ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 65/03. 2012 Редакция №1 02. 09. 09. орнына Редакция №



бет4/4
Дата26.08.2017
өлшемі1,08 Mb.
#28326
1   2   3   4

дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;

  • тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

  • асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

    Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалады .


    14.Нәрестелік кезеңінің негізгі бағыты

    1.Үлкенмен қарым-қатынас

    2.Сөйлеуді игерудің алғышарттары

    3.Қимыл мен іс-әрекеттің дамуы

    4.Айналасындағы бағдарлауды дамыту

    Нәресте өмірі үлкенднрге тәуелді.Үлкен оның қажеттілігін қанағаттандырады.Әсерленгіш қажеттіліктері Негізгі есту,сезіну әсерлерін үлкендерден алады.Жандану комплексі пайда болады яғни,баланың үлкендерге деген жағымды эмоциялық көзқарасы.

    Туғаннан 4-5 айда үлкендерді таңдап қарайды.Бөтен адамдарды ажырата бастайды.Нәрестелік шақтың өзінде баланың психикалық дамуы айқын көрінеді.Ондағы психикалық процестер тұрмыс жағдайдың әсері бойынша қалыптасады.Үлкендер қарым-қатынас нәтижесінде қоғамдық тәжірибені игереді.Сонымен бірге оны заттармен қызмет істеуге көмектеседі.

    Қарым-қатынас қажеттілігі сөйлеудің алғышарты.Туғаннан 3 айдың соңында гуілдеу басталады. Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.

    Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) [1]. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.

    Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі [2].

    Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.

    Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

    Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.

    Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:

    * фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту;

    * қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;

    * ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту;

    * есте сақтау қабілетін дамыту;

    * жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;

    * парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.

    Балабақшадағы интеграциялық сабақтар:

    1. естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару (доппен ойын – «Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.);

    2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу, жеке әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.);

    3. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлау («Графикалық диктант», «Нүктелерге қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау);

    4. колдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу (саусақтық имитациялар, доппен ойын және т.б.);

    5. қолдың қимылдарын бақылау ( «Ережеге сай ою-өрнекті салуды жалғастыр», «Суретті шрихта» және т.б.);

    6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген балаға көп көмеген тигізеді.

    Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен ойындардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын жазу дағдыландыру жаттығуларымен қатар, оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады: үлкендерді мұқият тыңдау білігі, оолардың нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз бетінше алдына қойынған ақыл-ой міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б.

    Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер қарастырылады:

    1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру;

    2. айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;

    3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа сөздер мен ұғымдарды синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет тілімен танысу);

    4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.

    5. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру [3].

    Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейін кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет. [4].

    Баланы оқу мен жазуға үйрету - мектептің міндеті, бірақ көптеген дағдылар мен біліктерді бала мектепке келіп, алдына оқу мен жазудың нақты мақсаты қойылғанға дейін игере алады. Сонда ғана оның мектепке келгеннен кейін оқу мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл болады. Ал мектепке даярлау барысында игерген дағдыларын ол өзіне жаңа іс-әрекет барысында жүзеге асырады дегіміз келеді.


    Іс-әрекет - даму мен денсаулық факторы. Баланы тәрбиелеу (еңбекке баулу, ой- өріс, әдет- ғұрыпқа) жан- жақты жүргізіледі, бірақ, жас мөлшеріне байланысты мұндай тәрбиелеу аспектілерінің арасындағы қатынас олардың түрлеріне байланысты болып келеді. Баланың іс-әрекеті оның организмінің өсуі мен дамуын анықтайтын, өмір сүруіне ең қажетті фактордың бірі болып саналады.

    Қимыл-қозғалыс өмір сүрудің маңызды шарты болғандықтан, өсіп келе жатқан организм биологиялық қимыл-қозғалыс қажеттілігін сезінеді. Әсіресе үдемелі өсіп-даму кезеңінде қимыл-қозғалыс қажетігінің маңызы арта түседі. Өйткені, қимыл-қозғалысты іс-әрекеттер биологиялық дамуды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар, дағдылану механизмдерін де қалыптастырушы фактор болып табылады.

    Қимыл-қозғалыс белсенділігі орталық жүйке-жүйесінің, бұлшық еттердің, дамуын жақсартады, зат алмасуын жоғарылатуға қатысады, сөйлеу қаблетінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Балалар ертерек жүріп кетсе, оның сөйлеуі де тезірек қалыптасады, мектеп жасына дейінгі кезеңде іс-әрекет қимылдары жақсы қалыптаса бастаса, одан былайғы еңбек дағдылары да жеңіл дамиды.

    Солай болғанымен, қимыл-қозғалыстағы биологиялық қажеттілік, балаларды дұрыс тәрбиелемегендіктен болатын гиподинамияның дамуын жоққа шығармайды. Мұндай жағдайлар, көбінесе, қимыл-қозғалыстағы табиғи қажеттілік ата-анасының тәрбиесіне байланысты (жаяу жүргізудің орнына балаларға арбашаларды қолдану, телехабарларға көп әуестендіру т.с.с.) шектелген, мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі.

    Іс-әрекеттің кез келген түрінің, организмнің функционалдық мүмкіндіктерін уақытша азайтуға, яғни, қажуға әкеліп соғуы, оның заңды нәтижесі болып есептелінеді. Бұл процесс қайтымды және жұмысты тоқтату, жоғалған қызмет қаблетін қайтадан қалпына келтіреді.

    Қызмет қаблетінің үш фазасын айыруға болады: еңбекке дағдылану, ең өнімді жұмыс уақыты және қажу. Еңбекке дағдылану фазасы жұмыс қаблетінің ақырындап ең өнімді жұмыс уақыты фазасына дейін көтеріле бастауымен сипатталады, одан соң қажу фазасы дами бастайды.

    Сондықтан, қатты қажуды болғызбау үшін, балалардың іс-әрекеттерінің барлығы мөлшерленуі керек. Гигиеналық нормаландыру баланың жас мөлшеріне және организмдерінің қызмет мүмкіндіктеріне байланысты жасалады.

    Организмнің қоршаған ортамен байланысында, үнемі ішкі және сыртқы ритмдер бір-бірімен әсерлесіп отырады, олардың қосындысы физиологиялық жағдайды анықтайды. Биологиялық ритмдер дегеніміз - организмнің әртүрлі жағдайларының және физиологиялық қызметтерінің белсенділігінің мезгіл сайын алмасып тұруы.

    Организмнің биоритмологиялық құрлысы тұқым қуалағыштық заңы бойынша жасалаған және онтогенез процессінде үзіліссіз құрылып тұрады. Бірақ, әрбір биологиялық циклдың құрылуына, белгілі-бір алдыңғы себептер қажет болады.

    Сондықтан, биологиялық ритмдер, балалар организмдерінің қоршаған ортаға дағдылануының негізгі механизмдерінің бірі болып есептелінеді. Егер, баланың іс-әрекеттерінің (оқу, дене еңбегі) қандайда бір ритмі оның биологиялық ритмімен қабаттаса жүрсе, онда ол қызмет қаблетінің жоғарлауымен көрінеді.

    Организмнің физиологиялық функциясының циклдылығы әрбір адамда ерекше, бірақ белгілі бір аралықта болады. Адамдарда ең төмен физиологиялық көрсеткіштер (тыныс алу, тамыр соғысының жиілігі, артериялық қан қысымы, бұлшық ет тонусы т.с.с.) түнгі уақытта байқалады. Күндіз бұл көсеткіштер жоғарылайды, бірақ бірқалыпта тұрмайды. Ересек адамдардың көпшілігінде таңертеңгі және кешкі биоритмиялық ең қолайлы функционалдық жағдайларын анықтауға болады. Балаларда, мұндай, уақытқа байланысты болатын белсенділік онша білінбейді. Бірақ, олардың функционалдық көрсет-кіштері тәулік ішіндегі белгілі бір уақыттарда, көбінесе таңертеңгі уақыттарда жоғарылайтыны анықталды. Сондықтан, кейбір авторлар балалар арасында акрофазаның (белсенділік циклдары) үш түрін бөліп қарауды ұсынады: таңертеңгі, кешкі және аритмиялық.(бұл шартты түрде алынған)

    Балалардың биологиялық ритмдерінің арасында, ең жақсы үйлесімділік болу үшін, оқу, еңбек, тұрмыс, демалыс нормаларын өңдеп жасау хронобиологияның алдына қойған мақсаты болып табылады.

    Гигиеналық тұрғыдан жоғарыда көрсетілген факторлардың ішінде балалар мен жасөспірімдердің өмірінде тұрақты түрде орын алатындары ғана (оқу жағдайларын ұйымдастыру, қажу, ауыспалы еңбек және күн тәртібі сияқтылар) ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұндай жағдайларда гигиеналық принциптердің сақталмауы организмдегі биологиялық процесстерді бұзады және сонымен бірге, әр түрлі патологиялық дамуларға әкеліп соғады.

    15.Баланың ана құрсағында нерв системасының қалыптасуы, дамуы.

    Жоспар:


    1)Баланың ана құрсағында нерв системасының дамуы

    2)Нәресте жасындағы психикалық танымдардың дамуы

    3)Бөбек жасындағы психикалық танымдық дамуы

    Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант» (лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.

    Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи дәуірлерде психика дамуының шарты болды. Инварианттық, яғни тұрақты қасиеттер, соның ішінде шартсыз рефлекстер, не өмір үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында берілетін адамның кейбір мінез-құлықтары жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей өзгеріске ұшырайды деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне үйіліп, қосылып жатады.

    Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады. Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған «кескінділерді» өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, – дейді. Мұны «қирау» теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.

    Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына әсері. Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ кейде зерттеушілер «экологиялық» деген сөзді «тұқым қуалаушылық» мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың пихикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды.

    Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп «оятып» жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Биологиялық факторды баланың туылғаннан берілген дене бөлшектері десек, керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. А. Н. Леонтьевтің пікірінше, әлеуметтік фактордың ықпалы көбірек болады. Әлеуметтік ортаның атқаратын рөлі өте үлкен.

    XX ғасырдың бас кезінде индус психологы Рид Сингх Амаланның ойынша, бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай дамыту үшін, оның қоғамдық ортада өсуі, тәрбиеленуі қажет дейді. Әйтпесе, бала адам қатарына айнала алмайды. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторлардың дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде (нәресте кезінде) үлкен рөл атқарса, енді әлеуметтік факторлар күннен-күнге өріс ала бастайды.

    Психикалық даму және оқыту. Бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, – дейді.

    Шетел психологы Дж. Брунердің ойынша, психиканың дұрыс қалып тасып, дамуы үшін оқыту өте қажет, және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор. В. В. Давыдовтың ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер етеді, егер баланың сабақ үлгеріміне шақ келетін материалдар бір қалыпты меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтамыз.


    3. Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
    1. Ерте сәбилік шақтағы психикалық ерекшеліктер.

    мақсаты.

    Ерте сәбилік шақ бала психикасының дамуында өте маңызды. Бұл кезеңдегі баланың психологиялық жетістіктері тік жүру, сөйлей алуы, заттық әрекет. Ерте сәбилік шақ қай жас аралықты қамтитының немен ерекшеленетінің, даму эвалюциясында алатын орыны, баланың негізгі әрекеттері, қоршаған орта мен қарым- қатынастарын ерекшеліктерін ашып көрсету. Сәбилік шақтың бала психикасының дамуындағы маңызы.



    1. Сәбилік шақтағы психологиялық ерекшеліктер.

    2. Ерте сәбилік шақта іс- әрекеттің жаңа түрлері.

    3. Ерте сәбилік шақтағы сөздік қоры.

    4. Психикалық қасиеттердің көрінуі.

    5. Көрнекі бейнелі ойлаудың пайда болуы.

    2. Ерте сәбилік шақтағы танымдық процестері.

    мақсаты.

    1. 3 жас аралығындағы психиклық таным процестерінің пайда болып, дамуы. Сәбилік шақтағы баланың зейіннің бағыттауы, мінез- құлқы мен қиял, ес, процесттерінің көрінулері. Ойлаудың негізгі жолдары.

    1. Ерте сәбилік шақ бала психикасының дамуының маңызы.

    2. Ерте сәбилік шақтағы баланың қабылдау, ес.

    3. Ерте сәбилік шақтағы ойлаудың негізгі жолдары.

    4. Баланың пассивтік сөйлеуінің даму ерекшеліктері, баланың активиі сөйлеуінің даму.


    3. Ерте сәбилік щақтағы баланың негізгі іс- әрекеті.

    Мақсаты.

    Бұл кезеңде әсіресе заттық іс- әрекет маңызды орын алады. Ерте шақта балада құрал- сайманмен атқаратын іс- әрекет қалыптасады.Ерте сәбилік шақта іс- әрекетінің жаңа түрлерінің пайда болуы. Ойын әрекетінің маңызы. Сюжетті рольдік ойын.

    Ерте сәбилік шақ баланың жеке басының дамуының алғашқы формалары. 3- жас дағдарысының пайда болуы. Дербестілікке ұмытылу даму этапының өтпелі кезеңі, осы уақытта тәрбиені дұрыс ұйымдастыра алу.


    1. Ерте сәбилік шақтағы ойын іс-әрекетінің маңызы

    2. Продуктивті және репродуктивті әрекет ұғымы.

    3. Сюжетті рольдік ойынға ауысу.

    4. Дербестілікке, тәуелділікке ұмтылу. 3- жас дағдарысы.

    5. Оқыту тәрбиелеу процесін ұйымдастыру.



    4. Мектеп жасына дейінгі балалық шақ. Ойын- баланың басты әрекеті.

    мақсаты.

    Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуының негізгі бағыттары мен факторлары. Мектеп жасына дейінгі шақта ойын іс- әрекеттің басты түріне айналады, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістерді туғызады. Отандық психологияда ойын іс- әрекетінің мәселелері. Сюжетті рольдік ойынның тарихи пайда болуы. Осы кезеңдегі сюжетті рольді ойының маңызы баланың ойлауының, қабылдау, зейін, естін дамуы. Үлкендермен қарым- қатынас ерекшеліктері.



    1. Мектепке дейінгі жаста баланың ойындарының сюжеті мен мазмұны.

    2. Психологтардың ойын теориясына айтқан ойлары.

    3. Ойын арқылы балалар қарым- қатынасы.

    4. Бейнелеу іс- әрекеті.

    5. Балалардың оқу, еңбек іс- әрекеттерінің алғы шарттары.

    6. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуы. Өзін- өзі бағалау.



    5. Мектеп жасына дейінгі таным процестерінің дамуы.

    мақсаты.

    Мектепке дейінгі шақта баланың ақыл- ойының дамуы. Ойлау іс-әрекетінің қалыптасуы мен жетілуі. Көрнекі бейнелі ойлауының дамуы. Үлкендермен қарым- қатынастың ерекшеліктері. Сөйлеудің дамуы, естің, зейіннің даму ерекшеліктері.



    1. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл- ойының дамуы.

    2. Үлкендермен қарым- қатынастың дамуы.

    3. Мектепке дейінгі шақта баланың сөздік қорының дамуы.

    4. Зейін түрлерінің дамуы.

    5. Ес, қиял процестерінің дамуы.

    6. Кеңістік пен уақытты бағдарлау.

    7. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы.


    6. Мектепке дейінгі баланың жеке басының дамуы.

    Мақсаты.

    Мектеп жасына дейінгі баланың даму шартары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түсетіндігін. Мектепке дейінгі кезең жаңадан жекеше құрылу. Осы кезде балалардың қарым- қатынастан алатын әсерлері. Әлеуметтік тәртіп және формаларын игеру. Мектек жасына дейінгі балалардың сана- сезімінің артуы.

    1. Мектепке дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы.

    2. Мектепке дейінгі баланың құрдастарымен қарым- қатынастары.

    3. Мативтер жүйесінің қалыптасуы.
    7. Мектепке оқуға психологиялық даярлық. 7 – жас дағдарысы.

    мақсаты.

    Мектепке бару- бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым- қатынастарға көшу. Оқушы орынының өзгеше ерекшеліктерін оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс- әрекет екендігін.

    Мектепке даяр баланың жеке басының мәселесі. Бастапқы мектепте оқу кезіндегі қиындықтар мен үлгермеушілікктін себептері. Баланың мектепте оқытуға даярлығын анықтау. Мектепке келгеннен кейін қойылатын талаптар жайында қабылдау,есте сақтау міндеттері.

    1. Мектеп оқушысын даярлауда үлкендердің ықпалы.



    1. Мектепке дейінгі сезімдерінің дамуы.

    2. Еріктің даму.

    3. 7- жас дағдарысы.

    4. Таным процестерінің дамуы.



    8-9. Кіші мектеп оқушыларының психикалық даму.

    Мақсаты.

    Кіші мектеп оқушыларының психикалық дамуы. Мектеп қатынастың тәртібі мен нормасын игеру. Қоршаған ортамен, адамдармен қарым- қатынастың өзгеруі. Балалардың таным деңгейі мен жеке басының жаңа деңгейге өтуі.

    1. Кіші мектеп оқушысының психикалық дамуы.

    2. Рефексия.

    3. Жалпы және арнайы қабілеттерінің көрінуі.

    4. Мативация жетістігі, оның жеке басы мен қабілетінің дамуының негізі.


    10-11. Оқу іс- әрекеті – кіші мектеп оқушылырының басты әрекеті.

    Мақсаты.

    Кіші мектеп оқушыларының негізгі әрекет түрлері. Кіші мектеп оқушылырының дамуына оқудың әсері. Бастауыш мектепте ғылыми ойлаудың қалыптасу мәселесі. Оқу іс- әректінің құрылысы. Осы кездегі оқудың, еңбектің, қарым- қатынасының, ойынның ерекшеліктері.

    1. Кіші мектеп жасына сипаттама.

    2. Кіші мектеп оқушыларының негізгі әрекеті –оқу.

    3. Оқу іс- әрекетінің құрылымы.

    4. Кіші мектеп оқушыларының психикалық дамуындағы жеке өзгешіліктер.



    12-13. Кіші мектеп оқушыларының танымдық процестерінің дамуы.

    Мақсаты.

    Баланың жаңа әрекетке кірісуі. Кіші мектеп оқушысының қабылдауының дамуы. Бастауыш мектеп оқушыларының зейіні. Кіші мектеп оқушыларының көрнекі бейнелікпен сөз-мағыналық ойлау дәрежесіне жету жолдары Білімге деген қажеттілігін байқау, дамыту жолдары.

    1. Есте сақтаудың жаттаумен байланысты механизмдері.

    2. Кіші мектеп оқушысының зейіні.

    3. Кіші мектеп оқушысының ойлауы мен елестетуі.

    4. Интеллектуалдық даму дәрежесі.



    14-15. Кіші мектеп оқушыларының жеке басының қалыптасуы.

    Мақсаты.

    Жеке бас ретінде қалыптасуының кейбір мәселелері. Бұл кезеңдегі баланың анатомия- физиалогиялық дамуы. Оның алғашқы кезеңіне байланысты болатын ерекшеліктер. Таным процесінің дамуы.



    1. Кіші мектеп оқушысының жеке басының қалыптасуы.

    2. Жаңа танымдық қызығулардың пайда болуы мен қабілеттік көріністер.

    3. Кіші мектеп оқушыларының еңбек және оқу әрекеттері.

    4. Студенттердің өздік жұмысы.
    4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

    Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
    1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

    2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

    3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

    4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

    5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

    6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

    7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


    Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.


      • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

      • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

      • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

      • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

      • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

      • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

      • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

      • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.



    СӨЖ тақырыптарының тізімі
    1. Зерттеу әдістеріне анализ жасау.

    2.Ж.Пиаже және оның мектебі.

    3.Психиканың даму кезеңдері.

    4.Баланың дүниеге келуі.

    5.Тест тапсырмаларын құрау.

    6.Қимыл ойындары.

    7.Мектептегі алғашқы күндер.

    8.Мұғалім мен алты жасар.



    9.Коллективтегі психологиялақ жағдайларға түсінік.

    10.Мектепке даярлық. Оқушыларға сипаттама.
    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет