ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 65/03. 2012 Редакция №1 02. 09. 09. орнына Редакция №



бет3/5
Дата01.07.2018
өлшемі383 Kb.
#45227
1   2   3   4   5

5 тақырып: Бихевиоралды бағыт
Негізгі мақсаттары:

  1. Әрекет-қылықтық реакциялардағы дефицитті жою.

  2. Бейімделген әрекет-қылықты күшейту.

  3. Адекватты емес әрекет-қылықты жою.

  4. Қобалжушылық реакцияларды жою.

  5. Босаңсуға деген қабілеттілікті жоғарлату.

  6. Өзін-өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.

  7. Өзін-өзін реттей алу қабілетін дамыту.

Психологиялық кеңес беру әрекет-қылыққа баға беруден немесе клиенттің проблемалық жерлеріне анализ жасаудан басталады. Үш типті реакциялар тіркелген:

  1. Өткен шақтағы жағдаяттық стимул (С). Мысалы: «Кеше сағат 15.30 да маған 15 бірге жұмыс жасайтын адамдарға өзімнің жұмысымды көрсету керек еді».

  2. Ауыспалы реакциялар (Р). Мысалы: «Қобалжып тұрып, тез сөйледім».

  3. Нәтижелер немесе нәтиженің ауыспалылығы (П). Мысалы: «Аудитория қызығып отырғандай көрінді. Бастық мені құттықтап, менің әрекетімді қолдады».

Жоғарыда көрсетілген реакциялар бойынша мәлімет жипауды СРП-анализ деп атайды. Кейде бұл көрсеткіштер әрекет-қылық мониторингінің күнделігі ретінде тіркеледі:



Стимул

Реакция

Нәтижелер










Ақпараттарды жинауда «Неге?» деген сұраққа басталатын сұраулы сөйлем тасталып кетеді, тек «Қалай?», «Қашан?», «Қайда?», «Не?» деген сөздерге басталатын сұрақтар қойылады.



Ақпарат мынандай жолмен жиналады:

  • интервью арқылы;

  • медециналық зерттеу арқылы;

  • алдында өткізілген психологиялық бақылаулардың отчеттерінен;

  • сұрақшалардан;

  • өзін-өзі бақылау мен арнайы күнделіктердегі кестелерді толтырулардан;

  • табиғи жағдайдағы тікелей бақылау арқылы;

  • табиғи жағдайдағы жанама бақылау арқылы;

  • моделдеуге келетін жағдайда тікелей бақылау арқылы;

Ақпарат пен мәлімет жинақталған соң, кеңес берудің мақсаты анықталады. Мақсаттарды нақты анықтап алу керек, соның негізінде кеңес беруші мен клиент өзгерістерді жеңіл бағалай алады. Жұмыс көбінесе ең негізгі әрі маңызды проблемадан басталады.

Гипер қозғыш пен гипер тітіркенгіш сияқты рефлекторлы реакциялармен күресу үшін, прогрессшіл бұлшықет релаксациясының әдістемесі қолданылады. Ол Эдмунд Джекобсонның әдістемесі, оны ары қарай дамытқан Джозеф Вольпе. Әдістеменің негізі мынада, клиенттің көңілін тұрақтандыру арқылы оның бұлшықеттегі қысым мен босаңсуды сезе алу қабілеттілігін қалыптастыру. Одан кейін бұлшықеттер тобының босаңсуын реттей алу икемділігі пайда болады. Жаттығуларды 5-7 мин.орындау керек. Осы к

ездерде клиенттің көңілі релаксация сезіміне тұрақтанады.



Қобалжушылық пен қорқынышпен күресу қажеттігі туындағанда, жүйелік дисенсибилизация әдістемесі қолданылады. Бұл әдістемені Дж. Вольпе 1952 ж. ұсынған болатын.

Жүйелік дисенсибилизация әдістемесінің теориялық негіздері:



  • Адамның бейімді емес әрекет-қылығы, невротикалық, интерперсоналды әрекет-қылықтар қобалжушылықпен анықталып, оның деңгейінің төмендеуімен көрінеді.

  • Қиялдап жүріп жасалынатын әрекет-қылықтар.

  • Қорқыныш пен қобалжушылықты тежеуге болады, егер сол қорқыныш пен қобалжушылықты тудыратын стимулдармен қорқынышқа антагонистикалық келетін стимулдарды біріктірсе.

  • Адамның қорқынышқа қарсы келетін стимул ретінде релаксацияны айтуға болады. Сол себепті клиентті релаксация жағдайында қорқыныш пен қобалжушылықты тудыратын стимулдарды қиялда шақырса, десенсибилизация пайда болады. Нәтижесінде клиенттің реалды стимулдар мен жағдайларға деген сезгіштігі төмендейді.

Әдістеменің негізі. Релаксация жағдайындағы адам санасындағы өзінің қорқыныш көріністерін тудыратын жағдайларды елестетеді. Клиент бұл жағдайларды 5-7 сек.елестетеді, одан кейін пайда болған қобалжушылықты релаксацияны күшейту арқылы жояды. Жұмыс көбінесе, қорқынышты аз тудыратын жағдайлардан басталады. Жағдаятты елестету бірнеше рет қайталанады, осы қайталаулардан кейін егер клиентте қобалжушылық көрініс бермесе, келесі одан да қиын жағдаятқа көшеді. Бір сабақтың өзінде 3-4 жағдаяттар талқыланады. Сеанстардың саны 4-5 тен бастап, 12-ге дейін өзгеруі мүмкін. Клиентпен жұмыс жасау қорқынышты тудыратын ең қатты стимул жойлғанда тоқтатылады.

Десенсибилизацияның келесі түрлерін ажыратады:

  1. Десенсибилизация in vivo (реалды өмірде). Десенсибилизацияның осы түрі реалды өмірде бірнеше рет қайталанған жағдайларда қолданылады. Жұмыс жасау деңгейлері:

А) қорқынышты тудыратын жағдайлардың иерархиясы құрастырылады;

Б) реалды жағдайлардағы жаттығулар жүргізіледі: клиенттің қорқыныш сезімін тудыратын жағдаймен психологтың көзінше бетпе-бет кезіктіреді, бұл жерде қорқынышқа қарама-қайшы келетін фактор психолог болып тұр. Яғни, клиент психологтың көзінше өзін қауіпсіз сезінетіндіктен.

2. Контактілі десенсибилизация. Клиенттің қорқынышын тудыратын объектіні ұстап, тиісіп көргізеді. Оъектіні ұстау барысы қауіпсіз жағдайда және де психологтың көмегімен өтіледі. Көбінесе бұл жағдайлар моделдеу кезінде жүзеге асырылады: басқа адам (қорқыныш сезінбейтін) клиентте қорқыныш сезімін тудыратын объектімен әр түрлі әрекеттер жасайды.

3. Эмотивті қиялдау. Балалармен жұмыс жасағанда қолданылады. Бала өзінің сүйікті кейіпкерінің рөлін ойнай отырып, өзінің өмірінде ертеде қорқыныш сезімдерін тудырған жағдайлармен кезігеді. Балалардың жақсы дамыған қиялы олардың басқа эмоционалды әсерлерге көшулеріне мүмкіндік береді.



Тұлғааралық қарым-қатынас икемділігінің керекті мөлшерде дамымаған жағдайда, әрекет-қылықты қайталау (репетиция жасау) әдістемесі қолданылады. Рөлдік ойындар ойнау, соның негізінде клиентті жаңа адекватты реакцияларға итермелеу.

Егер клиентте басқа адамның әрекет-қылығына қобалжушылықпен қарайтын дағдысы болса, ассертивтілік тренингі қолданылады. Дж. Вольпе ассертивтілікті қобалжушылықтан басқа эмоционалды жағдайды көрсете алу қабілеттілігі деп анықтайды.

Кеңес беруші психолог клиенттің заңды эмоциясын көрсете алуда қолдау көрсетеді. Басында ассертативлілік тренингі адамның өзінің құқығын қорғауға бағытталған болатын. Соңғы кездерде басқа адамға деген жағымды эмоцияның көрініс беруіне көңіл бөлінуде (махаббат, көңіл, қамқорлық және тағы басқа).

Кеңес беруші психолог пен клиент әр түрлі жағдайларда қандай әрекет-қылық сай келетіні туралы талқылайды, мұнда клиенттің индивидуалды әрекет-қылығының стилі ескеріледі. Тренинг топтық және индивидуалды түрде де қолданылады. Клиенттің реалды өмірдегі ассертативті әрекет-қылығының нәтижесі анализденеді. Кеңес беруші психолог клиенттің көңілін бұл әрекет-қылықтың нәтижесінің жағымды екеніне назар аударғызады.

Әрекет-қылықты оның нәтижесі арқылы өзгерту қосымша күш (подкрепления) әдістемесімен жүзеге асырылады.

Жағымды және жағымсыз қосымша күш беретін стимулдарды бөліп көрсетеді: жағымды стимул бірдеңені қосып беру, ал жағымсыз стимул сол жағдайдағы бірдеңені жою, алып тастау.

Осындай қосымша күштердің сөнуінің нәтижесінде реакцияның пайда болу мүмкіндігі төмендейді.

Жағымды қосымша күш ретінде қолдау, мақтау, қызығушылық пен бауыр басып алу қолданылады.

Қай стимулдар клиент үшін маңызды болатынын бағалау үшін арнайы сұрақшалар қолданылады (Каутелдің қосымша күштің жоспарының өзгеруі, Макфилл мен Левинсонның жағымды жағдайлар жоспары).

Әрекет-қылықтың өзгеруінің негізгі әдістемесіне жағымды қосымша күшті жатқызуға болады. Көбінесе жағымды қосымша күштің бағдарламасы құрылады. Қосымша күшті жанама жүзеге асыруға болады, символдардың көмегімен, нәтижесінде субъектіге маңызды стимулдарға ауыстырылуы мүмкін. Қосымша күш ретті болуы мүмкін, ол кезде клиенттер моделдерді бақылайды (жағымды қосымша күш, сыйлық алып жатқан адамдарды).

Психолог клиентке қажетті қосымша күш алуға белсенді көмектеседі: адамдарды іздеуге, іс-әрекет түрлерін, жағдаяттарды және тағы басқа.

Жазалау әдістері қолданылуы да мүмкін. Мысал ретінде «Тайм-аут» техникасын алуға болады. Көбінесе бұл әдістеме ашушаң мінезді балаларға қолданылады. Мұндай балаларды қосымша күш ала алатын жағдайлардан алып тастайды. Тайм-ауттың нәтижесі қандай екені туралы хабарда болулары керек. Балалар үшін Тайм-аут 5-тен 20-минутқа дейін, ал өте кішкентайлар үшін 1-ден 5-минутқа дейін созылады.

Қосымша күшті пайдаланудың әдістеріне өзін-өзі бақылау арқылы диаграмма құру болып табылады ( бір күнде шегілген шылым саны және тағы басқа).

Қосымша күш идеясынан пайда болған әдістеме ретінде қоршаған ортаны қадағалауды жатқызуға болады. Клиентті жағымсыз әрекет-қылықты тудыратын барлық объектілерді көз алдынан, ойынан алып тастап, жағымды әрекет-қылықты тудыратын заттарды еске түсіруді, ойлауды, соған қарауды ұсынады. Мысалы салмақ азайтумен айналасып жүрген адамның көз алдынан тамақтан гөрі жаттығулар жасайтын заттардың болуын қамтамасыз ету керек.

Өз мақсатына жету үшін клиентке өз-өзіне қосымша күш беріп отыруды ұсынуға болады. Мысалы, адам бір нәрсені сәтті орындаған кезде өзіне «Сен жарайсың!», «Керемет!», «Ғажайып!» сөздерін айтып отыруды айтамыз. Өзін-өзі жазалау мысалдарына, артық желінген тағамға кеткен ақшаны қайрымдылық қорына жұмсау, жағымсыз әрекеттер жасағанда біреудің ұрсып тұрғанын елестетуді жатқызуға болады.

6 тақырып: Тұлғаның әлеуметтік психологиялық теориялары.
Адамға деген биофизикалық ықпалдан басқа интеллектуалды тенденциялар қалыптасты, психоанализге «әлеуметтік психологиялық көзқарастар» әкелген концепциялардың ішінде негізгілерін айтуға болады (А.Адлер, К.Хорни, Э.Фромм, Г.Салливан) олардың ішінде «жаңа әлеуметтік психологиялық көзқарастың» әкесі Адлер Альфред болып табылады.

А.Адлер (1870-1937) Фрейд пен Юнгтен айырмашылығы сол ол адам мотивациясы әлеуметтік оянулармен шарттанады деді, адамдар әуелден-ақ әлеуметтік болып табылады, өздерін басқа адамдармен арақатыстырады, бірлескен әлеуметтік іс-әрекетке қатысады. А.Адлер әлеуметтік қызығулар адамда туа берілген мәнділік деп санады, осы тұрғыдан ол да Фрейд пен Юнг сияқты кейбір көзқарастары биологиялық болып табылады.

Адлер психологтардың ойына әлеуметтік өзгерткіштер дегенді салып, әлеуметтік психологияның дамуына негіз салды. Адлердің тағы бір екінші маңызды еңбегі ол тұлға теориясына жоғары персоналданған субъективті жүйе «Креативті Мен» деген ұғымды кіргізді. Үшінші айтқан маңызды жағдайы психоанализден айырмашылығы сол ол адамның уникалды сипаты жайлы айтты.

Әрбір адам уникалды қырлар, мотивтер, қызығулар, құндылықтар жүйесі деп қаралды. Адлердің теориясында сексуалдылық минимумға апарылған, адам алдымен әлеуметті жан деп саналды. Тағы бір маңызды айтқан ойы тұлғаның орталығы сана болып табылады, адамдар саналы маңыздылық, мінез-құлық себептерін түсіне алады, адамдарда өзіндік сана болады, әрекетін жоспарлайды, басқарады, психиатр ретінде көп практика жасады.

Адлердің концепциясында тұлғада болатын төмендегі жағдайларды көрсетті: фиктивті финализм, басым болуға ұмтылу, толық қанды емес сезімі мен компенсация, әлеуметтік қызығу, өмір стилі, креативті Мен. Адлер зерттеуде қолданған әдістері: туу реті мен тұлға жайлы, ертедегіні еске түсірулер, балалардың бастан кешкендері бойынша сезімдері.

Эрих Фромм. Фромм еңбектеріндегі негізгі тақырып адамдағы жалғыздық пен адамдардан бөлектену жағдайы болды. Оның көзқарастарының қалыптасуына Маркстің идеялары әсер етті. Адам бір уақытта табиғаттың бір бөлігі, әрі жануар әрі адам, жануар ретінде адам биологиялық қажеттіліктерді игереді, адам ретінде өзіндік санаға, ақылға, қиялға ие.

Адамның бастан кешетін күйлеріне нәзіктік сезімі, қызығулар, махаббат пен бірге әсерлену, жауапкершілік, қатынастар, адалдық, идентификациялану, еркіндік пен трансценденция, құндылықтар мен нормалар жатады. Бес түрлі қажеттіліктерді көрсетті: трансценденцияға қажеттілік, қалыптасуға қажеттілік, идентификациялануға қажеттілік, бағдарланулар жүйесіне қажеттілік, басқаларға қажеттілік.

Трансценденцияға ұмтылу адамның жануарлық табиғаттан көтерілуіне қатысты қажеттіліктерге сәйкес келеді, жасалған емес, жасаушы болуға ұмтылу. Адам өзінің уникалдылығына, индивидуалдылығына ұмтылады. Басқа адаммен, топпен өзін идентификациялауға ұмтылады.

Бағдарлану жүйелері арқылы әлемді таниды. Адам тұлғасы қоғам беретін мүмкіндіктерге сәйкес дамиды. Адамның қоғамға бейімделуі ішкі қажеттіліктер мен сыртқы талаптардың арасындағы компромисс ретінде түсініледі. Фромм әлеуметтік мінездің бес типін көрсетті: рецептивті, эксплуативті, жинақтаушы, нарық, продуктивті. Кейінірек Фром тағы екі типті атады: некрофильді және биофильді. Фромм үшін қоғам мен адамның қатынас мәселесі ең маңызды болды.

Оның ойынша адам табиғаттың туа берілген маңыздылығы, қоғам сол маңызды табиғат жүзеге асу үшін жасалады, осы уақытқа дейін бірде бір қоғам адамның базалық қажеттіліктеріне көңіл бөлген жоқ, ондай қоғамды жасауға болады деген негізгі ойларды бекітті. Ондай қоғамды Фромм гуманистік коммунитарлы социализм деп атады.

Фромм өз теориясын емдеу барысында адамдарды бақылау арқылы, тарих, экономика, социология, философия, әдебиет жайлы адамдардың білімдерін бақылап, эмпирикалық зерттеулер арқылы жасады. Әлеуметтік мінездің үш түрлі типін бөлді: продуктивті жинақтаушы, продуктивті эксплуативті, продуктивті емес рецептивті.

Карен Хорни (1885-1952). Психоаналитик ретінде практикадан өте жүріп ортоксалды психоанализден көңілі калды, «Психоанализдің прогресі үшін ассоцация» деген қоғамды негіздеді. Хорни Фрейдтің психологиялық жүйелерді ары қарай дамытушы болды. Хорни Фрейдтің әйелдер психологиясы жайлы айтқандарына қарсы болды. Проблемаларды иррационалды шешетін қажеттіліктерді невротикалық қажеттіліктер деп атады, оның он түрін көрсетті:

1. махаббат пен қолдауға невротикалық қажеттілік

2. «серік-қамқоршыға» невротикалық қажеттілік

3. өмірді тар шектеуге невротикалық қажеттілік

4. күшке невротикалық қажеттілік

5. басқаларды жұмсауға невротикалық қажеттілік

6. мәнділікке невротикалық қажеттілік

7. таңқалатын объект болуға невротикалық қажеттілік

8. жеке жетістіктерге жетуге невротикалық қажеттілік

9. өзіндік жету мен тәуелсіздікке невротикалық қажеттілік

10.жетілу мен мінсіздікке невротикалық қажеттілік

Хорни кейін қажеттіліктерді үш топқа бөлді: адамдарға қозғалыс көпшіл тип, адамдардан кету қозғалысы оқшаулану типі, адамдарға қарсы қозғалыс конфликт тип. Хорнидің пікірінше конфликт әлеуметтік шарттарды тұғызушы.
7 тақырып: Карл Роджерстің клиентке орталықтанған (центрированный) бағыты.
Бұл бағытты жақтаушылардың ойы бойынша, кез келген адамның тума актуалдануға деген қабілеті бар және ол талпыныстардан көрінеді деп есептейді:


  • қоршаған ортаға бейімделу;

  • өзінің ішкі ұйымдасуының дамуы мен күрделенуіне;

Кез келген адамның тума ерекше патенциалы бар, ол өзін актуализдаған кезде жүзеге асырады.

Адамдар дамудың белгілі бір сатысында қоршаған ортаның көзқарасы мен бағалауымен кездеседі. Қоршаған адамдардың көзқарасы мен бағалауы тұлға үшін өте маңызды. Соның негізінде ішкі өзін-өзі қадағалаудың органы-өзін-өзі бағалау қалыптасады.

Реалды және қоршаған ортаның көзқарасының арасында конфликтінің бар екені анық. Көбінесе, қоршаған ортаның көзқарасы мен бағасы адамды керісінше өзінің тума ерекше потенциалынан, өзін актуалдаудан кері қарай бағыттайды.

Егер адам қоршаған ортаның көзқарасы мен бағасына ерекше көңіл бөліп, өзін актуалдаудан кері қарай жүретін болса, онда адамда невроз пайда болуы мүмкін.



Клиент-орталықтанған бағытының шекарасында жұмыс жасаудың мақсаты. Клиент күнделікті өмірінде қоршаған әлеуметтік ортаның көқарасынан гөрі өзінің тума тенденциясына бейімделуі керек.

К.Роджерс кеңес беруші психолог пен клиент арасындағы диалог жоғарыда келтірілген мақсатқа сай келуі үшін, үш негізгі қажетті жағдайларды көрсетті:

1. Кеңес беруші психолог клиентпен жұмыс жасағанда өз тәжірибесіне көнгруэнтті болуы керек. «Конгрентті» сөзі латынның congruens (congruentis)-сай келетін, өлшемі бірдей дегенді білдіреді. Яғни, кеңес беруші психолог өзінің тәжірибесіне сүйенеді ойлауына, сезінуіне, ол белгілі бір рөлді ойнамайды, оның артына тығылмайды, тек қана шыншыл болады. Тәжірибемен алмасу, тәжірибені талқылау, ішкі тәжірибеге деген қызығушылық – гуманистік салтқа тән құбылыс болып табылады. Кеңес беруші психолог клиентке өз-өзіне, ішкі табиғатына сенуіне үлгі береді.

2. Кеңес беруші психолог клиентке деген жағымды көзқараста болады. Яғни кеңес беруші психолог клиентке құндылықтың шарттарын көрсетпеуі керек. Мысалы: « Мен сені бұдан қатты жақсы көрер немесе сыйлар едім, егерде сен .... ». Клиент егер жағымсыз әрекет жасаған болса, онда ол өзінің тума табиғатынан ауытқуды дегенгеі, яғни бұл әрекетті клиент жасамағанына сенімді болады.



3. Кеңес беруші психолог клиентті эмпатикалық түрде қабылдайды. К.Роджерс эмпатикалық қабылдау деп, адамның ішкі жан дүниесін барлық эмоционалды және мағыналық сипаттарымен қабылдай алуын айтады. Эмпатикалық қарым-қатынастың төменгі деңгейінде, кеңес беруші психолог ақпараттың белгілі бір бөлігінің түсінікті екенін көрсетуге қабілетті. Эмпатикалық қарым-қатынастың жоғары деңгейінде кеңес беруші психолог клиенттің ішкі жан дүниесін түсініп қана қоймай, оны толықтырады, яғни оған проблемаға басқа жағынан қарауға мүмкіндік беретін жаңа ақпарат береді.

Клиент-орталықтанған бағытында жиі қолданылатын амалдар:

  1. Вербалдылық. Кеңес беруші психолог клиенттің айтатын сөз тіркестерін, сөздерін жиі қайталайды. Бұны, клиенттің өзі өзіне, сөзіне мән беріп, тыңдап, көңіл аудара бастауы үшін керек.

  2. Кеңес беруші психологтың сөйлемей тыңдауы, соның негізінде клиент қабылдауды түсінеді. Егер кеңес беруші психолог клиентті қабылдайтын болса, онда оның өз-өзін қабылдауға деген мүмкіндігі көп болады. Клиентті қабылдай алмаған кеңес беруші, өз-өзін де қабылдай алмайды деген сөз. Мұндай кеңес беруші өз-өзіне деген құндылықтың көптеген шарттарын қояды. Соның негізінде фрустрацияға ұшырайды.

  3. Эмоцияға акцентуация жасау. Әңгімелесу барысында клиенттің көңілі оның және қоршаған ортаның эмоциясына ауып кете береді. Бұны клиенттің эмоцияға деген көңілі арқылы оның ішкі, терең өзін актуалдаумен байланысты қажеттілікке бағыттау үшін керек. Көбінесе, эмоциялар санаға мінез және шығарылып тасталған қажеттілік туралы хабар береді.

Адамдарға біріншіден өзін одан кейін қоршаған ортаны қабылдай алуы үшін, клиент-орталықтанған бағытының шекарасында мынандай жатттығу ұйымдастырылды. Таблицаны толтыру ұсынылады.
Клиент-орталықтанған бағытындағы тұлғаның конгруенттылығын анықтауға арналған әдістеменің бланкісі.



Жеке тұлғалық қасиеттер.

Реалды Мен.

Өзіңізге тән мінездемені белгілеңіз, басқа біреудің ойына қарамастан.

Әлеуметтік Мен.

Сізді танитын адамдар сізге қандай қасиеттердің тән екенін көрсетер еді.

Идеалды Мен.

Сізді жақсы жағынан көрсететін қасиеттерді белгілеңіз, бірақ индивидуалдылығыңызды жоғалтпайтындай болуыңыз керек.

1

2

3

4

Шыныққан(бодрый)










Табанды










Шулы










Жауапты










Армандағыш










Шыныш емес










Талап қойғыш










Чванливый










Шыншыл










Адал










Қозғыш










Кемелденген емес










Өжет










Тазалықты сүйгіш










өзін аяғыш










Сабырлы










Индивидуалдылықты ұнатады










Тұйық










Мейірімді










Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет