Бақылау тапсырмасы
1. Құрылғының шығысында жүзеге асырылатын бульдік функцияны жазыңыз.
2. Бір кірістен 32 шығысқа сигнал коммутаторын тұрғызыңыз.
3. мультиплексорах К155КП1 (16*1) мультиплексорында 256 кірісті бір шығысқа сигнал коммутаторын тұрғызыңыз.
4. бульдік функциясы үшін мультиплексор кірісіне беретін сегізразрядты сөзді көрсетіңіз
6-дәріс.
Тақырыбы. Екiлiк сумматорлар және сандық компараторлар.
Дәріс сабағының құрылымы:
Екілік сумматорлардың қолдануы.
Сандық компаратор дегеніміз не?.
Екілік сумматор(сур.6.1,а) А және В n-разрядты екілік сандарының арифметикалық суммасын түзу үшін қызмет етеді (сур.6.1,б).
Сур.6.1
Қосу нәтижесі болып қосындының бесінші разряды деп қарастыруға болатын S төртразрядты қосындысы және Р ауысу болып табылады. Кіші разрядты биттерді өңдеу кезінде жарты сумматорлар қолданылады.
Жартылай сумматорларды ЖӘНЕ және “Ерекше НЕМЕСЕ” логикалық элементтерінде жүзеге асыруға болады (сур.6.2).
Сур. 6.2
Екі жартылай сумматордан және НЕМЕСЕ логикалық элементінен толық бірразрядты сумматор құруға болады (сур.6.3).
Рис 6.3
К155ИМ3 микросұлбасының корпусында төрт толық бірразрядты сумматор, төртразрядты сумматор сұлбасына біріктірілген (сур.6.4).
Микросұлбаның қосымша полесінде сумматордың кіріс және шығысының салмақтық коэфициенттері көрсетілген.
Ұяшықтар қоймасында сандық индикаторда санның (0-ден 9-ға дейін) детальдарын көрсететін құрылғыны жобалайық.
Сур.6.5
Есеп сумматор көмегімен жеңіл шешіледі (сур.6.5). Бір разрядты (К555ИМ5), екіразрядты (К555ИМ2) және төрт разрядты (К555ИМ3) сумматорлар микросұлбалары іске қосылған, S1-S9 ажыратып қосқышының тең салмақпен тоғыз сигналын қосындылау керек. К514ИД1 дешифраторы арқылы қосынды сан жерлендірілген АЛС324А сандық жарықдиодты индикаторына беріледі .
Кәдімгі сумматор қосымша код белгісімен берілген сандарды қосу үшін қолданылады. Шығысында қосымша қосынды коды пайда болады. Осылай сегізразрядты сумматор көмегімен байттық қосындылардың алгебралық қосындысын жүргізуге болады. Бірдей белгісі бар санды қосу кезінде, модуль қосындысы 127 ден аспауы керек.
Сумматордың кірісіне +100 және -16 сандарының қосымша кодтары берілсін. Шығысында аламыз
Сандардың n-разрядты екілік және екілік-ондық кодын салыстыру нәтижесін тіркейтін құрылғы сандық компаратор деп аталады (сур.6.6). А> белгісімен шығысында логикалық бірлік түзіледі, егер А>B және A==B кезінде логикалық 0. А= шығысында логикалық бірлік, кодтар сәйкес болғанда түзіледі.
Сандық компараторды сумматорда салуға болады, бір кірісінде А түзу сан кодын береді, келесі В инверсті сан коды (сур.6.7). Сандық мысалдарда, А=В үшін кіші төрт разрядты логикалық бірге тең, ал A>B үшін ауысу шығысында бірге ауысады.
Рис.6.8
Тең белгілі код сұлбасын логикалық элементтерде құруға болады (сур.6.8). Интегралды микросұлбалардың кейбір сұлбаларында сандық компараторлар болады (мысалға, К555СП1).
Достарыңызбен бөлісу: |