ПОӘК 042-14-02-03 20. 280/02-2012 Баспа №1 01. 09. 2012ж



бет6/8
Дата31.01.2018
өлшемі0,88 Mb.
#36792
1   2   3   4   5   6   7   8
Бақылау тапсырмасы

1. Сандық индикаторда қандай сан жанады?



 

Сұлбаны анализдей отырып, элементтердің кіріс және шығысына логикалық деңгей қоямыз. Дешифратор кірісінде сигнал деңгейлері сәйкес келмейді.Бірінші немесе DD2 екінші шығысы активті бола алады. Барлық жағдайда DD1 логикалық элементінің сигнал деңгейлері де сәйкес келмейді. Сатылы түрде оның тура шығысында -1, инверсті-0. DD3 кірісіне қосындысы 5 немесе 6 болатын сигнал береді. Бұл жағдайдың кез-келгенінде кері байланыс тізбегі бойынша сумматордың кіші разрядының кірісіне 1 беріледі,онда S=6. Бұл кезде DD4 түрлендіргішінің кірісінде логикалық деңгей 3 санының кодына сәйкес келеді, HG1сандық индикаторында жанады.



2. Сандық индикаторда қандай сан жанады?

 

8 - 9 -дәріс.

Тақырыбы. Триггерлiк қондырғы.

Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Триггердің негізгі анықтамасы.

  2. Триггерлердің жіктелуі.

  3. Триггеердің функционалдық сұлбада белгіленуі.

  4. Триггердің уақыттық диаграммалары.

Триггер деп - бiр бит мәндi сақтауға қабiлеттi, логикалық құрылғы. Ол екi тұрақты күйi бар және сатылы типтi қарапайым құрылғы.

Кез-келген триггерлiк құрылғының негiзiн тұрақты керi байланысты сақиналы екi инвентордағы жады ұяшықтары құрайды. (сур.8.1). Қорек көзі қосылған кезде логикалық элементтер беріліс сипаттамаларының активті облысында бола алмайды.Ұяшық шығысында инверсті деңгейлі Q және екі жағдайдың біреуіне ауысады. Бұл ұяшық жағдайы қорек көзі қосылып тұрғанша сақталып тұрады.



Асинхронды (тактіленбейтін) RS-триггерде (сур.8.2,а) жоғарыда айтылған жады ұяшықтарына S кірісіне (құрылғы Q=1 жағдайында) немесе R кірісіне (Q=0 жағдайында ) логикалық 1 беру арқылы басқаруға болады. Егер біруақытта беріп,одан кейін екі кірісінен де логикалық 1 алып тастаса, онда триггер жағдайы анықталмаған күйде болады (8.1 суреттегідей).



Инверсті басқарылатын асинхронды RS-триггер тура осы сияқты жұмыс істейді (сур2,б). Q шығысында триггерді бірлік немесе нөлдік жағдайда құру және кірістеріне логикалық нөльді беру арқылы жүзеге асырылады. Бірлік деңгей кезінде екі кірісінде де триггер сақтау режимінде болады. Рұқсат етілмейтін жағдай =1 болып табылады.

 Тактіленетін RS-триггер (сур.8.3) өз жағдайын С кірісіне тактілік импульс келгенде ғана өзгерте алады. Тактілік импульстар арасындағы R және S ақпараттық кірісіне әсер етуші бөгеттер, триггер жұмысына әсерін тигізбейді. Рұқсат етілмейтін жағдай CRS=1 болып табылады .



 
Сур.8.3. Тактіленетін RS-триггер

а) ЖӘНЕ –НЕ логикалық элементтерінде триггердің құрылуы;

б) Триггердің функционалдық сұлбада белгіленуі;

в) Триггер жұмысын анықтайтын, уақыттық диаграммалар.

 Қорек көзін қосқан кезде триггер жағдайы анықталмаған күйде қалады (Q шығысындағы үзік сызық). S және C кірісіндегі бірлік деңгейлер сәйкес келгеннен кейін триггер бірлік жағдайда құрылады..

D-триггердің бір ақпаратты (D) және тактіленетін(С) кірісі бар (сур.8.4). С=1 кезінде ол қайталағыш ретінде жұмыс істейді (Q=D). С=0 ауысу кезінде триггер жабылып және сақтау режиміне ауысады (D кірісіне ақпаратты алады).Бұндай триггерлер жөнінде,ол тактілі импульстің тұрақты деңгейімен тактіленеді деп айтады.



Сур.8.4


Тактілі импулсьтің тұрақты фронтымен тактіленетін D-триггер (сур.8.5), алдыңғыдан айырмашылығы динамикалық тактілі кірісті триггер деп айтады.

Сур.8.5


 С=0 кезінде бірінші саты триггері D сигналын қайталайды, екінші саты триггері жабық. Тактілі импулсьтің тұрақты фронтымен тактіленетін D-триггер (сур.8.5), алдыңғыдан айырмашылығы динамикалық тактілі кірісті триггер деп айтады.

Жұп немесе Т-триггер (сур.8.6) Т жұп кірісіне әр импульс келуімен, ол жағдайын қарама-қарсы өзгертеді. Ол динамикалық кірісті RS- және D-триггер базасында құрылады.




Сур.8.6

Көбінесе әмбебап функцияны JK-триггер орындайды (сур.8.7). Ол динамикалық кірісті RS-триггер базасында құрылады, бірақ одан айырмашылығы J және K ақпаратты кірісінде логикалық бірлік сәйкес келгенде,жұп сияқты жұмыс істейді.



Сур.8.7


Синхронды триггерлердің ауысу функциялары:

Сур.8.8. RS- және JK-триггерлер жағдайының кестесі



 Тактіленетіндермен қатар, көптеген триггерлік құрылғының микросұлбаларының бірлік және нөлдік жағдайға алдын ала құру үшін, асинхронды кірістері бар (сур.8.9).


Рис.8.9

 


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет