. Бұл жағдайда элементар буын тек екі көрші буынмен байла-нысады. Егер макромолекуланың негізгі тізбегінде қосалқы тізбек болса, онда мұндай құрылымды полимерлер тармақталған болады. Тармақталған полимерлерде кейбір буындар үш көрші буындармен байланысқан.

Торланған құрылымды полимерлерде ұзын тізбекті макромолекулалар бір- бірімен көлденең байланыстар арқылы қосылып, торлар түзеді. Мысалы:

... А- А- А- А- А-...

│ │

А А


│ │

... –А-А- А-А- А-...



Полимерлерді алу әдістері. Полимерлерді әдетте полимеризация және поликонденсация реакцияларының негізінде алады.

Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың (мономерлердің) қосылып, жоғары молекулалы қосылыстарды түзу реакциясын атайды. Полимеризация реакциясы жалпы түрде былай жазылады: nM → (-M-)n

Реакция нәтижесінде қосалқы заттар бөлінбейді, ал алынған полимердің құрамы мономерге сәйкес келеді. Полимеризация реакциясына мономер ретінде қос немесе үш байланысты қосылыстар

С = С , - С ≡ С-, - С ≡ N- , C = O, C = N – немесе циклді тобы бар

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Изомерия түрлері, мысалдар.

2.Алу тәсілдері.

3.Структуралық формуласын жау керек: транс-2-гексен, цис-2,3- дихлоро-2-бутен.

4.Егер 3,6г су алкенге қосылып 12г спирт түзілсе, алкен формуласы қандай болады?

5.18,4г этил спиртінен неше литр ( қ.ж.) этилен түзіледі?

6.Диен көмірсуларының химиялық қасиеттері.

7.9,2г этил спиртінен алынған этиленді тотықтыруға 40%- ті KMnO4 ерітіндісі жұмсалаған, тотықтырғыш массасы есептеу керек . Жауабы: 52,5г.



Ұсынылған әдебиеттер

1.В.Ф.Травель. Органическая химия. М.: ИКЦ «Академкнига»,1,2 книга Москва«Мир» 2008

2. В.Л.Белобородов, С.Э.Зурабян, А.П.Лузин, Н.А.Тюкавкина. Органическая химия. М.: Дрофа, 2008. Кн.1: Основной курс.-638 с.

3. В.Л.Белобородов, С.Э.Зурабян, А.П.Лузин, Н.А.Тюкавкина. Органическая химия. М.: Дрофа, 2009. Кн.2: Специальный курс.-592 с. «Мир»2009 г

4. Е. М. Шайхүтдінов. «Органикалық химия»; Алматы Химия»; 2001. 5. Сейтқалиев Қ. Органикалық химия. Алматы,-208 б.

6. Смолина Т.А., Васильева Н.В., Куплетская Н.Б. Практические работы по органической химии. М.: Просвещение, 1976, 304 с.



Зертханалық сабақтар

Химиялық зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелері

1. Студенттердің негізгі зертханалық жұмыс істейтін орны – зертханалық стол. Тәжірибе жасаған кезде стол таза болу керек.

2. Аспаптар мен реактивтер қойылған штатив студенттің алдында тұру керек. Штативтің оң жағына лабораториялық журнал және оқулық құралын қою керек.

3. Журналға студент әр тәжірибе нәтижесін бірден жазып отыру керек, себебі мәліметтер жоғалып қалуы мүмкін.

4. Жұмысқа таза реактивтерді, таза химиялық ыдысты қолдану керек.

5. Көрші штативтен реактивтер, аспаптар алуға болмайды, себебі келесі студенттің жұмысына кедергі келеді және реактивтер бір-бірімен ауысып кетеді. Егер штативте керекті реактив болмаса, лаборанттан сұрап алыңдар.

6. Студенттердің бәрі қолданатын үлкен ыдыстар тұрған реактивтер тек белгілі бір орында тұруы керек. Оларды жұмыс столына алуға болмайды.

7. Қымбат және улы реактивтерді жұмыстың аяғында раковинаға құймаңдар. Оларды жеке арнайы ыдыстарға құйып қойыңдар.

8. Ыстық ыдысты тек асбест үстіне қойыңдар.

9. Улы және жағымсыз иісі бар заттармен жұмысты тек тяганың астында жасаңдар.

10. Егер лабораториялық тәжірибе кезінде қышқылдың немесе күйдіргіш сілтінің көп мөлшерін төгіп алсаңдар бірден лаборантқа айтыңдар. Ол заттарды тез столдан тазалау керек.

11. Зертханада тамақ ішуге болмайды.

1 Зертханалық сабақ

Бейорганикалық қосылыстар класы.

Жұмыстың мақсаты: Бейорганикалық заттардың жіктелуін, қасиетін оқып-үйрену, олардың арасындағы генетикалық байланысты көрсету.

1 Тәжрибе. Кальций оксиді мен гидроксидін және мыс гидроксидін алу.Бордың СаСО3 аз мөлшерін муфель пешінде қатты қыздырыңдар (900-10000С) сосын суытыңдар. Алынған заттарды фарфор ыдысына салып, су тамызыңдар, 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, ерітіндінің ортасын (қышқылдық па, негіздік пе екенін) анықтаңдар.Борды қыздырғандағы алынған заттардың сумен әрекеттескендегі реакция теңдеулерін жазыңдар. Соңғы заттың электролиттік диссоциациясын жазыңдар. Алынған заттарды атаңдар.Мына сұрақтарға жауап беріңдер:



  1. Барлық негіздік оксидтер сумен әрекеттеседі ме? Егер барлық негіздік оксидтер сумен әрекеттеспесе, сумен әрекеттесетін оксидтерді атаңдар.

  2. Мыстың гидроксидін мыс оксидін сумен әрекеттестіріп алуға бола ма?

Мыс сульфатынан мыс гидроксидін алыңдар және оның амфотерлі гидроксид емес екендігін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.

2 Тәжрибе. Амфотерлі гидроксидтерді алу және олардың қасиеттері.Бір пробиркаға 3-5 мл мырыш сульфатын, екінші пробиркаға алюминий сульфатын құйыңдар. Әр пробиркаға бір тамшыдан натрий гидроксидін тұнба түзілетіндей құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.Мырыш пен алюминий гидроксидінің амфотерлі екендігін дәлелдейтін тәжірибелер жасаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған заттарды атаңдар.

3 Тәжрибе. Орта тұздарды нейтралдау реакциялары арқылы және өзара әрекеттесу арқылы алу.а) Пробиркаға 10 тамшы натрий гидроксидін құйыңдар. Фенолфталеин тамызыңдар. Ерітінді түсін қараңдар. Ақырындап тамшылап тұз қышқылын, ерітінді түсін өзгерткенге дейін құйыңдар. Индикатор түсін не өзгертеді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазып, жауаптарыңды дәлелдеңдер.б) Үш пробиркада: күміс нитратына, барий хлоридіне, алюминий сульфатына мына ерітінділердің темір хлоридінің (ІІІ), натрий сульфатының, калий нитратының әсерін байқаңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қандай жағдайда тұздар өз-ара әрекеттесетіндігі туралы қорытынды жасаңыздар.

4 Тәжрибе. Қышқыл тұздар алу және олардың қасиеттері.а) пробиркаға кальций гидроксидін және оған көміртегі қос оксидін Кипп аппаратынан жіберіңдер. Орта тұз түзілген кездегі тұнбаның пайда болғанын және қышқыл тұз түзілуінің әсерінен оның ерігендігін байқаңдар. Орта тұз түзілуінің реакциясының теңдеуін жазыңдар, сосын орта тұздың көмір қышқылының артық мөлшерімен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар. Алынған ерітіндіні сақтаңыздар.б) алдындағы тәжірибеде алынған кальций гидрокарбонатына кальций гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар. Қышқыл тұздың орта тұзға айналуы реакция теңдеуін жазыңдар.в) пробиркаға 5 мл кальций гидроксиді ерітіндісін құйыңдар, оған тамшылатып сұйытылған фосфор қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Түзілген орта тұздардың тұнбасын алыңдар. Бұл тұнбаға фосфор қышқылының артық мөлшерін құйыңдар, шыны таяқшамен араластырып, тұнбаны ерітіңдер. Тұнба неге ериді? Орта тұз түзілу реакциясы теңдеуі мен оның қышқыл тұзға айналу реакция теңдеуін жазыңдар (Са(Н2РО4)2).

5 Тәжрибе. Негіздік тұздар алу және олардың қасиеттері. а) Кобальт сульфаты (ІІ) ерітіндісіне натрий гидроксидін тамшылап құйып көк түсті тұнба алыңдар. Орта тұз түзілу реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбаны сақтаңдар.б) Тұнбаны екіге бөліңдер. Біреуіне натрий гидроксидін тұнбаның түсі өзгергенше қосыңдар, екіншісіне- күкірт қышқылын тұнба ерігенге дейін қосыңдар. Алынған тұнба мен ерітінді түрін атаңдар. Негізгі тұздың негізге айналған және орта тұзға айналған реакциялар теңдеуін жазыңдар.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1.а)Оксидтерге(негіздік,қышқылдық,амфотерлі). б)қышқылдарға (олардың негізгі, әлсіз және күшті электролиттер)

в) гидроксидтерге (сілтілер, негіздер, амфотерлі гидроксидтер)

г)тұздарға(орта,қышқыл,негіздік)анықтама беріңдер,олардың қасиеттерін көрсетіңдер.

2.Қышқылдардың, тұздардың, гидроксидтердің диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.

3.Барлық кластардың номенклатурасын біліңдер.

4.Мына тұздарды атаңдар: FeCl3, FeOHNO3, Zn(HSO4)2, NaHS, CrCl3, Fe(HS)2, K2SO3, AlOHCl2, CrOHSO4, Al(H2PO4)3.

5.Әрекеттесуші заттар қатынасын өзгертіп, Са(ОН)2 + H3PO4 ↔ қышқылдық, негіздік және орта тұздар алыңдар.

2 Зертханалық сабақ

Заттардың эквивалентін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Металл эквивалентінің молярлық массасы М қосылыстан бөлінген сутегі көлемі арқылы анықтау әдісін үйрету.

Жұмысты жүргізу:

1.№1 суретте көрсетілген құралды жинап, оның газ өткізбейтіндігін тексеру керек. Ол үшін пробиркалардан тығынын алып, екінші бюретка арқылы пробиркамен қосылған бюреткадағы судың деңгейін белгілі бір деңгейге қою керек, сосын пробирканы тығындап, екінші бюретканы 10-15см төмен түсіру керек.Егер судың деңгейі пробиркамен қосылған бюреткада өзгермесе, бұл құрал газ шығармайды.

2.Аналитикалық таразыда 0,2г жуық металл (Ғе, Zn, Mg, Al) өлшеп алу керек.

3.Пробиркаға 10 мл тұз қышқылын құйыңдар. Пробирканы еңкейтіп ұстап, өлшенген металды пробирканың жоғары жағында сақтаңдар. Пробирканы тығындаған кезде металл қышқылға түсіп кетпеуін қадағалаңдар.

4.Судың деңгейі бірдей деңгейде тұратындай етіп екі бюретканы орналастырыңдар. Бастапқы деңгейді зертханалық дәптерге жазыңдар (V1). Металды қышқылға түсіріңдер. Металл мен қышқыл арасында реакция жүре бастайды, сутегі бөлініп, су ығыса бастайды.

5.Металл еріп болған соң және пробирка суыған соң, сутегінің көлемі анықталады. Бөлінген сутегінің көлемі V пробирка қосылған бюреткада көрсетілген соңғы судың деңгейінен (V2) бастапқы деңгейді алу арқылы анықталады.



6.Атмосфера қысымы Ратм,кПа, тәжірибе температурасы- tтәжірибе 0С, тәжірибе температурасына сәйкес келетін су буының қысымы (№1 кестеге қара)- РН2О, кПа және сутегінің қысымы РН2, кПаН2О, кПа= Ратм –РН2О) өлшеңдер.

Бөлінген сутегі көлемін қалыпты жағдайға келтіріңдер:

№1 сурет .Металл эквивалентінің молярлық массасын анықтауға арналған құрал.

Барлық өлшемді №2 таблицаға жазыңдар.
№1 кесте Қаныққан су буының сумен тепе-теңдігі қысымы.

Температура 0С

Будың қысым Па∙103 (мм сынап бағанасы)

0

0,61 (4,58)

5

0,87 (6,54)

10

1,23 (9,20)

15

1,70 (12,79)

16

1,82 (13,63)

19

2,20 (16,48)

20

2,37 (17,53)

21

2,48 (18,65)

22

2,64 (19,82)

23

2,80 (21,09)

№2 кесте Қорытынды кесте


m, г

tтәжірибе 0С

Р, кПа

РН2О, кПа

Vтәж

V0, мл

M (fэкв Ме)



































































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет