1 - сатысында клиент пен психолог арасындағы қарым-қатынас жасалады да арақатынс бөлшектері талқыланады.
2 – сатысында біршама стрессогендік жағдай пайда болады. Көбінесе бұндай жағдай клиентті паника жағдайындағы күйін елестету кезінде болады, ал бұдан кейін клиентке осындай жағдайды шын өмірде басынан кешуге мүмкіндік береді.
Сенсибилизация адамдарда қарқынды стресогендік жағдайда жоғары дәрежелі үрейлікті тудыру үшін қолданылатын әдіс болса, десенсибилизация ең минималды үрейлік тудыратын кезкелген факторлардың алдын алу үшін қолданылады.
№12 дәріс Психодрама.
1.Психодрама әдісі туралы түсінік.
2.Психодраманың формалары мен түрлері.
3.Психодраманың әдістері.
Психодрама
1.Әдістемеге сипаттама.
Психодрама – рөлдік ойын негіздегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұл да топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық шифровизация қолданылады және клиентке деген маңызды проблемалармен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген.
Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Морено (1892-1947) соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксперимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркіне қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық потенциалы жайлы алғаш ойланды.
Мореноның ойынша, психодрама әсер ету әдісі ретіндегі ойлары -өзінің театрындағы бір актердің қалыңдығы жайлы проблемелармен бөліскеннен кейін пайда болады. Топпен жұмыс кезінде Морено сол актерді жеке проблемаларымен қоса сахнаға шығарады. Бұл эксперимент қалыңдығы мен күйеуіне де, сонымен қатар топ мүшелеріне де пайдалы болады. Осы сияқты топтық эксперименттерін морено одан ары жалғастырды. Ол өзінің әдістемелерін жасауда адамның ойнауға деген табағи қабілеттерін негізге алды. Ситуацияларды аяқ астылық, креотивтілік, ситуацияға қатысушылардың арасындағы жанған эмоцианалдық байланыс, катарсис пайда болады, ал бұл өз кезегіндегі шығармашылық белсенділік пен нисайтты тудырады.
Психодрама адамға өзінің проблемаларына шоғырланған кейіпкер рөлі беріледі. Осылайша, ол психолог бағыттаған шипровизацияға өз сезімдерін еркін білдіре алады, ал басқа актерлер оның шын өмірдегі басты персонаждарды ойнайды.
Психодраманың мақсаты – адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу, өзін -өзі тануды тереңдету. Қайғы – уайымдарды сөздік бейнелеуге негізделген басқа әдістемелерге қарағанда, психодрама клиентке терңде жатқан эмоция ларын ашық және әрекетті формада шығаруға көмектеседі. Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі психологиялық проблемаларды ( күнделікті тұрмыстан бастап, экзистенциялдаға дейін) шешудің эффективті жолдарын іздеу жүзеге асырылады. Клиент жүргізушінің және топтың көмегімен өзінің өміріндегі маңызды жағдайларды драмалық әрекетпен, оның проблемасына қатысты бар көрсетілімдерде ойнайды. Іс- әректтер проблеманы анықтау және нақтылау үшін ықпал ететіндей құрылады. Жаңа рөлдер, альтернативті, аффективті және қылық - әректтік стильдер анализденеді, проблеманы шешудің коструктивті моделін іздеу және апробирлеу жүзеге асырылады. Психодраманы құрайтын әрекеттер мен дене қимыл қозғалыстары вербальсіз қылық - әрекеттер сигналы сияқты, өзін және басқалардан танудың маңызды басталысын қолдану мүмкіндігін арттырады.
Топтық психодрама жұмысы клиенттің өзі таңдаған бойынша сюжетті – рөлдік ойын формасында жүргізіледі. Психодрамадағы рөлдер туындаған проблемаларды терең түсінуге және шешуге ықпал ететіндей беріледі және орындалады. Психодрама өзінің сезімдерін вербализациялауда қиындықтары бар клиенттерге көмектесуге бағытталған. Психодрамалық ситуацияларда клиент бір мезгілде өзінің дрмасының басты кейіпкері де, оның шығарушысы да, өзін және өзінің өмірін зерттеуші де болып табылады.
Бұл әдіс ауытқушы мінез – құлқы бар балалар мен жеткіншектердің адекватты емес эмоциоанлды реакцияларын жою үшін және әлеуметтік перцепция дағдыларын өңдеу үшін қолданылады. Терапевтикалық драматизацияның түршілігі үшін А. Вольтман биодрама және қуыршақ драматизациясын қолданды. Биодрамалық ерекшелігі, мұнда балалар арасында аңдар рөлі бөлінеді. Бұл әдістің авторлары балаға, әсіресе мектепке дейінгі балаларға өзінің алғаннан гөрі, жануарлардың рөлін алған жеңілге түседі деп санайды. Қыуршақ драматизациясы кезінде үлкендер балалардың алдында оның конфликтерін немесе оған деген маңызды ситуацияларды қуыршақ спектаклі арқылы көрсетеді.
Басқа да формасы болуы мүмкін, яғни топ мүшелерінің біреуі театрленген формада өзінің өмірі жайында әңгімелеп береді.
Психодраманы топтық жұмыстардың басқа әдістемелерімен ( мысалы: топтық дискуссия, психогимнастика) комплексті түрде қолданған тиімдірек болады. Топтық жұмыстың құрамдас бөлігі ретінде психодрама эмоцияналды бұзылулармен коррекциялық жұмыста, кейбір психосоматикалық ауруларда, балалармен және жеткіншектермен жұмыста, сонымен қатар жанұялық психокоррекция жұмысында кең түрде қолданылады. Әңгімелеуші таңданылған жұмыс формасына байланысты қатысушы немесе көрермен бола алады. Психодраманы жүргізудің маңызды шарты – топтағы жағымды атмосфера, әрекет- қылықтың еркіндігі және импровизация. Маңызды ситуацияларды қайтадан бастан кешіру арқылы, адам проблеманы, өзінің әсерлену жолдарын, жағдайға деген қатынасын, құндылықтарды, нақты іс-әрекеттерді жаңаша түсінеді.
Ол қарым-қатынас құрудың жаңа мүмкіндіктерін аша бастайды.
Психодрама катарсистік эффектіге басты назар аударады. Ол ішкі конфликттердің әсерімен пайда болады және психодрамалық әрекет кезінде сыртқа шығады.
Психдраманың элементтері басқа бағыттарда да кең қолданылады; гемтальттерапияда, қылық-әрекеттік терапияда, әлеуметтік – психологиялық тренингте, іскерлік ойындарда т.б.
Психодраманың негізгі міндеттері:
Клиенттің өз проблемалары мен конфликтерін шығармашылық тұрғыдан қайта түсіну.
Клиенттің өзін - өзі түсінудің терең және адекваттылығына қол жеткізу.
Конструктивті емес қылық - әрекеттік стереотпитерді және эмоцияналды әсерлену тәсілдерін жеңу.
Эмоцияналды реакция жасаудың жаңа тәсілдері мен жаңа адекватты әрекет – қылықты қалыптастыру.
Рөлдерді психодрамалық ойнау клиент әрекет – қылығын, оның қатынасын, бағдарын, эмоцияналды әсерлену жолдарын өзгертеді. Бағдарлардың өзгеруіне жағымды әсер ететін факторлар клиентке психодрамаға қатысуды және рөлдерді тануға мүмкіндік беру, клиентті орындаушылық әрекетке итермелеу, ойынға өзіндік импровизация кіргізуге мүмкіншіліктер тудыру. Психодрама клиенттегі қорғаныс позициясын жеңуге ықпал етеді, эмоцияналды қызығушылықты жоғарылатады, өзінің проблемаларын түсінуге, катарсис пен –сайтқа- жетуге көмектеседі.
Психодраманың классикалық процедурасы негізгі 5 элементті қамтиды:
Протагонист
Режиссер (фасилитатор)
Көмекші «Мен»
Көрермендер
Сахна
Протагонист – алғашқы ойыншы ( гр. «protos» - алғашқы, бірінші және «agon» - күрес, ойын) психодрамалық сахнада өзінің проблемаларын көрсететін басты кейіпкер. Протагонист өз өмірінің образын тудырады. Ол басты персонаж болып табылады және топтың назары оған аударылған. Режиссердің, аудиторияның және арнаулы қойғыш тәсілдерінің көмегімен протагонист өзінің актуалды психологиялық шындығын көсетеді. Ол өз алдына нисайтқа жетуге және реалды өмірін функциялау қабілеттілігін жақсартуға арналған.
Режиссер – клиент өз проблемаларын зерттеуге көмектесетін адам. Ереже бойынша ол психолог болып табылады. Оның қызметі психодраманың әрекеті, кеңістікте ұйымдастыру, сенімділік атмосферасын тудыру, қатысушыларды аяқ – астылыққа стимулдау, рөлдік ойынға топты және кеңістікті райымдау, проблемаларды ашу, клиенттің қайғыларын шығару, көмекші персонаждарды кіргізу, болып жатқан жағдайды талқылау, анализдеу және интерпретациялауды ұйымдастыру болып табылады. Режиссер топта белгілі бір атмосфераны тудырады, рөлдерді бөледі, сонымен қатар топ мүшелеріне өздерінің ойлары мен сезімдерін драмалық әрекет тіліне аударуға мүмкіндік береді. Жақсы режиссерден икемділік, психодраммаға бүкіл топтың қатысуына қызықтыру қабілеті сияқты қасиеттер талап етіледі. Психодрамада режиссер аналитик, терапевтің функцияларын атқарады. Қойылымшы рөлдегі режиссер топтағы жұмысты ұйымдастырады. Қойылымшы психодрама актерінің психологиялық күй – жағдайының барлық вербальді және вербальсіз көріністеріне өте сезімтал болуы керек.
Жақсы қойылымшының басты қасиеттері: жұмысқа деген шығармашылық көзқарастары, икемділігі, психодрамалық әрекетке топ мүшелерінің барлығының көңілін аудара білу қабілеті болып табылады. Аналитик рөліндегі режиссер психодрамаға қатысушылардың барлығының әрекетін талқылайды, мінез – құлқын, ойларын және сезімдерін интерпретациялайды. Аналитик рөліндегі топ басшысы көрсетілім кезіндегі әр мүшесінің әрекет – қылығын интерпретациялайды және талқылайды. Сонымен қатар ол жеке эпизодтарға қатысушылардың жалпы реакцияларын белгілеп, анализдейді. Терпевт рөліндегі психодрамалық әрекеттің басшысы керекті психокоррекциялық бағытқа бағыттайды. Терпевт рөліндегі психодрамалық режиссері қатысушыларға ( спектакльді өздігімен) қалаусыз әрекет – қылық формасын өзгертуге көмектесуге тырысады.
Қатысушыларға спектакльді өздігімен жүргізуге мүмкіндік бере отырып, терпевт өзіне креслода отыруына рұқсат ете алады немесе топ мүшелерін әрекетке итермелей, жоғары деңгейде белсенді бола алады.
Көмекші «Мен» - көмекші рөлдерді орындайтын және психолог функциясын күшейтетін клиенттер болып табылады. Көмекші «Мендер» протагонистке маңызды адамдарды немесе оның өзіндік «менінің» бөліктерін бейнелей алады. Көмекші «менің» негізгі функциялары: протагонисттің ойлаған ойларын жүзеге асыруға қажетті рөлдерді ойлау; басқа персонаждармен қарым – қатынасты протагонистің қалай қабылдайтынын түсінуге көмектесу; протагонисті проблемалар мен конфликтілерді шешуге бағыттау; протагонистке драмалық әрекетін реалды өмірге ауысуға көмектесу.
Көмекші «Мендер» психодрамада келесі міндеттерді шешеді:
Протагонистке қатысы бар реалды немесе ойлап табылған тұлғаларды бейнелеу;
Психодраманы жүргізуші мен протагонистің арасында делдал болып табылады және ол протагонист пен оның ойнына да, сонымен қатар
психодраманың жүргізушісі мен оның ұстаныстарына да зейін тұрақ -
тануы тиіс.
Әлеуметтік – терапевтикалық функцияны атқарады. Протагонистке өзнің адамаралық қатынастарын бейнелеуге және зерттеуге, сонымен қатар өзінің өмірлік серіктерімен диалог жүргізуге көмектеседі.
Көмекші «Мен» протагонистің өмірінде ерекше орын алған адамдарды бейнелейді. Психодрамада бұл персонажды топ мүшелері бейнелейді.Бұл билігі бар ана рөлі, қатал әке әділетсіз басшы, қайырымды дос және т.б. рөлдерді болуы мүмкін. Көмекші «Мен» рөліндегі жақсы орындаушы осы рөлге тез кіре алуы және нақты орындауы керек. Ол рөлді реалды жағдайдағыдай емес, протагонист көрсеткендей немесе ситуациясына қарай ойнауы керек. Кейбір топтарда арнайы дайындықтан өткен және кез – келген образға оңай кіре алатын кәсіби көмекші «Мендер» алынады. Сонымен, көмекші «Мендер» - жоқ адамдарды клиенттің ішкі дүниесіндегідей етіп бейнелейтін топ болып табылады. Әдетте клиент – протагонист көмекші «Менді» өзі таңдайды. Олар не басқа клиенттер немесе режиссер, немесе көрермендер болуы мүмкін.
Көрермендер ретінде психодрамалық әрекетке тікелей қатасы жоқ, бірақ соңынан ситуацияны талқылайтын топ мүшелері болып табылады. Жаттығудың қорытынды этапында олар болған жағдайға эмоцияналды қатынасын деммонстрациялайды, психодрамаға айналған, оларды анализдететін проблемалары мен конфликтерін әңгімелейді. Көрермендердің міндеті бір жағынан протоганистке көмектесу болса, екінші жағынан өз - өздеріне көмектесу, яғни сахнада болған нәрсеге уайымдау кезінде өзіне қатысты конфликтері мен мотивтеріде нисайтқа жетеді.
Сахна - бұл іс - әрекет жүзеге асатын кеңістіктегі орын. Психодраманы көбінесе арнайы ұйымдастырылған театрларда немесе ойынға ыңғайландырылған кабинеттерде жүргізеді. Психодраманың сахнаның классикалық формасы Нью – Йорк штаты Бекондағы Норекалық терапевтік театрдағы сахна болып табылады. Оның үш ярусты конструкциясы бар және жартылай шеңберлі балконы бар. Бірінші яруста протагонист пен психодрама жүргізушісі топтан тыс жағдайда болады, психодраманың кеңістігіне түседі. Екінші яруста олар бірінің артында бірі отырады және бұнда кіріспе әңгіме жүзеге асады. Үшінші яруста сахнада ойналған жағдай эмоцияналды дайындалуы мүмкін. Психодрамалық әрекеттің өзі үшінші яруста, диаметрі 4 метр болатын дөңгелек платформада өтеді. Балкон түрлі кеңістік тәжірибелерді, мысалы, ұшу немесе құлау, көтерілу немесе түсу және т.б. нақтылау үшін қолданылады. Егер бұндай сахна болмаған жағдайда, оның орнына кез – келген топ шеңберіндегі кеңістік қолданылуы мүмкін. Ол кең болуы керек, яғни протагонист және антоганистке психодрамалық әрекетке ыңғайлы болуы керек. Ал бөлменің өзі дұрыс пропорцияға ие болуы керек. Өте тар бөлмелер қатысушылардың қозғалыс еріктерін шектейді, өте кең топтық сезімге кері әсер етеді.
Психодраманың формалары мен түрлері
Протагонистте орталықтандырылған психодрамада басты орындаушыға зейін қойылады. Ол жүргізуші мен серіктерінің көмегімен өз өмірінің реалды немесе ойлап табылған жағдайларды бейнелейді. Психодрамалық жағдайларды ойланудың нәтижесінде санада жасырынған көптеген жағдайлар уайымдау және түсінісу деңгейіне жетеді.
Тақырыпта орталықтандырылған психодрама.
Егер топ жұмысында белсенді топтық конфликт немесе мотивтелген протоганист жоқ болса (жаңа топтарда болатындай ), алда барлық топ мүшелерін ойландыратын тақырып табылады .Мысалы ,топ мүшелерінің біреуі таныс емес адамдардың ортасында қапаланатыны туралы әңгіме бастайды. Басқа біреуі оны түсінетіндігін білдіреді де, өзіндегі кез – келген себептен туындайтын бұндай сезім жайлы айтады. Үшінші біреуі бұндай жағдайда қорқыныш сезімі туындайтыны айтады.
Осылайша, топ әңгімесінің ортақ тақырыбы қорқыныш болып табылады. Топ мүшелері жағдайды қысқаша бейнелейді.
Топқа бағытталған психодрама.
Топқа бағытталған психодрама көбінесе протагонистке орталықтандырылған психодрама түрінде жүзеге асырылады. Топқа бағытталған психодраманың ерекшелігі, барлық топта талғандыратын проблемамен жұмыс болып табылады. Бұндай проблемалар жұбайлық топтарда – сенімсіздік, алкоголиктер тобында – үйге бар немесе рестораннан кеш келді, жтекіншектер тобында – түзету колонияларындағы уақытын өтеуі, ата – аналар тобында - өсіп келе жатқан балалармен проблемалары болуы мүмкін. Топ мүшелерінің барлығы дерлік идентификацияға мүмкіндік алады. Протагонистке орталықтандырылған психодрамадағыдай, топқа бағытталған психодрама да қандай да бір күй-жағдайдың этнологиясын ашуға мақсатталуы мүмкін. Бірақ ең алдымен ол топ мүшелерінің барлығының проблематиканы жаңаша, тереңірек түсінуге бағыттанған.
Топта орталықтандырылған психодрама.
Топта орталықтандырылған психодрама – топ қатысушыларының бір-бірмен эмоцияаналды қатынастарымен және «осында және қазір» туындайтын проблемалармен айналысады. Психодраманың бұл формасы рөлдік дефицит синдромында, деминквентті қылық-әрекетте, фобияларда, рөлдік конфликтілер кезінде, креотивтілікті жоғарылатуда қолданылады. Психодрамадағы топ көлемі 6-9 аршинан тұрады. Егер топ 6 адамнан аз болса, онда көрермендер өте аз болады. Егер топ өте ауқымды болса- тіпті тәжірибелі режиссер болса да протагонистің сұраныстаымен басқара алмайды. Мақсатқа бағытталған психодрамада топтың құрамы маңызды рөл атқарады.
Топтағы психодрама гетерогенді топ құрамын талап етеді. Топтың қатысушылары ( жынысы, тұлғаның структурасы, қабілеттілігі, тәжірибелері әр-түрлі) гомогенді топтарға қарағанда күтпеген жағдайларды толығырақ бейнелеуге қабілетті.
Топқа арналған психодрама көбінесе құрамы жағынан гомогенді топтарда жүргізіледі. ( мысалы, жұбайлар тобы, ата-аналар, жеткіншектер, алкоголиктер және т.б.). Драмалық топ немесе жабық, не ашық болуы мүмкін. Жабық топтарда күшті топтық бір тұтастық тезірек пайда болады. Ашық топ табиғи психодрамалық қойылым ретінде қарастырылады. Оның мақсаты шын өмірде топ қатысушыларының өз беттілік, тәелсіздікке тезірек ие болу.
Психодрама уақыты. Әдетте кездесу ретінде сеанс 50 минутқа созылады. Шындығында кездесулер қысқа немесе ұзағырақ болуы мүмкін және сеанстың созылуы клиент проблемасының қиындығына, оның реакциясына байланысты. Сеанстың мөлшер шектері 15-20 минуттан 4 сағатқа дейін.
Психодраманың негізгі компоненттері : рөлдік ойын, аяқ-астылық, «тене», катарсис, нисайт.
Рөлдік ойын – шифровизирленген көрсетілімдерге қатысу. Психодрама топ қатысушыларының рөлді ойнау кезінде өзінің тұлғалық проблемаларымен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Д. Морено былай деген: актер, автор жазған сценарийді орындайды, ол тапсырыс бойынша өзгеру қабілетіне ие болуы керек. Психодрама « жанған фасад » тудыруы кедергі болуы мүмкін.
Аяқ-астылық – сырқы әсерлерге реттелмейтін әрекет-қылық пен сезім,сондықтан психодрама алдын ала жазылған сценарийлер мен рөлдер болмайды. Д. Морено психодрамадағы аяқ-асты әрекет қылықты әлеуметтік әлеуметтік рөлдердің өспелі ригидтілігіне қарсы дәрі деп қарастырған Д.Морено түсінігінде аяқ-астылық-шығармашылықты босатуға арналған кілт: «Шығармашылықты ұйқыдағы ару сияқты ояту керек. Бұған ең қолайлы құрал аяқ-астылық»-деді.
Аяқ-астылық екі маңызды параметрді шамалайды, жауаптың адекваттлығы,жаңашылдық.
Психодрамалық әрекетінің өткелі мен болашағы болмайды-тек қана осы шағы бар, барлық болған жағдайлар реалды әрекетте ғана уайымдалады. Егер «тасымал» ұғымы З. Фрейд бойынша эмоциялы пациенттен психотерапевтке тапсырудың бір жақты процесін білдірсе, ал «контртасымал»- психотерапевттен пациентке, онда «тене» Д. Морено бойынша клиент пен режиссер және топ мүшелерінің арқасында эмоция тапсырудың екі жақты процесі. «Тене» психодрамалық жағдайда туындайтын жағымды ( жағымды «тене») да және жағымсыз ( жағымсыз «тене») эмоцияларды қамти алады. «Тене» ұғымы социодрамада тиімдірек- психодраманың ерекше түрі, оған топтық ортақ тақырып тән. Социодраманың қатысушылары әрбіреуінің жеке проблемаларын зерттеудің орнына, барлық қатысушыларға әсер ететін фактормен айналысады. Топ мүшелері рөлдік ойындарды өздерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерге қатынасын,яғни ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас, тұрғындар мен чиновниктер арасындағы конфликтер, расизм және т.б. зерттеу үшін қолданылады. Катрасис – сезімдік әсерлену мен ішкі тазару деген мағна береді. Д. Морено бұл ұғымды біршама кеңейтті,яғни катрасис әрекетін тек көрермендер ғана емес, актерларға дейін өрістетті. Ол былай деді, психодраманың емдік эффектісі көрермендерге қатысты ғана емес ( 2-ші катарсис), актерге қатысы да бар.
Инсайт – проблеманың шешілуі мен жаңаша түсінуіне әкелетін таным түрі болып табылады. Инсайт – психодрама қатысушысының перцептивті анализінің құрылымының өзгеруі. Инсайт тек қана катарсис кезінде ғана емес, ойналған психодраманы талқылау кезінде де пайда болады. Себебі: онымен байланысты уайымдар басылады. Психодраманың мақсаты катарсис пен инсайттың максималды шығуына мүмкіндік болатын топтың климатты тудыру болып табылады.
Психодраманың негізгі фазалары:
Қызу және жаттығу
Өзіндік драмалық әрекет
Талқылау.
1. Фаза кезінде протагонистің қорытындысы, дискуссия материал алу, проблеманы қайта талқылау, протагонист және басқа қатысушылардың дайындығы психодрамалық әрекетке кеңістік ұйымдастыру жүзеге асады.
1-ші фаза үш стадиядан тұрады:
1.Қатысушылардың қозғалыс белсенділігін біртіндеп азат ету.
2.Аяқ-астылы қылық-әрекеттік реакция стимуляциясы.
3.Нақтылы проблемаларда топ мүшелерінің фокусировкасы.
Бағытталған және бағытталмаған қызу түрлері.
Бағытталған қызу фокусирленген және спецификалық болуы мүмкін. Бұндай жағдайда протагонист белгілі тақырыппен жұмысқа дайын болып сеансқа кіріседі.
Бағытталмаған қызу протагонист рөлдік ойындарға дайын болмай сеансқа кіріскен жағдайда қолданылады. Вербальді және вербальсіз тәсілдер бар.
Жаттығулар кезінде психодрамадағы белгілі рөлдерді ары қарай орындауды жеңілдету үшін, топ мүшелері қарапайым жаттығулар тізбегін орындайды. Жаттығу кезінде қатысушылар психологиялық және физикалық босайды., артық уаайымдары мен қысымдылықты шығарады, рөлдік ойындарға ыңғайланады. Жаттығу сөз түрінде және дене жаттығулары түрінде болуы мүмкін. Оның міндеттері: қатысушыларды аяқ-астылыққа стимулдау, қорқынышты әлсірету, қажетті эмоцияналды атмосфераны орнату. Бұл міндеттерді шешу үшін түрлі көмекші әдістер қолданылады: дискуссиялар, тірі скульптуралар, импровизация, ертегілерді ойнау және т.б.
Жаттығулар вербальді және вербальсіз болады
Вербальсіз жаттығулар қатысушыларға өздерінің сезімдері мен проблемалары жайлы ашық әңгімеге қарсылықтарын жеңуге жаңаша түрде көмектеседі. Дене әрекеттері қатысушылардың активизациясы мақсатында қолданылады.
Психодраманың екінші фазасы реалды проблемалық өмірлік жағдайдағы рөлдерде ойланатын психодрамалық әрекетті білдіреді. Көбінесе проблеманың авторы өзін-өзі ойнайды. Психодрамалық әрекетте клиент катарсиске жетуі мүмкін және зінің шынайы сезімдерін түсінуі мүмкін. Бұл процестері жеңілдету үшін әдістер тізбегі қолданылады: «айна», «егіздер», «монолог», «диолог», «болашақты құру» және т.б.
3-ші фаза –талқылау немесе интерпретация қорытынды болып табылады. Әрекет біткен кезде протагонист және қалған топ мүшелері анализге кіріседі. әдетте ол психодрамалық әректке тікелей қатынасы жоқ клиент сөздерінен басталады: рөлдік жағдайларды ойнау кезінде туындаған өзінің әсерлері, уайымдары, ассоциациалары, ойлары. Содан кейін протагонистке сөз беріледі және талқылауды психолог аяқтайды. Эмоцияналды реакцияларды талқылағаннан кейін топ мүшелері психодрамалық әрекетті нақтырақ талқылауға көшеді.
Талқылау фазасы 2 бөліктен тұрады:
рөлдік кері байланыс
идентификациялық кері байланыс
Рөлдік кері байланыста серіктер оларға бөлінген рөлдерді орындау кезінде пайда болған сезімдерді кезекпен протагонист суреттейді.
Идентификациялық кері байланыста көрермендер мен психодрама жүргізушісі қатысады. Идентификация топ қатысушылары жайлы маңызды ақпарат болып табылады.
Бұл сатыда келесі міндеттер шешіледі:
де-ролинг протагонистің әрекет кезінде ойнаған рөлінен шығуы. Қысқа дискуссия формасында жүргізіледі;
Эмоцияналды стабильдік – рөлден шығу процесінің бөлігі ретінде әрекеттің соңындағы эмоцияналды стабильдікті қалпына келтіру болып қарастырылады;
Комфортты жағдай – бұл сезімге кімде –кім сенің қиындықтарыңды бөлісуге тырысу деген түсінікті білдіреді.
өзін түсіну қабілеті – клиентте өзін түсіну, өзінің әрекет-қылығын, қоршаған ортаға өзінің ықпалын түсіну қабілетін жоғарылату.
Әдетте бұл интерпретация кезінде жүреді. Талқылау стадиясының негізгі ережесі әрекеттің жоқтығы болып табылады. Сөздік әдістер, яғни сезімдермен алмасу, талқылау және анализ қолданылады.
№13 дәріс Жекелей және топтық коррекция.
1.Жекелей және топтық психокоррекция туралы түсінік.
2.Олардың мақсат, міндеттері, негізгі стадиялары.
Топтық кездесуге қатысушыларды іріктеу.
Топтық кездесуге, тай-таласта өзін-өзі ұстай алатын және топта алған тәжірибесін қарапайым ортада қолдана алатын адамдар алынады. Кездесулер ол үшін ауыр тиіп, оңың күйін төмендететін адамдар бар. Ол адамдар өз-өздеріне сенімсіз, өздерін төмен бағалайтын, шындыққа жанаспайтын нәтижелер күтетіндер, күрделі және психикалық жарақаттаушы жағдайлардан қашатындар. Қысқаша айтқанда - анжық ажамдар. Клиенттер, яғни адекватты тұлға аралық қарым-қатнасқа түсе алмайтындар және көмекті кездесуден күететіндер.
Топтық кездесудегі үлкен рөлге психолог ие, оның ең басты әрекеті топта жағымды эмоционалды қалыпты (атмосфера) орнату, ең бастысы психологиялық көмекке бағынышты қылып қоймау, әлеуметтік ортаға бейімдеудің жолдарын таңдауға ықпал жасау.
Топтағы байланыс жалпы танысудан басталады. Топ мүшелерінің немен айналысатындары өздері шешу керектігі анықталғанда, өкіну кезеңі пайда болады. Бұл кезеңде адам аралық қарым-қатынаста өзін-өзі жүзеге асыру мен ашылуға қарсылық білдіреді. Топ мүшелері бұрын болған жағдайлармен толғаныстарын немқұрайлы талқыласа, сәлден соң ғана қазіргі уақытта талқылауға көшеді. Топ «қазір және осында» талабымен жұмыс бастағанда, бірінші жағымсыз сезімдер көрінеді. Кейінгі кезеңдерде әр топ мүшесінің ішкі қарсыласуын жоюға, оны тұлға ретінде және сезімдерін ашық жеткізуге ықпал ету. Келесі кезең, топтағы қатысушылардың толғаныс – күйзелістерін бейнелеуден тұрады.
К. Роджерстің ойынша, жағымды ішкі тереңдегі сезімдерді білдіру, жеткізу қиын. өйткені олар жағымсыз сезімдерге қарағанда әлде-қайда саналықты қажет етеді. «Мен сізді жақсы көремін» деген, «мен сізді жек көремін» деп айтудан әлде – қайда қиынырақ. Жағымсыз сезімдер өткенімен топ тарап кетпейді, сенім климаты орныға бастайды: топ мүшелері саналы тәуекелге бел буады, жеке басқа маңызды материалдар анық айтыла бастайды, топ мүшелері арасында жағымды (позитивные) және жағымсыз (неготивные) сезімдеріне нақты сене бастайды.
Бір адамның шынайы ашылуы бір жақты болмайды, топтағы әр клиентке бір әсер қалдырады. Топтағы болатын кері байланыс арқылы адам, топ реакциясы арқылы өз сезімдерін, қылық-әрекетін, қоршаған ортаға қарым-қатнасын сезінеді. Біртіндеп топта қорғанышқа шыдамдылық таусылады. Кей кездері топқа тікелей талаптар қойылады, әр мүшеге өз сезімдерін, ойларын жасырмай өз-өздерімен (самим собой) болуға.
Егер топ мүшесі жағымсыз (неготивные) сезімдерін айтса, топ оны қолпаштаса, бұл онда топтың жетістігін, пісіп-жетілгенін көрсетеді. Бұндай топ өз мүшесіне көмек көрсетіп, өзіне деген көзқарасы мен өзгеге қатнасын өзгерте алады. Егер де жағымсыз сезімдер мен қылық-әрекет ашық көрсететін мүшені топ шектемесе, онда топ неғұрлым ашық қарым-қатнас жасай бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |